Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 176 млрд теңгеден асты

Мамыр айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 9,5 млрд теңгеден асты.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта Қорға 176,7 млрд теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі.

Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 95% немесе 167,9 млрд теңгесін жұмыс берушілер, қалған 5% жуығы немесе 8,8 млрд теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта  жинақталған Атырау облысы бойынша жарнаның жалпы сомасы 11 млрд 254 млн теңгені құрап отыр.

Оның 10 млрд 954 млн теңгесі (шамамен 96,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 299 млн. теңгеден астамы (3,6% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары