Ақкөлдің жаңа тынысы

Ақкөл ауданы әкімінің  көлдегі тіршілікті сақтап қалу мақсатындағы игі дәстүрі жалғасуда.
Аудандағы экологиялық жағдайды жақсарту мәселесі - өңір басшысы мен халық арасында жақсы жаңалықтың жаршысына айналып отыр.

2018 жылы 4 мамыр күні Ақкөл ауданының әкімі Едігенов Теміржан  Ақкөл қаласының аумағындағы қала аттас көлге  балықтарды  қоныстандыру шарасына қатысты.  2013 жылы Теміржан Қанатұлы осындай игі шараға мұрындық бола отырып, алтыншы жыл қатарынан өзі басы - қасында жүр. Биылғы жылы басқа көлдің балықтарын жаңа қонысқа қоныстандыру шарасы 2018 жылы 1-ші мамырда бастау алған «Таза су айдындары» атты табиғатты қорғау жөніндегі республикалық науқанмен тұстас келді.  
Балықтардың аборигендік  түрлерін  басқа су айдындарынан  әкеліп жіберу  көлдегі тіршілік иелерін сақтап, жаңғырту үшін қажет. Осы экологиялық проблема он бес жылдан астам бұрын пайда болды. Оның себептері – Ақкөл көліндегі судың ластануы мен су деңгейінің төмендеуіне байланысты.
Биылғы жылы Қанжығалы және басқа көлдерден  алғашында 150 келі қызыл қанатты мөңке балығы жіберілді. Басқа су көздерінен балықтарды ауыстырып әкеліп, оларды Ақкөлдің балықтарымен шағылыстырса - бұл шара көлдің ихтиофауынасын жаңғыртуға мүмкіндік береді.  Көлге  жыл сайын осы экологиялық  науқан аясында  бір тоннаға жуық балық жіберіледі.  Аудан басшысы Ақкөл  су айдынын сақтап қалу жұмыстарының әлі де жалғасатынын, болашақта, көлді тазалау жұмыстарының келесі кезеңінде,  балықтардың басқа түрлерінің, соның ішінде бұзаубас, ақ амур, тұқы, сазан және басқалары  көптеп жіберілетінін жоспарланғанын  атап өтті. 
  «Ақкөл –ақпарат»
 

Новости в Вашем регионе