Журналистика және қоғамдық ғылымдар

Отандық журналистиканың дамуы қазіргі таңда жанрларға немесе технологияларға ғана қатысты болып тұрған жоқ. Қазақстандық журналистиканың жаңа белестерге көтерілуінде масс-медиа мен ғылымның, соның ішінде қоғамдық ғылымдардың байланысы өзекті болып қала бермек. Ғылымсыз отандық масс-медиаға жаңа серпін беру, оқырман сапасын көтеру мүмкін емес.

Әдетте қоғамдық ғылымдардың қатарына социология, мәдениеттану, философия, психология және тарих тәрізді бірқатар ғылымдар кіретіні айдан анық. Қазақстандық журналистиканың тарихи ғылымы өкілдерімен байланысы жаман емес. Тарихи тақырыптар қазақ қоғамында өзекті болып тұрғандықтан тарихқа қатысты мақалалар, репортаждар, сұхбаттар жиі жарияланып тұрады. Бірақ, мұндай мазмұндағы мақалалар масс-медианың тікелей тарих ғылымдағы зерттеу тәсілдерін қабылдап алғанын білдірмейді. Тек ғалымдар мен журналистер арасындағы байланыстарды ғана көсретіп отыр. Вл өзге қоғамдық ғылымдарға қатысты мұндай байланыстарды көру қиын. Әсіресе, қоғамды зертетуде алдыңғы сапта болатын социология мен мәдениеттану, адамды зерттеуде көш басында жүретін психология ғылымдарымен байланысымыз тым аз. Отандық журналистика өкілдері оқырманының, тыңдарманы мен көрерменінің нақты қандай өнімге қызығатынын, нені көріп, нені оқығысы келетінін толық білмейді. Масс-медиа тұтынушыларының көңіл-күйі мен сұранысы кешенді түрде зерттелген жоқ. Ұлттың мәдениеті мен танымының ерекшеліктері, қоғамдағы құбылыстар, түрлі әлеуметтік топтар арасныдағы қарым-қатынастар, девиантты мінез-құлықтар, субмәдени топтардың әрекеті, әлеуметтік мобильділіктің ерекшеліктері отандық масс-медиаға таныс емес. Соның салдарынан қазақстандық масс-медиа мен аудитория бір-біріне сай қызмет жасай алмауда. Әрине, ресми тілде жарық көретін масс-медиа ресурстарының қоғамдық санаға әсері өзгеше екендігін мойындау қажет. Алайда, әлеуметтік-тұрмыстық тақырыптардан аспаған, оқырман санын интернетте арнайы таргетинг, басылымдарда құрылтайшының қаржылық күші арқылы көбейтіп отырған масс-медиа елдегі әлеуметтік-демографиялық үрдіске сәйкес әрекет етіп жатыр деуге келмейді. Дегенмен, 365.info, tengrynews.kz, ratel.kz тәрізді бастапқы кезде тек орыс тілінде ақпарат тараып, қоғамда өзіндік беделін қалыптастырып үлгерген ресурстардың мемлекетті ктілде ақпарат тарататын редакцияларды ашуы олардың да демграфиялық ерекшеліктерді сезіне бастағанын көрсетеді. Бірақ, қалай болғанда да қоғамдық ғылымдар мен масс-медиа байланыстары әзірге көңілден шығатын деңгейде емес. Сол себепті, отандық масс-медиа бастапқы кезде екі бағыттағы қоғамдық ғылымдармен байланысты нығайтып, ондағы зерттеу тәсілдерімен, зерттеу қорытындыларымен қаруланғаны абзал.

Бірінші бағыт әрине социология ғылымына қатысты болып тұр. Өйткені, масс-медиа қоғамдағы түрлі оқиғалардан хабар тарата отырып кей жағдайда социологияның зерттеу алаңына да кіреді. Оқиғалардың себептері мен салдарларына үңілуге тырысады. Сәйкесінше, батыс социологиясында «пресса социологиясы» немесе «журналистика социолгиясы» деп аталатын жеке бағыт қалыптасып үлгерді. Соынң нәтижесніде батыс масс-медиасы даму деңгейін төмендете қойған жоқ. Әрі социлогия ғылымына тән зертету тәсілдерін қолданып, сол ғылымынң зерттеу қортыныдыларын жиі пайдалануда. Өкінішке қарай қазақстандық масс-медиа социологтармен тізе қоса жұмыс істеуге қауұарсыз болып отыр. Аудиторияны тек онлайн тәсілдер арқылы немесе Gallup Media зерттеу институты арқылы ғана зертету мүмкін болып отыр. Соңғысының Қазақстан нарығын тұтас қамтитынынна күмән басым. Мәселен, «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы қандай да бір абғдарламаны елдің түпкір-түпкіріндегі көрермен қалайбағалайды және қалай қабылдайды дегенге Gallup Media өкілден ышғатындай жауап бере алмауы мүмкін. Оңтсүтік өңірлер мен шығыс аймақтың, солтүстік пен батыс жұртшылығының теле өнімдерге сұраныс әртүрлі болуы мүмкін. Ол көп жағдайда халықытң салт-дәстүрі, дүниетанымы мен қалыптасқан дағдыларына да қатысты болып келеді. Демек, аудиторияны қалалық/ далалық, жас/жыныс, әлеуметтік статусы тұрғысынан зерттеу қажеттілігі бар. Яғни, социология ғылымы мен масс-медиа осы жерде тоғысады. Екіншіден, журналистика мен социологияның өзара ықпалдаса дамуы әу бастан бар.

ХІХ ғасырда теориялық социология қалыптаса бастады. Оның эволюциялық даму бағыты социологияның «атасы» саналатын Огюст Конт пен Герберт Спенсер еңбектерінде көрініс тапса, революциялық абғыт Карл Маркс шығармаларында кқрініс тапты. Әлеуметтік даму мен оның түрлі қырлары сол кездері көптеген ойшылдарды толғандырған. О.Конт әлеуметтік механизм пікірлерге негізделгенін, идеялар әлемді басқаратынын алға тартты. О.Конт социалист-утопист Анри Клод Сен-Симонның жеке хатшсы қызметін атқарғанымен, оның кейбір ойларымен келіспеген, тіпті бірқатарымен таныспаған да болуы мүмкін. Өйткені, Сен-Симон әлеуметтік өзгерістер тек биліктің көмегімен жүзеге асар болса жазушы мен журналистік міндеті өзгерістер басталардан бұрын оған қоғамды даярлау деп бағалған. Г.Спенсер «Экономист» журналына редактор болып тұрған кезде әлеуметтік мәселелерге көп өкңіл бөлген екен. Зерттеушілер ғалымға журналистиканың мол деректер жинап бергенін алға тартады. Әлеуметтанудағы маркстік теорияны жақтаушылар социолог-журналист бағытын жақсы қолданды. Олар әрі журналист, әрі социолог бола білді. Ал белгілі неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер алғаш рет «пресса социологиясы» деген терминді енгізген ғалым. Сол жылдары, яғни 1910 жылы АҚШ та масс-медианыың ерекшеліктерін зерттеу қарқынды түрде жүргізілген. Шамамен 3 мыңнан астам эмпирикалық тәжірибе масс-медиаға арналыпты. Өкінішке қарай қазіргі таңда қазақстандық масс-медианы социологиялық тұрғыдан зертету жүргізіліп жатқан жоқ. Сәйкесінше, масс-медиа да социологияның ғылыми деректері мен дәйектерін, зерттеу қорытындыларын кеңінен пайдалана алмауда. Журналистердің социологиялық зерттеу тәсілдерінің енгіздерін білмеуі, социологияны тек сауалнама жүргізетін ғылым деңгенінен әріге бағаламау масс-медиа мен қоғамдық ғылымдардың байланысын төмендетіп отыр. Егер социологиялық зерттеулерге масс-медиа көбірек жүгіпі, зерттеу жасауға қатысар болса, оқырман сұранысын анықтап, нақты әлеумсеттік топтарға қатысты ақпараттар ұсыну мүмкнідігі туған болар еді. Сәйкесінше контент те жақсарып, сан түрлі мазмұнды қамтыған болар еді. Сондықтан, журналистиканы дамытуда социологиялық зертетулерге, социология ғылымына жүгіну маңызды болып отыр.

Екінші бір маңызды сала - мәдениеттану. Масс-медиа мен мәдениеттану ғылымының арасындағы байланыс та көңілден ышғатын деңгейде емес. Рас, отандық мәдениеттану ғылымы да қоғамның мәдени ерекшеліктерін емес, жеке бас шығармашылығын зерттеуден әріге бара алмай тұрғанын мойныдауға мәжбүрміз. Дегенмен, мәдениеттану ғылымы өкілдеріне масс-медиа нақты өтінішпен шығуға мүмкіндігі бар. Қазақ қоғамындағы діннің, мәдениеттің, салт-дәстүрдің, туыстық қатынастың, сенімнің, өшпенділіктің, романтиканың, прагматизмнің, ырым-тыйымның, мистиканың және өзге де көптеген таным-түсінік пен әрекеттердің рөлін зерттеу масс-медиаға жаңа аудиторияға жол ашып берер еді. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары мен жаңа мыңжылдықытң басында мистика мен эротиканы, аңыз-әпсананы басты тақырып еткен саржағал басылымдар Қазақстанда кеңінен тарады. Олар өз оқырмандарын көп жинап, табысты бизнес идея бола білді. Сөз бостандығының үлгісі сияқты көрінгенімен онадйбасылымларды щығарушылар қоғамда мистика мен эротика тақырыбының өтімді екенін түсінді. Әрине, нақты мәдениеттанулық зерттеулер арқылы емес, интуиция арқылы түсінді. Сөйтіп, кез келген әлеуметтік топқа өтімді масс-медиа өнімін бере алды. Алайда, қоғам дамыған сайын интуицияға негізделген бизнес-жобалар сәтті бола қоймауда. Бүгінгі оқырманға мистика мен эротика қызық емес. Өйткені, интернет арқылы бұл контентке қол жеткізу мүмкіндігі көбейген. Демек, қоғамға мәдениеттанулық зерттеу жасауға тапсырыс беру арқылы масс-медиа менеджерлері жаңа тақырыптарды анықтауға да мүмкіндік алған болар еді. Соған сәйкес тиісті өнімді де беруге болады. Одан бөлек ақпарат таратуда қоғамдық құбылыстарды ұлттың мәдениеті тұрғысынан талдау да өзекті. Мәселен, 2016 жылы елімізде жер туралы заңдарға өзгеріс енгізілер кезде қоғамның наразылығы туындаған белгілі. Себебі, жер қазақ халқы үшін тауар емес, саральды мәні бар ұғым. Экономикалық реформаларды жасаушылар қазақ мәдениетіндегі жердің орнын мәдениеттанулық зерттеулер арқылы анықтамай тұрып, батыс үлгісіндегі жерге жекеменшік формасын әкелді. Қоғам оны қабылдамады. Салдарынан әлеуметтік шиеленіс туындай жаздады. Сол сияқты білім саласындағы реформалардың да мәдени астарына үңілген ешкім жоқ. Демек, күндерідң күнінде бұл бағытта да қоғам мен биліктің келіспеушіліг туындауы ғажап емес. Алайда, масс-медиа мәселенің осы қырынан үңілмей отыр. Кез келген тақырыпты жалаң статистика арқылы өрбіткеннен гөрі, қоғамдықғылымдарыдң зертету тәсілдерін пайдалану немесе зерттеу қорытындыларын қолдану арқылы ұсынар бослақ, оқырманға сапалы контент ұсынған болар едік. Егер журналистика қоғамдық ғылымдармен байланысты нығайтпайтын болса, ұтылатын масс-медианың өзіболмақ. Өйткені, соңғы жылдары әлемде қоғамдық ғылымдардың бұқараға ашылу үрдісі байқалуда. Қазақстанда социологтары қауымдастығының Global Dialogue журналының қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқасы жарық көріп жатыр. Электронды нұсқада. Әрі жаһандық социологтар ғылыми тілді бұқараға түсінікті ету жолындағы қадамдарға бара бастады. «Қоғамдық социология» деген ұғым қалыптасты. Бұл үрдіс кез-келген ғылымда бар. Демек, масс-медиа ғылыммен байланысын нығайтпаса тек сарыжағал ақпарттарды таратудан аспайтын құралға ғана айналып кетуі мүмкін.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары