САУ БАЛА ТЕК ҚАНА САУ ӘЙЕЛДЕН ТУАДЫ

Жүктілікті жоспарлау – бұл болашақ аналыққа дайындалудың ең маңызды кезеңі. Сондықтан оған шыңдап қатынасу керек. Егер сіз өз серіктесіңізбен ата-ана болуға шешім қабылдасаңыз, онда сіздің өміріңіздегі ең жауапты кезеңге мұқият дайындалуыңыз керек. Сол дайындық екі бағытта жүргізіледі. Біріншіден, болашақ  жүктіліктің жоспарлауына ағзаның дайындалуы маңызды, екіншіден, аналыққа психологиялық дайындық керек.

Жүктілік жоспарлауын бала біту жоспарлауынан жарты жыл бұрын дайындалу керек. Сол уақытта керекті анализдерді, маңызды тексерулерді өту қажет, сонымен қатар сіздің өміріңіздің тәртібін қайта құрған дұрыс. Алғашқысында әйелдер консультациясына немесе отбасын жоспарлау бойынша мамандарға жолығуыңыз тиіс, сонда сізге керекті тексерулерді тағайындайды. Осы тексерулерге, біріншіден генетикалық үйлесімділікке (ата-ана тапсырады) қан тапсыруы жатады, АИД қан тапсыруы, гепатитке және басқа да ауруларға тапсыру керек. Сонымен қатар, жыныстық жұқпалы ауруларға керекті тексерулер – хламидиоз, уреплазмоз, стрептококк, трихомониаз, гонорея және т.б. ауруларға тапсыру қажет. Егер қандай болса ауру анықталса, содан керекті ем алу қажет, негізінен әр жұқпалы ауру іштегі нәрестеге қауіпті. Сондай-ақ, қызамық, герпес,токсоплазмоз сияқты жұқпалы ауруларға антиденелер анықталады. Керек кезінде екпе (қызамықтан) немесе аурудан емделуі қажет. Міндетті түрде сізге терапевт, тіс дәрігері, көз дәрігерінен және басқа мамандардан консультациядан өту керек. Ішперде қуысы және кіші жамбас УДЗ (УЗИ) өткен абзал.
Керекті медициналық тексерулер және анализдерден басқа, болашақ ананың жалпы ағза жағдайына қамқорлық аса керекті. Ол үшін өмір жайын өзгертіңіз. Ашық ауада болып, ұзақ демалуға тырысыңыз. Компьютер алдында отыруды қысқартыңыз, көп қимылдаңыз. Жүктілік басталуына дейін белсенді спорт түрлерінен бас тартуыңыз қажет емес. Күн тәртібін міндетті түрде сақтаңыз. Ұйқы міндетті түрде 8 сағаттан аз емес болу керек. Дұрыс тамақтану қажет. Жүкті әйелдерге және емізетін аналарға витамин комплекстерін қабылдау қажет. Сол комплекстерде керекті витаминдер және минералдар алынған. Оның құрамындағы йод және фолий қышқылына айрықша көңіл бөлінген. Барлық зиянды әдеттерден бас тартыңыз, біріншіден – шылым шегуден және алкоголь қабылдаудан.
Қорыта келгенде, психологиялық дайындығы туралы әлденеше сөз айта кетуге болады. Екі жұбай да білу қажет, жүктілік уақыты кемтарлық және психологиялық жағынан өте қиын. Әйелдерде осы уақытта әртүрлі қорқыныш, күйгелек көріністер болуы мүмкін. Еркек осындай жағдайға дайын болу керек, әйелдің кежірлігін дұрыс қабылдап, үйде өзін барынша сабырлы ұстауға тырысу қажет. Әйел өзі осы жағдайды уақытша құбылыс деп қарауы тиіс және өзінің сондай мінез-құлқына кінәлі емес.
Есте сақтаңыз, дұрыс жүктіліктің  жоспарлануы сізге сау баланы тууға көмектеседі. Өкінішке орай көптеген әйелдер осы туралы ойланбайды, нәтижесінде шала туған, ауру балалар, мүгедек балалар және балалар өліміне әкеп соғады. Сау бала тек қана сау әйелден туады, сондықтан болашақ туралы ойланған абзал.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары