Жамбылдықтардың жақсы жаңалықтары көп

Еліміздің дамуы мен бәсекелестік қабілетінің артуына аймақтардың қосар үлесі орасан. Өйткені, ұланғайыр қазақ даласының әр аймағы өзіндік келбетімен, даму жолымен, тұрғындардың қажырлы еңбегімен мемлекетімізді дамыта түсуде. Әдетте, жыл аяқталар тұста атқарылған істерге шолу жасап, есеп беретін дағды қалыптасқан. Сол сүрлеу арқылы Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталмаққа бекіндік.

Жалпы, жетістіктері мол өңірлердің қатарына Жамбыл облысы да кіреді. Оны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйек айында Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары кезінде де айтқан болатын. Президент өңірдің дамуына жоғары баға берген еді. Қазақстан Президенті жергілікті жұртшылықпен кездесуінде өңірдің химия өнеркәсібін дамыту саласындағы әлеуеті зор екенін тілге тиек етіп, индустриялық және инфрақұрылымдық бағдарламаларды тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өткен болатын. «Химия саласы облыстың бүкіл өнеркәсіп өндірісінің 20 пайыздан астамын құрайды. Индустрияландыру бағдарламасы арқылы өңірде 53 жоба іске асырылды. Осы мақсатпен 158 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып, 7 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолы салынды. Қаратау мен Жаңатас қалаларына едәуір қолдау көрсетілді. Жалпы, жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған»,-деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.Сондай-аө, Елбасы өңірдегі аграрлық сектордың даму перспективалары туралы да тоқталған еді. Президент өз сөзінде өңірідң аыл шаруашылығының даму барысын ғана емес, алдағы атқарылар істерге де тоқталған болатын. «Ауыл шаруашылығында 34 жоба іске асырылды. Оның жалпы құны 8 миллиард теңгені құрайды. Тек соңғы 3 жылда облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілген мемлекеттік субсидия 35 миллиард теңгеден асты»,-деген болатын Президент. Елбасының бұл айтқандары Жамбыл облысындағы көптеген жетістіктердің санаулысы ғана. Алайда, облыста атқарылған жұмстың нәтижелері енді белгілі болып жатыр.

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев өткен қыркүйекте Астанаға келіп, журналистерге арналған брифинг өткізгені бар. Баспасөз жиынында әкім 2017 жылдың 8 айының қорытындысымен таныстырған. Әрине, 8 айдың көрсеткіші тұтас жылдық қорытынды бола алмасы анық, бірақ бұл мерімізнің өзі облыс дамуына жалпы баға беруге жарайтын кезең. Сондықтан, жыл аяғына дейін негзгі көрсеткіштер күрт өзгере қоймас. Аймақ басшысының БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында 2017 жылдың 8 айында Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы айтылып, бірқатар сауалдарға жауаптер берілген-ді. Әкімнің сөзіне қарағанда облыста индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында 557 млрд. теңгені құрайтын 34 жоба жүзеге асырылып, 6 мың жаңа жұмыс орны ашылған көрінеді. Әрі биыл шамамен 1350 жұмыс орнын құрайтын 13 жоба жүзеге асырылмақ екен. Одан бөлек, өңір экономикасының алға басуына «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы да оң ықпалын тигізіп жатқанға ұқсайды. Былтыр бағдарлама аясында Ұлттық қордан аймақтағы 25 жобаны жүзеге асыруға 10,2 млрд.теңге бөлініпті. Ал биыл 8 жоба іске асырылып жатыр екен. Бұл жобаларға Ұлттық қордан 3,5 млрд.теңге қарастырылған көрінеді. «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында облыста екі мың екі жүзге жуық жұмыс орны ашылған екен. Яғни, облыста тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шешуге түрлі қадамдар жасалып жатыр.

Жалпы, қандай да өңір тұрғындарының бақуатты болмағы түрлі факторларға қатысты екендігі анық. Екі қолға бір күрек тапқанмен, мемлекеттің қолдауынсыз қол жеткізу мүмкін болмайтын игіліктер де бар.Мұны билік те ескеріп отыр. Жамбыл облысында биыл 267 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені соның айғағы. Сонымен қатар, 258 пәтері бар 4 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Тараз қаласының маңынан жаңа шағын аудан және «Тараз-Сити» заманауи тұрғын үй кешенін тұрғызуға 462 га жер бөлінген екен. Ол жерлерге 358 көппәтерлі тұрғын үй мен 922 жеке үй салу көзделіп отырса керек

Бұл айтылғандардан бөлек Жамбыл облысында кәсіпкерлікті дамытуға да көңіл бөлініп жатыр. Аймақта «Бизнестің жол картасы ─ 2020» бағдарламасын жүзеге асыру басталған. Бағдарламаны іске асыру басталған кезден бері 897 жобаға қолдаужасалыпты. Бұл мақсатқа 90 млрд.теңге бөлініпті. Ал биылғы жылдың алғашқы жеті айында екінші деңгейдегі банктер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 14,9 млрд.теңге несие беріпті. Сөйтіп, несиелеу көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге өскен. Жалпы, облыста шағын және орта кәсіпорындар 122 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтылп отыр. Сөйтіп, орта таптың қалыптасуына барынша ықпал етуде. Сонымен қатар, биыл нақты жұмыс істейтін субъектілердің саны 10,7 пайызға өсіпті. Бұл дегеніңіз өткен жылғы көрсеткішпен слаыстырғанда 60 мың бірлікке жуық субъекті қосылды деген сөз.

Ал ауыл шаруашлығына келер болсақ, бұл сала елімізідң ғана емес тұтас Орталық Азияның азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға ықпал ететін сала екені анық. Сондықтан, бұл бағытты дамыту күн тәртібінен түспеуі керек. Жамбыл жерінде биыл ауыл шаруашылығы саласында 104,6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, жалып өнім көлемі 2,6 пайызға өскен. Ауылшаруашылық дақылдары 630 мың гектар алқапқа егіліпті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 38,5 мың га-ға артық болса керек. Салаға ғалымдарды тартып, жаңа технология мен жаңа сортты тұқым пайдаланудың нәтижесінде бидай алқаптарынан алатын өнім көлемі де өсіпті. Яғни, соңғы екі жыл бойы жамбылдықтар бидайдың әр гектарынан 24-25 центнер өнім алып жүр. Соның нәтижесінде астық өнімінің көлемі де артқан. Деректерді сөйлетер болсақ, биыл облыста 1 млн. 200 мың тонна астық жиналды. Мұндай рекордтық көрсеткіш Жамбыл жерінде бұрын-соңды тіркелмепті. Одан бөлек облыста қант қызылшасы, жүгері, мақсары, соя алқаптарын ұлғайту жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Биыл қант қызылшасы алқабы 9,5 мың гектарға жетіпті. Осылайша Кеңес Одағы кезіндегі көрсеткішке қол жеткізу көзделіп отыр. Естеріңізге салар болсақ, Кеңес дәуірінде облыста 43 мың гектар жерге қант қызылшасы егіліп, 946 мың тонна өнім алынған жылдар болған. Ал былтыр 5 мың гектар жерден 116 мың тонна қызылша жинаған жамбылдықтар, орташа өнімділікті 232 центнерге жеткізді. Биыл болса жалпы 180 мың тонна өнім жиналды. Одан 18 мың тонна қант шығаруға болады екен. Әрине, қант қызылшасы өзінен өзі қантқа айналмасыбелгілі. Сондықтан, Меркідегіқант зауытында 1 млрд теңгенің қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Демек, әлгі 18 мың тонна қант өндіруге толық мүмкіндік туып тұр деген сөз.

Айтпақшы, жамбылдықтар да «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің идеясын қуаттап, «жасылэкономика» идеясын қолдап отыр. Облыс кәімдігі мен «Higer Quazar» өндірістік кешенінің өкілдері «Тараз Индустриялық паркі» индустриалды аймағында жылында 300 электроавтобус өндіретін зауыт салу жөнінде уағдаласқан жайы бар. Бұл өндірістің құны 3 млрд теңгені құрайтын көрінеді. Заманауи технологияларды кеңінен тарату үшін бұл сома тым аз да емес, көп те емес. Бастысы, қоршаған ортаны қорғауға, «жасыл экономика» идеясын қалың көпшілікке жеткізуге таптырмайтын бастамалардың бірі бұл. Өйткеніғ электромобиль нарығы кеңейген сайын оған қызмет көрстеу саласы да дамиды. Бұл дегеніңіз қосымша жұмыс орны, қосымша қаржы деген сөз.

Облыстағы жақсы жаңалықтардың біразы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған бастамалардан бастау алып отыр. Мәселен, «Туған жер» бағдарламасы ауылдарды көркейту бастамасы соның айғағы. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бұл бағдарлама аясында ауылдардыкешенді түрде көркейту керек екендігін алға тартып отыр. Қараша айында облыстың Мойынқұм ауданына іс-сапармен барғанда К.Көкірекбаев осы бастаманы айтқан. Облыс әкімі: «Рухани жаңғыру» түптің түбінде барлық саланың, тұтас еліміздің жаңғыруына алып келеді. Міне, Елбасы ойларының тереңдігі де, көрегендігі де осында»,-деп атап өткен. Ал әлгі жыл сайын 10 ауылды көркейтіп отыру бастамасы келер жылдан бастап жүзеге аса бастамақ екен. Әкімнің сөзіне қарағанда әр ауданна бір-бір ауыл таңдалады екен. Сөйтіп, сол ауылдан шыққан кәсіпкерлер, қаржысы бар азаматтар, тіпті инвесторлар да бірігіп туған жерлерді көркейтпек. Сәйкесінше, бұлмақсат үшін бюджеттен шығын шықпайтын көрінеді. Жоба бойынша 2018 жылы 10 ауыл, 2019 жылы 20 ауыл көркеймек. Осылайша облыс ауылдары бәсекелестікке қабілетті, заманауи бола түспек. Айтпақшы, бұл бастаманы тұтас республикалық масштабта қолданып көру бастамасы да айтылды. «Ал егер біз осы жобаны республикаға ұсынып, еліміздің басқа аймақтарынан қолдау тапсақ, келесі жылы Қазақстан бойынша 160 ауылды, 2019 жылы 320 ауылды инвесторлар мен кәсіпкерлер арқылы кешенді түрде жаңғыртытуға мүмкіндік алар едік»,-дегені бар облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бір сөзінде. Несі бар, жаман бастама емес. Бастамаға сәйкес бағдарламаға енген елдімекендерге жаңа көшелер, саябақтар, спорт алаңдары салынады. Әлеуметтік нысандар да күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, ауыл көшелерін жарықтандырылады, ауылыдң сәулеті мен дәулеті сай бола түседі, оданбасқа да кешенді жұмыстар бар.

Айтпақшы, біз осы мақаланы әзірлеп жатқан тұста Жамбыл облысында ауылдарды көркейту жобасы іске асыру басталып та кеткен көрінеді. Бүгінгі таңда жобаға Мойынқұм ауданаынан Құмөзек, Талас ауданынан Талас ауылы еніпті. Олардан бөлек 8 ауыл жуық арада белгілі болады екен. Демек, келе жылы жамбылдықтар бастаған жұмыстың нәтижелерін көру мүмкіндігі туатын сияқты. Бәлкім, содан соң бұлбастаманы тұтас ел болыпқолдап кетерміз. Қысқасы, Жамбыл жерінде қай салаға үңілсеңіз де ауыз толтырып айтар жетістіктер бар. Бір солар жайлы сөз еттік.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары