Туберкулез

Туберкулез – жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіргенде туберкулезбен ауыратын науқастан сау адамға берілетін жұқпалы дерт.

Туберкулездің белгілері: -2 аптадан астам жөтелу; -дене қызуының көтерілуі; -кеуденің шаншуы; -ентігу; -арықтау; -тәбеттің жоғалуы; -түнде терлеу; -жалпы әлсіздік, қажып-шаршау. Бұл белгілер басқа аурулар кезінде де білінуі мүмкін, алайда 2 апта бойына және одан да ұзақ мерзім байқалса, әсіресе, жөтел болса туберкулезге күдіктенуі қажет. Туберкулез емделеді: - дер кезінде дәрігерге көрінсеңіз; - дер кезінде тексерілсеңіз; -медицина қызметкерлерінің бақылауымен дертті үзбей емдесеңіз.   
Емделуден бас тарту немесе үзілістер, туберкулездің созылмалы емделуі аса қиын түрлерінің қалыптасуына әкелуі мүмкін.   
Қазақстанда туберкулезді тексеру және емдеу тегін!
Өзіңізді және жақындарыңызды туберкулезден қорғаңыз!

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары