«БАРШАМЫЗҒА ҚАУІПСІЗ ҚАН!» кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында

Елімізде жыл сайын донорлар 200 000 литрден аса қан тапсырады екен, оның 40 000-ы Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі. Осы тапсырылған қаннан науқастарға құю үшін қажетті эритроциттер, плазма, тромбоциттер секілді қан компоненттері жасалады.  

Донорлық қан компоненттерін негізінен онкогематология, кардиохирургия науқастарына, жас босанған аналарға пайдаланады.

Қан орталығы еліміздің 460-тан аса медицина ұйымдарын донорлық қан компоненттерімен қамтамасыз етеді,оның ішінде  Трансфузиология ғылыми өндірістік орталығы Нұр-Сұлтан қаласының 23 клиникасын қан компоненттерімен қамтамасыз етеді.

Елімізде қан компоненттері мен препараттарын құюды қажет ететін 80 мыңнан аса  пациент бар десек, олардың 14 мыңы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Жалпы алғанда, елімізде жыл сайын 360 мың мөлшерінде қан компоненттері құйылады.

«Трансфузиология ғылыми өндірістік орталығы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберіндегі қызметтерді сатып алу бойынша жасалған келісімшартқа сай Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық қызмет жеткізушісі болып табылады. Еліміз тұрғындарын қажет жағдайда қауіпсіз қан қорымен қамтамасыз ететін Қан қызметі – денсаулық сақтау жүйесінің негізгі компоненті. Донор ретінде тұрақты түрде қан тапсырып жүрген пациенттер, мемлекеттік бюджет шеңберінде АИВ (ВИЧ)-на, В және С гепатиттеріне, мерезге (сифилис) тегін талдау/анализ тапсырып, өзінің қан тобын,  резус-факторын және гемоглобин деңгейін анықтап, біле алады, - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының  директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.   

Естеріңізге сала кетейік,   2019 жылғы 14 маусым күні сағат 17.00-де елордамыздағы «Хан шатыр» ОСО-да   «Баршамызға қауіпсіз қан!» ұранымен  Дүниежүзілік донор күніне арналған шара өтеді.    

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары