«Milk Land KZ» - сүт өнімдерінің жоғары сапасы!

18 қыркүйек күні Ақкөл қаласында «Milk Land KZ» өндірістік кооперативінің салтанатты ашылуы Астана қаласынан келген кооператив құрылтайшысы мен Польшадан келген бизнесмендер делегациясының қатысуымен   болып өтті. 


«Milk Land kz» өндірістік кооперативі 2017 жылы 26 сәуірде құрылып, «Юбилейный» Агроиндустриалды паркі» ЖШС-нің компания тобының құрамына  кірді. Кооперативті құрудың негізгі мақсаты - жеке шаруашылықтарды біріктіріп, халықты сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз ету.    
Өндіріс кооперативі құрылтайшыларының жоспарлары кең ауқымды: сүт өнімдерінің ассортиментін көбейтіп, зауыт қуатын арттыру. Дәл осындай мақсатты алға қоя отырып, ағымдағы жылдың сәуір айында кооператив өкілдері жұмыс сапарымен Польша елінде болып қайтты. Онда олар Европадағы ірі  сүт өнімдерін  өндіретін MLEKOVITA компаниясымен байланыс орнатты. 
Ақкөл ауданы әкімі Т.Едігеновтің атынан құттықтау тілегін айтқан аудан әкімінің орынбасары В.Елисеев  өз сөзінде  «Экомилк» зауытына  екінші тыныс сыйлаған   кооперативтің ашылуы біздің аудан үшін өте маңызды оқиға екенін атап өтті. 
Жаңа нысанның ұжымына табыс тілей отыра, әкімнің орынбасары  зауыт өнімдерінің Қазақстан нарығында лайықты орын табатынына сенімділік білдірді. Зауыттың өндіріс цехтары мен жұмыс бөлмелеріне экскурсия  осы оқиғаның жақсы жалғасы болып,  қонақтар сүт өнімдерін өңдеу және  шығару барысымен танысты.            
Өз тілшіміз.

Новости в Вашем регионе