Азық-түлік көрмесі

Ауданның ең үздік ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері Ақмол ауылында табиғи таза азық-түлік көрмесін өткізді.

Экологиялық тұрғыдан таза өнімдер көрмесіне Целиноград ауданының ірі агрофирмалары қатысты. Атап айтқанда, «Родина» Агрофирмасы ЖШС-і, «Астана-Өнім», «Ақмола-Феникс» АҚ, «CAPITAL PROJECTS LTD», «Зerenda», «Green star», «Ранчо -С», «Нива» шаруа қожалығы және басқа да кәсіпорындар. 

  Біздің ауданымыздың өнімдері  Астананың азық-түлік нарығында айтарлықтай сұранысқа ие. Мегаполис тұрғындары бұл ретте біршама сауатты бола  бастаған, қандай өнімнің сапалы екендігін жақсы айырады.  Сондықтан да тұтынушылар елордаға  іргелес шаруашылықтарда өндірілген ең балғын әрі сапалы  азақ түрлерін сатып алуға тырысады.

     Аталған көрмеде жұртшылыққа ет-сүт, нан-тоқаш, шұжық, басқа да азық-түліктер мен картоп-көкөніс  өнімдері ұсынылды. Ешкі сүтінен дайындалған қышқыл дәмді сүт өнімдері көрмеге келушілерді қатты қызықтырды.

     Кәсіпорындардың озық үлгідегі технологиясы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крыловты да бей-жай қалдырмады.  Астаналық өңір басшылары алдағы уақытта да отандық өнім өндірушілеріне көмек пен қолдау көрсете бермек. Бұл орайда Целиноград ауданы алдыңғы  лекте тұр.

     Қазіргі кезде «Фермер өнімі» фирмасы аудан әкімдігінің қолдауымен бірқатар «Купава» тіркемесін сатып алған. Себебі, олар жергілікті жерлерден шаруа қожалықтарының өнімдерін сату үшін аса қолайлы. 

  Жылжымалы дүкендер қала үлгісіне тән тоңазытқыш, басқа да құралғылармен жабдықталған. Қазір Астананың Есіл ауданының әкімдігімен келісім жасалған. Целиноград ауданының башылары фермерлердің өнімдерін елге делдалсыз  сатуға шағын сауда алаңдарын ашуды ұйымдастыру үсінде.

   

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары