Аутизм ауруы

Аутизм - социалды қарым-қатынас жеткіліксіздігі тән, психика бұзылыс. Аутист балалар дамуында өмір бойы сақталатын бұзылыстар оның қабылдау, түсіну әрекетіне кері әсерін тигізеді.

Аутист балалар қандай болады?

1 жасқа дейінгі балалардың сырт келбетінде мимика байқалмайды, күлу басқа да эмоциялар. Басқа балалар сияқты белсенді емес, өзіне де, басқаға да көңіл аудармайды. Көп жағдайда ол белгілі бір затқа үнемі қарап тұрады. Бала қолға талпынбайды. Оған күліп қараса, күлмейді, қызықты заттарға қол созбайды. Өз атына мән бермейді, гуілдеп сөйлемейді. Аутист бала артық проблема туындатпайды, өте байсалды бала ретінде байқалады. Көп сағат бойы өз бетімен ойнайды, қоршағандарға қызығушылық танытпайды.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар сол қалпы жабық, сөйлемейді, тұйық болады. Жас жарымнан бастап, мүлде сөйлемей кетеді. Қасындағы адамға қарамайды. Бұндай балалар өздеріне қарап, сыртқы ортадан тәуелсіз бола бастайды. Егер сөйлей бастаған кезде өздерін екінші немесе үшінші жақта атайды. Мысалы, Әлима су ішкісі келеді немесе су ішкің келеме? Су ішесіңбе деп сұрағанда, оларө «ол су ішкісі келеді» деп жауап береді. Естіген сөз тіркестерін қайталауға құмар болады. Психомоторлы жоспарда балалар гипербелсенді немесе гипобелсенді болады. Аяқ ұшымен жүру байқалады және қолын қатты сермейді. Жаңа затты үйренген кезде, мысалы ойыншықты, оны иіскеп, ұстап, дірілдетіп көреді. Баланың ерекшелігі бала мүлде жыламайды. Анда-санда бір затты сұраса жылайды. Аутист бала басқа балалармен қарым-қатынасты қаламайды. Балалар жиналған жерлерде ол жеке отырады немесе мүлдем қашып кетеді. Кейде аутист балалар ортасында агрессивті болады. Олардың агрессиясы қоршағандарға болмаса өзіне бағытталады.

Мектепке дейінгі балаларда (3 жастан 6 жасқа дейін) социалды адаптация қиындықтары туындайды. Бала бақшаға барған кезде анық байқалады, себебі қасындағы балаларға көңіл аудармайды, жаңа жағдай оған ұнамайды. Бұндай өміріндегі өзгерістерге ол қатты қозумен жауап қайтарады. Ол ортадан қашып, жеке қалуды қалайды.

6 жастан жоғары аутист балалар арнайы мектепте оқиды. Егер балада интеллектуалды сферасында бұзылыс байқалмаса, өзінің қалауымен ұнататын сабақтары болады. Оған сурет салу, музыка, математика сабақтары жатады.

Балалық аутизм бүгінгі таңда 100 мың балаға 2-4 жағдайда кездеседі. Қыздарға қарағанда, көбінесе ұлдар шалдығады.

Аутизм бар баланың өзіндік ерекшеліктері болады, олар:

* социалды контакт және қарым-қатынас бұзылысы;

* қызығушылықтың шектелуі және ойын ерекшеліктері;

* қайталамалы әрекеттерге бейімділік;

* сөйлеу қатынасының бұзылысы;

* интеллектуалды бұзылыс және жүрісі мен қозғалыс ерекшеліктері;

ДДСҰ шешімімен 2 сәуір халықаралық аутизм жөнінде ақпарат тарату күні болып жарияланды.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының нұсқауын қолға алып, облыстық деңгейде балаларға қатысты барлық мекемелерінде аутизм жөнінде ақпараттандыру жүргізіліп жатыр. Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының директорының қолдауымен, 2 сәуір күніне арналған психологтар тарапынан түрлі шаралар, акциялар өткізілді. Соның ішінде 2.04 – 3.04 аралығында «Көктем» Сауда Орталығында, АОПДО-ның ғимаратында - ашық есік күні, флешмоб, мастер-класс, тағы басқа ақпараттандыру шаралары өткізіледі.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары