КӨКТЕМНІҢ ҚАРБАЛАС ШАҒЫ

Ауданның ауылшаруашылығы құрылымдары мамыр айының ортасынан бастап тұқым себу жұмыстарына жаппай кірісті. Егіншілердің алдарында тұрған басты міндет -  ауа райының әр қолайлы сәтін тиімді пайдаланып, технологиялық үдерістерді қадағалап, жауапты науқанды дер кезінде аяқтау. Ылғал жабу аяқталған соң аудан шаруашылықтары егіс алқаптарына техника шығарды.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Дулатовтың  айтуынша, бүгінге дейін 117300 мың гектар алқапқа ылғал жабылды, бұл тапсырманың 125,7 пайызын құрайды. Сонымен қатар 65097 гектарға тұқым себу алдындағы өңдеу жұмыстары жүргізілген.

 «Көшбасшылар қатарында «Родина Агрофирмасы»,  «Ақтық Агрофирмасы», серіктестіктері, «Есенжол-Н», «Ендала»,  «Мәншүк -АЭ», «Ақ дән», «Ақмола-Феникс», «Ром -Агро» шаруашылықтары келеді. Жеткілікті мөлшердегі тұқымдық астық, жанар-жағар май, арнайы техникалар жұмыс ырғағын төмендетпей, тұқым себуді белгіленген мерзімде аяқтауға мүмкіндік береді».  Бұл Нұрлан Серікқазыұлының пікірі.

Ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметіне қарағанда, «Родинаның» егістік алқабында - 20, «Ақтық» шаруашылығында -12, «Ендалада» - 7, «Ақмола-Фениксте - 4, «АКА»ЖШС-де - 4 егін себу кешені іске қатыстырылған. Тәжірибеден байқағандай, тек осындай заманауи техникаларды қолданғанда ғана жоғары жетістіктерге қол жеткізуге болады.

Көкөніс өсірушілер арасында  Қосшыдағы  «Green Star» компаниясы картоп егуді аяқтады.

22-мамырдағы мәліметке жүгінсек, аудан бойынша бидай алқабының көлемі - 61811, арпа алқабы - 11446, сұлы алқабы - 7996 гектарға ұлғайған. 4849 гектар жер майлы дақылдардың үлесінде, ал тұқым қоспасы - 1540 гектарды алып жатыр. Сондай-ақ 1004 гектарға көпжылдық шөп, 2622 гектар жерге біржылдық шөптің тұқымы егілген.

Новости в Вашем регионе