Абылай хан алаңы (Бурабай ауданы)

Хан билігінің жарты ғасырлық кезеңі, тек тарихнамада және мұрағаттық көздерде ғана емес, халыққа «Абылайдың алтын ғасыры» ретінде белгілі болды. Өткен ғасырдың Қаңтарбаевтың картасы бойынша жергілікті өлкетанушылардың айтуынша, Көкше-Бурабай маңында Абылайдың атымен байланыс-ты екі алаң болды: «Үлкен және кіші алаң».

 

 Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, үш жүздің басын біріктірген алаңда Абылай ханның орны болған.  Абылай хан стеласынан жоғары қарай, 120 метр жерде  Көкше тауының бөктерінде қазақтарға киелі жер бар, бұл Абылай ханның жалғыз гранит тасынан жасалған тағы орналасқан. Қазірдің өзінде «Хан тағы» деп аталатын орын, тарихи оқиғаның куәгері болып келеді. Хан тағынан алаң толықтай көрініп, алаңдағы барлық дауыс анық естіледі.  Тарихи шешімдерді қабылдау үшін, неліктен Ұлы ханның осы жерді таңдағаны барлығымызға мәлім бола бастады. Солардың бірі - Көкшетау тауы маңындағы «Абылай ханның алаңы» деп аталатын тарихи жер. Осы жерде, жүз жыл бұрын таудың етегіне киіз үйін қойып, табиғатына тамсана отыра   Сәкен Сейфуллин  өзінің болашақ үздік туындысы “Көкшетау” поэмасын жазды.  “Кербез Көкше” табиғат сұлулығын жырлай отыра, халық аңыздарын жинау негізінде, қазақ поэзиясының классиктерінің жинағы, өзіннің поэмасында Абылай хан- бас-ты кейіпкері болған тарихи поэмасын жазды.   Көкшетау  төңірегінде  Абылай хан дәуірінен осы күнге дейін осындай  топонимдер мен гидронимдер сақталды: “Ханның қызыл ағашы”, “Ханкөл”, “Төре Қызыл ағашы”, “Қымызнай”, “Оразбұлағы”, “Аталықтың ауылы”, “Қара қыстақ”, “Жұмақай қыстау”, “Текекөл”, “Жайнақкөл” және т.б.
ХVІІІ ғасырдағы қазақ тарихындағы ұлы тұлғаға арналған «Абылай хан Ордасы» сәулет-тарихи кешені экспозициялық залымен - мыңдаған адамдар үшін, соның ішінде алыс және жақын шет елдердің туристерінің қажылық орны болып саналады. 

Деректеме: 
Өлкетанушы Жақыпов М. 
 

Новости в Вашем регионе