Денсаулық

Уақытты ұтымды үйлестірген азамат

Болат Жолтайұлы! Сіз біраз уақыттан бері Қызылорда облысының тұрғындарына тиімді уақыт белдеуі берілу керек,- деп, жарғақ құлағыңыз жастыққа тимей жүргеніңізді біреу біліп, біреу білмеді. Сол  жөнінде не айтар едіңіз?   - 

20 января, 22:21
ЖҰҚПАЛЫ АУРУДАН САҚТАНЫҢЫЗ

Облыста қызылша дерті өршіді. Жұқпалы ауру  қаңтардың  1-нен бастап тіркелген, қазір бұл диагноз 41 адамға қойылып отыр. Оның 35-і 14 жасқа дейінгі балалар. Медицина мамандары бұл дерттің сырттан келгендігін айтады, ал оның өршуіне халықтың екпеден бас тартуы себеп болып отыр.

19 января, 14:20
КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЯ МЕРЕКЕСІ – ТЖ!

2019 жылдың 19 қаңтарында болатын Крещение Господня православ мерекесіне байланысты Есіл өзені мен Үлкен Тораңғұл көліне бірден көп адам шығады (Явленка а. Есіл өзенінде – 150 адамға дейін, Корнеевка а. Ү.Тораңғұл көлінде – 100 адамға дейін). 

17 января, 16:04
ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУДІҢ СЫРЫ НЕДЕ?

Құрметті «Ғұмыр – Дария» газетінің тұрақты оқырмандары! Мен – осы ардагерлерге арналған төл басылымды асыға күтіп отыратын оқырмандардың бірімін. Оқуға, тың жаңалықтар мен қызықты әрі пайдалы мәліметтерді біліп отыруға құмартқандықтан, үнемі ізденіс үстінде жүремін. Әсіресе, денсаулықтың күтіміне қатысты деректерді үзбей оқып отырамын. Порфирий Ивановтың 12 қағидасы бойынша денеме суық су құюды және Талас өзеніне түсуді дағдыға айналдырдым. Осы уақытқа дейін дәрі қабылдап, укол салдырып көрген емеспін. Суық суға түсуді өзгелерге де үйретіп жүрмін. Ащы судан, шылымнан бойымды аулақ ұстауға тырысамын. Сонымен қатар ұзақ өмір сүрудің қыр-сырын зерттей жүріп көзім шалып қалған тағы бір деректерде ең ұзақ жасайтын ел жапон халқы делінген. Ол, тіпті, ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Шындығында күншығыс елінің тұрғындары қазіргі таңда ұзақ жасаушы мемлекет тұрғындары тізімінің көшбасында тұр. Мұның себебі неде? Бұл өзі тұқымқуалаушылық па?  Ұзақ жасау жапондықтар үшін қалыпты өмір сүру нормасына айналып барады. Қазіргі таңда жапондықтардың орташа өмір сүру көрсеткіші  84 жасты құрап отыр. Басқа елдермен салыстырып көрейік: АҚШ-та орташа жас -79,3, Ресейде -70,5 жас шамасында. Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жетті. Десек те, ұзақ жасаудың сыры неде? Оның құпиясы қандай? Жапондықтар неге ұзақ өмір сүреді? Енді оның сырына үңіліп көрелік.

11 января, 16:58
ТАЗА АУА - ТІРШІЛІК КЕПІЛІ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау және экологиялық көрсеткіштерді жыл сайын жақсарту - Еуразиялық топқа кіретін "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" акционерлік қоғамы қызметінің басым бағытыттарының бірі болып табылады.

11 января, 11:40
ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Бүгінде әрқашан көмек қолын созуға дайын тұратын жанашыр жандар баршылық. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық жасау, мейірімділік таныту - әр адамның міндеті.

11 января, 11:25
Тұрғындарға медициналық көмек көрсетілді

Облысымыздың түкпір-түкпірінде алыс ауылдар толып жатыр. Сол облыс, аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындары кейбір медицина көмегіне мұқтаж. Себебі сырқаттанып қалған жағдайда қалаға, облысқа жиі келіп тұруға мүмкіндіктері аз. Әсіресе, мұндайда ауруы асқынған науқастарға қиын. Әрине, ауылдағы дәрігерлер алғашқы көмектерін көрсетеді ғой. Дегенмен, заманауи техникамен жабдықталған бүгінгі медицинаның мүмкіншілігі зор екені бәрімізге белгілі.

29 декабря 2018, 11:58
«ЙАҚЫН ИНКАР» ҰЙЫМЫН ЭКСТРЕМИСТІК ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ

Бас прокуратура Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының негізінде құрылған «Йақын Инкар» ұйымының еліміздегі заңсыз қызметін анықтады.

Көрсетілген ұйымның шынайы мақсаты – жекелеген мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан аумағында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, егемендікті бұзуды болжайтын «халифат» құру.Аталған ұйымның ұстанушылары қақтығысқа алып келу мүмкіндігін біле тұра өзге діндерді жоққа шығаруда, бұл әрекеттер діни экстремизм ұғымының белгілеріне сай келеді.

26 декабря 2018, 16:37
Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін жарна аударады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру  қорына  жыл жарым ішінде Батыс Қазақстан облысынан 3,9 млрд. теңге түсті.

24 декабря 2018, 22:13
Ветеринариялық ақылы қызмет көрсету

Құрметті аудан тұрғындары. Сарысу ауданы әкімдігінің «Ветеринарлық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шараларды жоспарға сай жүргізеді.

12 декабря 2018, 11:54