Медициналық сақтандыру қоры: жарна аударуда елордалықтар алдыңғы қатарда

 Медициналық сақтандыру жүйесі – медициналық қызмет сапасы мен оның қолжетімділігінің кепілі.

 Медициналық сақтандыру қорына жарна аударуда елордалық жұмыс берушілер белсенділік танытып келеді.

 2019 жылдың 1-30 мамырында Нұрсұлтан қаласы бойынша түскен сақтандыру жарнасының көлемі 1,1 млрд теңгеден асты.

 Аударымдар жүйе іске қосылған аралықта жарна төлеуге міндеттелген жұмыс берушілерге,  сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Атап айтқанда, аударымдардың ауқымды бөлігі жұмыс берушілерге тиесілі -  1,096 млрд теңге (99,63%), ал 4 млн теңгеге жуығын (0,36%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар аударған.

 Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Нұр-Сұлтан қаласы (12,5%) медициналық сақтандыру жарналары - аударымдары бойынша Алматы қаласынан (20,9%) кейін екінші орында, үшінші орында - Қарағанды  облысы (8,2%). 

 

 Жалпы республика бойынша 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта Қорға 176,7 млрд теңге, ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  22 млрд теңгеден аса қаражат түсті.

 Естеріңізге сала кетсек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлттық банкпен сенімгерлік басқару туралы келісімшарт жасасқан. 2020 жылдан бастап бұл қаражат Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары