Журналист және смартфон

Бүгінгі журналистика түбегейлі өзгеріп келеді. Саланың даму тарихында айырықша орын алған жанрлар да, құралдар да азайған. Ақпараттық технологиялардың жаңа буыны журналистердің де жаңа құралдарға тез бейімделіп, өз қызметінде оларды пайдалануын талап ете бастаған жайы бар. Сондықтан, кез келген құрылғыны қызметте қолдана білмек керек.

Негізі бүгінгі азаматтар ең көп қолданатын құрылғылар смартфондар екенін анық. Олар бұрыңғыдай сән-салтанаттың, бақуаттылықтың белгісі болудан қалған. Керісінше өмірге қажетті құралға айналып отыр. Ондағы түрлі қосымшалардың да пайдасы аса зор. Тек соларды біле жүрген жұрыс. Ресейдің Pressfeed сервисі журналистерге арналған мобильді қосымшалар тізімін жасапты. Онда көптеген қосымша көрсетілген. Алайда, бұлардан бөлек қосымшаларды пайдалану немесе пайдаланбау журналистердің өз еркінде. Мәселе тек мобильді қосымшаларыдң мақсатын білуде ғана жатыр. Оданс оң қолдана беру адамынң өзіне байланысты.

Сонымен Pressfeed-тің сипаттауы бойынша журналистерге пайдалы қосымшаларды талдап көрейік. Әріптестер ең алдымен телефон қоңырауларын жазып алатын қосымшаны атапты. Яғни, журналистерге ыңғайсыз кезде біреулер қоңырау шалуы мүмкін. Оларға смс жазып отыру тағы ыңғайсыз. Міне, осы кезде телефон қоңырауын жазып алатын қосымшалар қажет. Айфон ұстайтындар үшін TapeACallPro , ал андройд жүйесіндегі құрылғылары бар азаматтар үшін Call Recorder қосымшасы бар. Бірақ, бұлар ақылы. Бірнеше теңге төлеуге мәжбүрсіз. Ал тегін қосымша керек болса Google Voice сервисін пайдаланып көруге болады. Алайда ол тым ыңғайлы емес.

Екінші қосымша аудиожазба жасауға қатысты. Әрине, көптеген смартфондарда онсыз да диктофон бар. Дегенмен, оынң сапасы кейде көңілден шықпай жатады. Мүндайда бірқатар мамандар AudioNote қосмышасын пайдалануды ұсынады. Бұл android пен ios жүйелерінде бірдей жұмыс істей беретін қосымша. Дыбыс жазу сапасы жақсы, одан бөлек дыбыс жазып отырған кезде төменгі жағын блокнот тәрізді қолданып, керек ақпаратты түртіп отыруға мүмкнідік бар. Сонымен бірге бұл қосмыша компьютерлер мен ноутбуктерге де қосылады. Жазған дүниеңізді iCloud және Dropbox-та сақтап қоюға да мүмкіндік бар. Ал егер айқай-шуы көп жерде, артық дыбыстары мол аймақта аудиожазба жазғыңыз келсе Rev Voice Recorder қосымшасы бар. Бұл қызметтің тағ ыбір артықшылығы ағылшын тіліндегі аудиофайлды теріп беретін мүмкіндігі бар. Бірақ, ол ақылы. Олардан бөлек аудиожазбаның ең маңызды тұстарын табуға Cogi атты қосымшаның тигізер пайдасы мол.

Үшінші қосымша смартфон арқылы мәтін жазуға арналған. Әдетте қандай да бір шарадан шыққан кездеақпаратты жедел түрде редакцияға жолдау қажет болатын кездер кездеседі. Иә, әлеуметтік желілер арқылы, WhatsApp желісі арқылы мәтінді жіберуге болады. Дегенмен, айфондар мен андройдтарға арналған Byword және iA Writer қосымшалары әлдеқайда тиімді. Онда мәтіндерді смартфондарда жазып, редакциялай беруге болады. Дегенмен, мұндай қосымшалар үшін кейде ақы тқлеу қажет екнедігін де ұмытпау қажет.

Төртінші қосымша фотографияға байланысты. Соңғы жылдары «айналы» фотоаппарат ұстап, өзі журналист, өзі фотограф қызметін атқаратын әріптестердің қатары көбейді. Бұл заңдылық та шығар. Смартфондар заманында жеке фотографқа жалақы төлеп отыру да оңай емес. Сондықтан, журналистер фотограф та бола алады. Дегенмен, «айналы» фотоаппараттан фотоларды смартфонға жіберу, дер кезінде редакцияға жолдау сияқты түрлі мәселелер бар. Бүгінде олардың көбі шешілген. Фотоаппаратқа wi-fi немесе Bluetooth арқылы қосылу мүмкіндігі бар. Фотограф болуды үйрететін онлайн курстарды да табуға болады. Қысқасы, фотографияға қатысты деректер интернетте көп. Мысалы Snapseed қосымшасы фото өңдеуге өте ыңғайды етіп жасалған.

Бесінші, блокнот ретінде Evernote, OneNote, SimpleNote және Google Keep тәрізді түрлі қосымшаларды пайдаланып, қажет деректерді тізіп жүруге болады. Сондай-ақ, Skype арқылы сұхбат алсаңыз оны ifree-recorder.com/ сайты арқылы жазып алып, кейін теруге болады. Бірақ бұл әдетте компьютер үшін қолайлы болмақ.

Қысқасы, смартфондар мен компьютерлерге арналған түрлі қосымшалар аз емес. Журналист оларды қалай пайдаланады, ол өз құзырындағы шаруа. Дегенмен, пайдалы мобильдік қосымшаларды білген абзал. Мәселен, Cam Scanner қосымшасы журналист үшін таптырмас дүние. Бұл кәдімгі сканердің қызметін атқарады. Бұл қосымша архивте жұмыс істеуге барған журналист үшін таптырмас көмекші болар еді.

Бұлардан бөлек смартфондар арқылы қанадй да бір әуеннің түпнұсқалылығын анықатуға болатын Shazam деген қосымша бар. Әдетте, шетелдік музыканы тауып бергенімен, бұл қосмыша авторлық құқықты сақатуға да өз қыпалын тигізеді. Журналист үшін артықтық етпейді.

Ал, редакция үшін арасныда видео түсіріп, сайтқа орналастыруды көздейтін журналистерге Cinema FV-5 Lite қосымшасы тәуір көмекші бола алады. Бұл қосымша арқылы видеоны азды-көпті деңгейде өңдеп, кесіп-пішуге болады.

Сондай-ақ, журналист үшін атғы бір сенімді серік QR Cod Reader немесе соған ұқсас код оқитын бағдарламалар. Бұл қосмышалар арқылы тауарлардың, мекен-жайлардың немесе өзге де түрлі деректерді QR Cod-тарын оқуға болады. Соңғы жылдары мекен-жай, қандай да бір деректер осы кодтарға жасырылғандықтан, бұл қосымшаның пайдасы зор болмақ. Одан бөлек Barcode scanner қосымшасы арқылы штрихкодтарды да оқуға мүмкіндік бар. Бұл қосымша журналистік зерттеулер кезінде көп септігін тигізеді. Түрлі қорапытң сыртындағы деректерді оқыту арқылы затытң құрамы, бағасы, жасалған мерізімі, өндірушісі туралы деректерді табуға болады. Бұл қосымша тек журналистер үшін ғана емес, күллі тұтынушылар үшін де пайдалы. Сондықтан, бұл ерекшеліктерді білетін масс-медиа қызметкерлерінің оларды өзгелерге үйтеріп, таныстыра жүргені артықтық етпейді.

Әрине, бұл айтылғандар смартфондардағы нақты қосмышалар екені анық. Журналист өзінің қызметтік бағытына қарай өзге де қосымшаларды пайдалана алатыны сөзсіз. Сондықтан, мобильді қосмышалар нарығынан хабардар бола жүргеннің артықтығы жоқ. Бұл айтылғандардан бөлек, тек журанлистке ғана емес, баршаға қажет қосмышалар да кездеседі. Мәселен, 2GIS немесе Google Map қосымшаларының пайдасы мол. Олардан бөлек әлеуметтік желілердегі фотоларды, видеоларды смартфондарға жүктеп алуға септігі тиетін көптеген қосмышалар бар. Оны әр журналист өзінің қалауынша қолдана алады. Бұлардан бөлек Google қызметтерін де кеңінен пайдалануға болады. Ондағы сауалнама жүргізу функциясы оқырман мен тыңдарманның, көрерменнің ойын білуге жәрдемдеседі.

Бұлардан бөлек, әлеуметтік желілерді бақылап отырудың қажеттілігі тағы бар. Әдетте белсенді журналистер көбіне фейсбук әлеуметтік желісін пайдаланғанды құп көреді. Сөз жоқ бұл желінің, инстаграмның пайдасы мол. Дегенмен, жедел ақпараттар алу жағынан твиттер пайдалы. Ондағы басты айырмашылық оқырманның сізге жазылғанынан гөрі, сізідң танымлар тұлғаларға, ірі кәсіпорындар мен ақпарат агенттіктерінің smm- шілеріне жазылғаныңыз маңызды. Твиттер лентасы сеунд сайны жаңарып, жаңа ақпараттар таратып отырады. Ал білікті жруналист осы ақпарттардан өзіне қажеттісін сұтап, тереңінен зерделеуге немесе оқиға орнына баруға мүмкіндік алмақ. Сондықтан, кәсіби журналист әлеуметті кжелілерді пайдалану кезінде де жан-жақтылығын көрсете білуі тиіс. Ескеретін бір дүние қазақстандық сегментте фейсбук саяси, қоғамдық тақырыптарыдң ортасы болса, инстаграм шоу-бизнес жаңалықтарына толы. Вконтакте жастарды көбірек қызықтыратын платформа. Демек, әр әлеуметітк желінің ерекшелігін сезіну де маңызды.

Сөз жоқ смартфондардың мүмкіндіктерін меңгеру мен журналистің қарым-қабілеті мәселесі екі түрлі дүние екені сөзсіз. Сондықтан, заманауи журналист бірқатар дүниеге машықтануы керек. Ол енді кәсіби дағдыны жетілдіруге байланыст болмақ. Бұл трғыдан қарастырар болсақ, бүгнгі журналист ең алдымен ақпараттық технологиялардан хабардар, бағдарлама жасаудың әліппесін білгені дұрыс. Тым болмағнада сайтқа материалдар орналастыру, фото-видео өңдеуді меңгергені жөн. Одан соң медиа индустрияның қалай табыс табатынынан да хабардар болуы керек. Басылымына немесе масс-медина құрылымына қосмыша табыс әкелу жолдарын зерделей жүргені дұрыс. Онсыз аймақтық БАҚ-ты да, орталық масс-медианы дамыту да мүмкін емес. Үшіншіден, әлеуметітк желілерде және оффлайн жағдайда масс-медиа өнімдерін тарата білу қажет. Әсіресе, интернет арқылы басылымдағы мақалаларды оқырмағна жеткізудің жолын білуі қажет. Бұл дегеніңіз smm-нің әліппесінен хабардар болуды міндеттейді. Төртіншіден аудиториясын, өзінің оқырманы мен көрерменін білмегі керек. Google Analytics немесе «Яндекс.Метрика» сервистерінің не айтқысы келетінін түсінгені жөн. Олардан бөлек статистикалық деректерді меңгеру, тани білу, өзін-өзі дамыту, интернеттегі түрлі трендтерден хабардар болу қажеттілігі туындайды. Ең бастысы журналистің жаңашыл болмағы керек. Бойныда қанадй да бір бұйығылық болса, комплекс болса одан арылудың жолын қарастыру қажет. Тіпті, психолог мамандарғ ада жүгінуге болады. Комплексі бар, бұйығы адам жаңа заман технологияларын меңгере алмайды. Бұл өз кезегінде қанша сауатты, мөлдіретіп жазғанымен журналистің бәсекеге қабілеттілігін тежейтін мінез болмақ. Бүгінгінің журналисті мұны білмегі керек. Білім қана қоймай жетістіктер жолындағы, бәсекеге қабілетті болу жолында өзін-өзі дамыта бермегі лазым. Ал гаджеттер мен түрлі мобильдік қосымшалар, жаңа әдіс-тәсілдер журналистке көмекші құрал болып қала береді. Демек, әрқашан адам факторы маңызды болмақ.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары