МСҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 464 млрд теңге төледі

«2019 жылдың 12 маусымындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға Республика бойынша 464 млрд теңге төленді. Ал, Атырау облысы бойынша 13 млрд. 866 млн. теңге төленіп отыр», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Ғазизов.

2019 жылы Медициналық Сақтандыру Қоры кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 860 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Атырау облысы бойынша медицина ұйымдарымен 25 млрд теңге көлеміне келісім шарттар бектілді.

Биылғы жылы Атырау облысы бойынша мемлекеттік тапсырысты 63 медицина ұйымы орындайды. Оның ішінде 29 жеке меншік клиника да бар.  

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық Сақтандыру Қоры 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары