Жіті ішек жұқпасының алдын алу туралы

Аурудың алдын алуда адамның жеке басына қатысты қарапайым тазалықты сақтау керек. 1. Балаңыздың қолын жиі жуып отырыңыз. Оған далада жүргенде және лас қолымен ештеңе жеуге болмайтынын түсіндіріңіз. Балаңыздың тырнақтары өсіп кетпеуін қадағалап отырыңыз. 2. Балаңыздың ойыншықтарын үнемі тазалап отырыңыз. 3. Далада жүргенде құрамында антисептикалық заттары бар гигиеналық сулықтармен  қолын жиі сүртіп отырыңыз.

4. Пайдаланатын жеміс-жидектерді ағынды сумен жақсылап жуыңыз. 5. Тез бүлінетін азық-түліктерді сақтау тәртібін ұстанатын, яғни тоңазытқышта сақтайтын сату орындарынан ғана сатып алыңыз. 6. Қауіп тудырмайтын азық-түліктерді таңдап алу. Біз көптеген жеміс-жидектер мен көкөністерді пісірмей пайдаланамыз, алайда олардың жақсылап жуылуын қадағалауымыз керек. Ал пісірмей пайдалануға болмайтындардың ішіне сүтті жатқызамыз. Сүтті пісіріп қолдану керек немесе қайнатылып, қоюлатылған, яғни пастерилизацияланған сүт алған дұрыс. Себебі мұндай өңдеудің мақсаты тағамды неғұрлым залалсыз ету және сақтау мерзімін ұзарту болып саналады. 7. Тағамды дұрыс дайындаңыз. Көптеген шикі азық-түліктердің: мал еті, құс еті, шикі сүтте патогенді микроорганизмдер жиі кездеседі. Пісіріп, қуырған кезде бактериялар өледі, бірақ ыстық температурасы 70С-қа жетуі тиіс. Құс етін пісіргенде сүйегіне дейін пісуі тиіс екенін естен шығармаңыз, шикі екенін көрсеңіз, онда оны толық піскенше отқа қайта қойыңыз. Мұздатылған мал еті, құс еті, балықты пісірер алдында ерітіп алу керек. 8. Дайын тағамды уақытында жеңіз. Дайын тағам бөлме температурасына дейін салқындағанда, ондағы микробтар көбейе бастайды. Тағам неғұрлым осылай көп тұрып қалатын болса, соғұрлым ол тамақтан уланып қалу қаупі артады. Сол себепті тағамды дайын болысымен жеңіз.
9. Азық-түлікті дұрыс сақтаңыз. Егер сіз тағамды артық дайындасаңыз немесе артығын сақтағыңыз келсе, онда оны ыстық (60С-қа жуық немесе одан жоғары) немесе суық (100С-қа жуық не одан артық) күйінде сақтауға болады. Бұл тағамды 4-5 сағаттан артық сақтау керек болатын жағдайда ұстанатын бірден-бір тәртіп. Балаларға арналған тағам сол мезетте пайдаланылуы керек және мүлдем сақтамағаныңыз жөн. Тағамнан уланудың қателігі кейде мынада жатады: тоңазытқышта көп мөлшерде жылы тағамды сақтаймыз. Онсыз да толып тұрған тоңазытқыш көп мөлшердегі ыстық тамақты суытып үлгермейді, сол себепті ондағы ыстық тамақтан тараған жылу (100С-тан астам) ондағы басқа тағамдардағы микробтардың тіріліп, көбеюіне әкеліп соқтырады.  10. Шикі және дайын тағамдардың араласпауын қадағалаңыз. Дұрыс дайындалған тағам шикі тағаммен жанасудан залалданады. Мысалы, шикі тауық еті дайын асқа немесе аузы ашылған тағамға тиіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, шикі ет туралған тақтай мен пышақты піскен ет, нан, жеміс-жидек немесе көкөніс турауға пайдаланса, олардағы микроорганизмдердің өсуі және соның салдарынан адам улануы мүмкін. 11. Азық-түлік, тағамдарды жәндік, шыбын-шіркейлерден, кеміргіштерден және басқа да жануарлардан қорғалған жерлерде сақтаңыз. Жануарлар тағамнан улануды тудыратын патогенді микроорганизмдерді тасушылар екені белгілі. Сол себепті азық-түлікті қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарда сақтаңыз. 12. Таза су пайдаланыңыз. Ішу үшін де, тамақ пісіру үшін де, таза су қолданудың маңызы зор. Егер судың тазалығына күмәніңіз болса, онда оны пайдаланар алдында қайнатып алыңыз. 13. Егер үйіңізде науқас адам болатын болса, оны балаңыздан оқшаулаңыз. Ортақ пайдаланған заттарды, киім-кешек, төсек-орын тыстарын дезинфекциялау керек.  14. Есік тұтқалары мен далаға шығарылатын ойыншықтарды антисептикпен өңдеп отыру керек. Үйдегі ойыншықтарды да жуып-шайып отыру керек. 15. Үй ішін тазалықта ұстаңыз, үйде далаға шығатын аяқ киіммен жүрмеңіз. Үйіңізді күніне бірнеше рет желдетіп, ауасын жаңартып отырыңыз. Барлық келеңсіздіктен толық сақтану, әрине, мүмкін емес, алайда сақтану арқылы көптеген аурудың  алдын алып, балаңызды қорғауға болады

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары