Ауруды болдырмаудың жолдары түсіндірілді

Қызылша ауруының эпидемиялық маусым кезеңінде таралуын болдырмау мен азайту мақсатында  «Профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эмидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау, орталық емхана, аурухана және білім бөліміне қарасты медицина қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өтті. 

Қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы мен алдын алу іс-шаралары туралы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Өтепова, аудандық орталық ауруханада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары туралы №126 бұйрығының талаптарына сай жұмыстарының жүргізілуі мен қажетті заттармен қамтамасыз ету туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Нұрлан Кезембаев және қызылша ауруына қарсы екпе жұмыстарының маңызы жөнінде аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Гүлнар Сариева баяндады.  
Отырысқа қатысушылар тақы­рып төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жайлы талқылап, сұрақ-жауаптармен алмасты. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары