Денсаулық

Ауруды болдырмаудың жолдары түсіндірілді

Қызылша ауруының эпидемиялық маусым кезеңінде таралуын болдырмау мен азайту мақсатында  «Профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эмидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау, орталық емхана, аурухана және білім бөліміне қарасты медицина қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өтті. 

23 февраля 2019, 11:42
Жазады емдеп науқасты

(Ақ халатты абзал жандар)

Талабы күшті, жүрегі жұмсақ,

Білімі күшті, орнымен жұмсап,

Жазады емдеп науқасты...

20 февраля 2019, 11:56
ҚЫЗЫЛША АУРУЫНАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Қызылша – ауа арқылы тарайтын жұқпалы ауру. Жасырын уақыты 7-14 күнге дейін созылады. Қызылша ауруының вирусы қоршаған ортада төзімсіз, бірақ ауа арқылы жылдам және алысқа тарайды. Жұқпалы болатын уақыты: жасырын уақытынан бастап денеге қызылша бөртпелері шыққаннан кейін алғашқы 4 күн жұқпалы болады. Бұл аурумен қызылшаға қарсы вакцинасы егілмеген адам ауырады.

15 февраля 2019, 12:24
САУ БАЛА ТЕК ҚАНА САУ ӘЙЕЛДЕН ТУАДЫ

Жүктілікті жоспарлау – бұл болашақ аналыққа дайындалудың ең маңызды кезеңі. Сондықтан оған шыңдап қатынасу керек. Егер сіз өз серіктесіңізбен ата-ана болуға шешім қабылдасаңыз, онда сіздің өміріңіздегі ең жауапты кезеңге мұқият дайындалуыңыз керек. Сол дайындық екі бағытта жүргізіледі. Біріншіден, болашақ  жүктіліктің жоспарлауына ағзаның дайындалуы маңызды, екіншіден, аналыққа психологиялық дайындық керек.

15 февраля 2019, 12:12
ҚЫЗЫЛША

 Қызылша – бұл өте кең түрде таралған инфекциялық ауру. Көбінесе балаларда кездеседі. Оның белгілері: дене қызуының көтерілуі, мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады. Қызылша – қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады. Бұл 100% жұқпалы ауру, яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе...

15 февраля 2019, 12:03
Медициналық көмек түрлері талқыланды

Бейсенбі күні аудандық орталық емханада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық көмек түрлері бойынша жиын өтті.

9 февраля 2019, 09:53
АУРУ БАЛАЛАРҒА ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕК

«Дамуға мүмкіндік бер!» Атырауға алғаш рет Италяндық профессор Луиджи Сангали келді. Ол дауна синдромына шалдыққан балалардың ата-анасына кеңес берді. «Мен бармын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан қабылдау 3 күнге созылды. Қоғамдық қордағы  60 ерекше баланың әр қайсысын профессор  қамқоршысымен 1 сағат қабылдады. Ата-анасына  бүлдіршіннің дамуына, олармен кезең-кезеңмен жұмыс жасауға көмектесетін әдіс-тәсілдерді үйретіп, тапсырма берді.  «Бала  дауна синдромымен дүниеге келсе, көп жағдайда ата-аналар күйзеліске түседі. Салдарынан баладан бас тартатын жағдай қоғамда жиі кездеседі, -  дейді осы салада 27 жыл еңбектеніп жүрген профессор. Ал, «Мен бармын» қорын осы дертке шалдыққан ерекше балалардың аналары құрған. Енді олар Италяндық профессормен  әлеуметтік желі арқылы байланысып, тапсырмаларды сол жерден алады.

8 февраля 2019, 10:22
Жастар қан тапсырды

Бейсенбі күні аудан әкімінің аппараты аудандық орталық ауруханада «Жастар жылы» аясында «Сенің күнің, Донор!» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Мақсат – лейкемия мен қан тапшылығына шалдыққан балаларға қолдау білдіру әрі жәрдемдесу. Мақсат орындалды. Игі іске аудан жастары белсене қатысты.

2 февраля 2019, 09:16
Уақытты ұтымды үйлестірген азамат

Болат Жолтайұлы! Сіз біраз уақыттан бері Қызылорда облысының тұрғындарына тиімді уақыт белдеуі берілу керек,- деп, жарғақ құлағыңыз жастыққа тимей жүргеніңізді біреу біліп, біреу білмеді. Сол  жөнінде не айтар едіңіз?   - 

20 января 2019, 22:21
Өмір жолы ұлағатқа толы дәрігер - ғалым

Сүлейменов Бекболат Қинаятұлы 1962 жылдың 17 шілдесінде бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, “Комсомол” совхозының Бәйгетас жайлауында қарапайым малшының отбасында дүниеге келген. Әкесі Исамолдаұлы Қинаят пен анасы Қалидоллақызы Ажархан екеуі жастайынан аудан көлеміндегі озат бақташылар қатарында бола жүріп, он үш нәресте дүниеге әкеліп, оларға дұрыс тәрбие көрсете білген абыз адамдар болыпты. Әке кәсібін мирас еткен Мараттан басқасының барлығын оқытып, жоғары білім алуына жағдай туғызған екен. Жас кезінде ұстаздық еткен әкесі Қинаят әр баланың ыңғайын жақсы біліп, соған байланысты жазғы демалыстарда қажетті пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізіп, балаларының білімін арттыра біліпті. Соның арқасында осы әулеттің өзінен ғана жеті бала бірдей медицина саласын таңдап, бүгінгі таңда халыққа дәрігер ретінде адал қызмет атқаруда. Сол балаларының екеуі медицина ғылымдарының кандидаты және докторы атақтарын жемісті қорғап, кейінгі жастарға ұлағат көрсетуде.

19 января 2019, 15:28