Иммундау – денсаулық сақтаудың тиімді тәсілі

«2019 жылғы 1 сәуірден бас­тап Қазақстанда халықты қо­сымша иммундау басталды. 9-10 айға толған балалар, 40 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері вакцинацияланатын болады. Себебі, халықтың осы тобында қызылшамен ауыратын науқастармен жиі байланыста болғандықтан, жұқтыру қатері жоғары.

Вакцинация үшін қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина пайдаланылатын болады.Вакцинаны «Серум институт оф Индия» (Үн­дістан) компаниясы өндірген, вак­­­цинаның сапасына ДДСҰ кепілдік беріп отыр. Бұл вакцина әлемнің 70-тен астам елінде, оның ішінде соңғы 10 жыл бойы Қазақстанда да пайдаланылуда. Бүгінде вакцина елге әкелініп, барлық өңірге таратылды. Халық үшін вакцинация тегін жүргізіледі, екпені алу үшін бекітілген аумақтық ем­ха­наға жүгіну қажет. Қызылша вирусы ауа-тамшы жолымен жеңіл беріледі және өміршең бөлшектері қызылша ауруы­н тасымалдаушы үй-жайдан шығып кеткеннен кейін екі сағатқа дейін ауада сақталады. Қы­зылша бөртпе пайда болғанға дейін төрт күн бұрын және бөрт­пе пайда болғаннан кейін төрт күнге дейін басқа адамдарға бері­ле алады. Сондықтан ауру жұқтырған адам қызылшаның ешбір белгілерінсіз және өзінің денсаулығы туралы білмей вирус таратуды жалғастырады. Олар адамдармен қарым-қатынаста болып, жұмысқа, мектепке, дүкенге барады, маршруттарда жүреді. Егілмеген адамдар вирусы бар ауамен тыныс алғаннан кейін 90% жұқтыру ықтималдығына ұшырайды.
«Вирустық инфекциялар бо­йынша, оның ішінде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жас балалары бар аналарға, сондай-ақ әртүрлі себептермен (баласының денсаулығы егу жасына толмаған, вакцинация­дан бас тарту және т.б.) профилактикалық егу алмаған бар­лық адамдарға қызылша бойын­ша эпидемиялық жағдай тұрақ­танғанға дейін адамдар көп жиналатын жерлерге (сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар және т.б.) бару­дан бас тартқан жөн. Қызылшадан қорғанудың бірден-бір тиімді шарасы – вакцинация. Дене қызуының көтерілуі, катаральдық көріністер (жөтел, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы) және денеге бөртпенің шығуы сияқты белгілер пайда болған жағдайда уақтылы диаг­ностикалау, емдеу және асқы­нуларға жол бермеу мақсатында дәрігерге жүгіну қажет.
Қызылша медициналық кө­мекке кеш жүгінген және қоса жүретін ауыр аурулар бол­ған жағ­дайда өлімге алып ке­луі мүмкін. Яғни, пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энце­фалит (ми қабығының қабы­нуы) сияқты қабынулардың асқынуымен қауіпті.
Бұдан басқа, жол жүруді, саяхатқа шығуды жоспарлаған кезде азаматтарға бару жоспарланып отырған елдегі инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайды білу және қорғаныш шараларын қабылдау, қызылша жағдайы кезінде вакцинация алу ұсынылады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары