ТУБЕРКУЛЕЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Туберкулез – ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру. Туберкулез ауруының қоздырғышы – туберкулез таяқшалары. Туберкулез ауруы адамнан адамға ауа арқылы таралып жұғатын болғандықтан, туберкулезбен тыныс жолдары (кеңірдек, кеңірдекше) немесе өкпесі зақымданған науқастар жоғары қауіп тудырады. Туберкулез ауруының бұл түрлеріне шалдыққан науқастар сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырық тастағанда қоршаған ортаны тірі бактериялармен ластайды. Ауаны ластаған тірі туберкулез микробактериялары сау адамның ағзасына өту үшін осы ауамен аздап тыныс алудың өзі де жеткілікті. Яғни, туберкулез таяқшалары барлық адамдар үшін қауіпті, өйткені біз тыныс алатын ауа бәрімізге ортақ.

Жер шары тұрғындарының үштен бірінде латентті туберкулез, яғни туберкулез ауруының жасырын түрі бар. Бұл адамдарға туберкулез микробактериялары жұққан, бірақ олар бұл аурумен әлі ауырған жоқ және де ауруда басқа адамдарға жұқтырмайды дегенді білдіреді. Яғни, бұл адамдар туберкулез ауруына шалдыққан науқас бірнеше сағат бойы болған жердің туберкулез таяқшаларымен ластанған ауасымен тынысталған. Туберкулез таяқшалары жұққан адамдардың тек қана 10% туберкулез ауруына шалдығуы мүмкін екендігі дәлелденген. Туберкулез таяқшалары жұққан адамдардың қорғаныс жүйесі әлсіз болса, олардың туберкулез ауруына шалдығу қаупі жоғарылайды. Жанасқан АИТВ және ТБ жұқпалары болған жағдайда ТБ ауруына шалдығу қаупі 21-34 есе артады.
Иммундық қорғанысты әлсірететін басқа да ауруларға шалдыққан адамдарда туберкулезбен ауру қаупі жоғары болады. Мысалы, қант диабеті мен тамақтанудың басқада бұзылыстары туберкулезбен ауру қаупін кез келген жаста арттырады. Темекі тарту туберкулезбен ауру және оның салдарынан қайтыс болу қаупін едәуір арттырады.ТБ ауруына шалдығудың 20% астам жағдайы темекі тартумен байланысты екені белгілі. Туберкулез таяқшаларының жұғуынан, яғни тыныс алу жолдары арқылы туберкулез ауруының қоздырғышының ағзаға түсуінен сақтану керек (бөлмені жүйелі түрде желдетіп отыру, жөтеліп жүрген адамдардың бетперде тағуы, туберкулездің ашық түріне шалдыққан адамдармен қарым-қатынаста болмау). Есірткі заттарды, арақ-шарап пен темекіні қолданбау. Тамақтану тәртібі мен жиілігін сақтау. Зиянды және улы қоспаларды қолданбау. Стресстерге қарсы тұра білу.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары