Жаңа жүйенің маңыздылығы неде?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – халықтың денсаулығын қорғайтын мемлекеттік жүйе. Бұл жүйе Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – халықтың денсаулығын қорғайтын мемлекеттік жүйе. Бұл жүйе Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді.
Дүйсенбі күні «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Жамбыл облыстық филиалының «Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау» бөлімінің басшысы Тұрғын Жігітеков пен бөлімнің сарапшысы Дәурен Бурханов, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының маманы Айдос Атамқұлов ауданымызға арнайы келді. Олар алдымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшыларымен кездесті. Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова жүргізіп отырды.
Кездесуде сөз алған Тұрғын Рахметханұлы: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы жиналған қаражат азаматтардың тегін медициналық көмек алуы үшін жұмсалады. Яғни, бұрын мемлекет есебінен жүзеге асырылған тегін медициналық қызмет түрлері аталған сақтандыру жүйесі арқылы орындалмақ. Зейнеткерлерге, еңбек жасына толмаған азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет тегін көрсетіледі. Бұл – еліміздегі міндетті медициналық сақтандырудың ерекшелігі мен артықшылығы. Ол кез келген тұрғынды медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді. Оның басты маңыздылығы да сонда. Медициналық сақтандыру ең алдымен адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар, сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған аурухана мен емханадағы дәрігеріне барып емделуге мүм­кін­дік алады. Әлеуметтік медици­налық сақтандыру қорында ақша­сы бар азаматтардың емдеу ақы­сы дәрігерлерге сол қордан төле­неді. Осы орайда көбірек пай­да табуға тырысқан медицина қызмет­керлерінің емделушілерге барынша сапалы қызмет көрсету көрсеткіші жоғарылайды. Өйткені емделушілер қай дәрігерге бара­тынын өздері шешеді», – деді. Сонымен қатар Дәурен Сәрсенбайұлы міндетті әлеуметтік сақтан­дыру жүйесі жайлы және 2019 жылға енгізілген басты өзге­рістер жайында айтса, Айдос Мұқашұлы МӘМС жүйесінің жергі­лікті тұрғындарға тиімділігін түсіндірді. 
Кездесу соңында Үміткен Қапанқызы жоғарыда айтылған жүйе жұмысын жандандыру керектігін жеткізді. Көпшілік көкейдегі сауалын қойып, тұщымды жауап алды.
Одан соң Тұрғын Жігітеков «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауда асалық Ақдана Құрымбаева жалдамалы жұмыста істейтін жолдасының жарнаны қайда, қалай төлейтінін сұраса, Камила Сүлейменова жарна төлеуші азамат мезгілсіз қайтыс болған жағдайда не болатынын сұрап білді. Тұрғындар сауалына заң шеңберінде жауап берген басшы жаңа жүйе туралы тарқата түсіндірді. Сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар да міндетті түрде жарна төлейтінін жеткізді.
Қабылдауға аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрлан Кезембаев қатысып отырды.
Бұдан кейін Тұрғын Рахметханұлы мен Дәурен Сәрсенбайұлы және Айдос Мұқашұлы аудандық халықты жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарында аудан тұрғындарымен жүздесті. Содан кейін аудандық орталық емханаға бас сұғып, мекеме қызметкерлерімен жиналыс өткізді. Ақ халатты абзал жандармен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру турасында әңгімелесіп, денсаулық сақтау саласындағы жаңа жүйенің маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары