Балаларымыздың қуанышы

Міне  жадырап  жаз  да  келді. Онымен  бірге  балаларымыздың  асыға күткен   каникулдары  да  басталды.

 Әр  ата-ана    балаларының  осы  мезгілде   жақсы  дем алып, күш жинап,  денсаулығын  нығайтқанын тілейтіні сөзсіз

Ағымдағы  жылдың   6-шы  маусымы   күні  Зеренді  ауданының   Білім беру  бөлімнің  ұйымдастыруымен,  ауыл  тұрғындары  қамқорлыққа   алған,  Қошқарбай  негізгі  мектебінің   11 оқушысы «Зерен Тур» демалыс  орталығында  жақсы демалып, көңіл  көтеріп  қайтты.

Балаларымыздың   алған  әсерлері  шексіз,  олардың  айтуынша  демалыс  бағдарламасы    өте жоғары  деңгейде    ұйымдастырылған.  Сондықтан   балаларымызға  қуанышты  сәттерді     сыйлаған  жандарға,  ата-аналардың  және  өз  баламның  атынан  үлкен  алғыс  сезімімді  білдіремін.

Менің  балам Талғат  Жукушев  бассейнде  армансыз шомылғанын, велосипед  және роликпен  жарысқанын  айтып тауыса алар емес. Мұнымен  қатар  балаларымыз  жаттығу   залында  спортпен шұғылданған.  Түсте  оларға  ас берілген.  Ол    өте дәмді әрі  мол болыпты. Оның  құрамында  дәмді көже,  балам  ұнататын – пицца  және  компот пен йогурт  болыпты.

Астан  кейін  балалар  серуендеп, фотоға түсіп тағы бассейінде шомылған. Бір сөзбен  айтқанда  демалыс   балама керемет  ұнаған!  Ол  үйге көтеріңкі  көңіл күймен оралды!  Осындай  игі   шараның  барысында   балам  денсаулығын ғана нығайтып қоймай Зеренді жерінің сұлу табиғатымен танысты, достыққа бейімделді, жүрегіне жақсы сезім ұялады  деген   ойдамын.

Балаларға осындай  жақсы демалысты сыйлаған Білім бөлімінің басшысына, «Зерен Тур» демалыс орталығының   қызметкерлеріне  шексіз алғыс  сезімімізді  білдіремін. Денсаулықтарыңыз мықты,  еңбектеріңіз жемісті, отбасыларыңызда  бақытты  сәттердің көп  болуларына  тілектеспін!

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары