Елордада медициналық көмектің қаржыландырылуының өсімі 8% құрады

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күнді атап өтудегі мақсат - жұртшылық назарын денсаулық саласындағы көкейтесті мәселелерге аудару.

Ресми статистикаға сүйенсек, 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында емделгендердің жалпы саны – 312 407, оның:

  1. жүрек-қан тамыры ауруларынан – 23 099; 
  2. ас қорыту жүйесі ауруларынан – 15 664;
  3. түрлі оқыс оқиғалар, улану мен жарақат салдарынан – 6 134;
  4. онкологиялық сырқаттардан – 22 265;
  5. тыныс жолдары ауруларынан – 36 371.

2019 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 90,2 млрд теңге бөлінді. Оның 13,6 миллиардқа жуығы алғашқы медико-санитарлық көмекке бөлінген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 8% жоғары.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы астанамыз бойынша, мемлекеттік тапсырысты орындайтын 93 медицина ұйымы бар, оның 58 – жеке меншік. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8-ге артып отыр.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары