Жалған ақпарат журналистиканың беделін түсіреді

Қазіргі таңда отандық журналистиканың бетіне салық болып тұрған ең өзекті мәселелердің бірі ақпараттардың түпнұсқалылығына үңілмеуде жатыр. Қазақстан қоғамында тарап жатқан ақпараттарыдң ішінде жалған ақпараттар мен деректердің үлесі азаймауда. Журналистердің фактчекинг, яғни деректерді тексеруі мәселесінде кемшіліктер кездеседі. Сондықтан, бұл бағытта жұмыс қарқынды жүруі қажет.

Соңғы жылдары әлемде жалған ақпарат молынан тарай бастады да, ол үрдістен қазақстандықтар да тыс қалмады. Әлеуметтік желілердің дамып, кез келген азаматтық журланист атқарып жүрген қызметті атқара алуы, яғни ақпарат тарата алуы деректер мен дәйектерідң шынайлық деңгейін тсүіріп жіберген сыңайлы. Сонымен қатар, журналистің қызметін наисхат үшін пайдалануды көздейтін, масс-медианы көзқарас қалыптастырушы, насихат құралы ретінде ғана қабыладйтын мемлекеттерде фейк ақпараттар көбінен тарауда. Демек, фактчекинг мәселесі де өзекті бола түсіп отыр.

Негізі фейк және фактчекинг деген ұғымдарды біз соңғы жылдары пайдалана бастадық. Әсіресе, бұл интернеттің қарқындыдамуына тікелей байланысты болды. Алайда, интернеттен бұрын фейк немесе жалған ақпарат тарамады деу қиын. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары кеңінен тараған «сарыжағал» басылымдардағы деректердің шынайлығына күмән мол. Мистика, аңыздар, жалған деректер сол кездерде де мол болды. Алайда, әлеуметтік желілердің дамуы фейк ақпараттардың таралу ауқымын де кейітіп жіберді. Сондықтан, тараған ақпараттарыдң шынайлығын тексеру өзекті. Фактчекинг ұғымы ос ытұста көмекке келеді. Бұл дегеніңіз тура аударғанда «деректі тексеру» деген мағына береді. Демек, журналисткианың дұрыс дамуы үшін, масс-медианың әлеуметтік шиеленістердің себепшісі болмауы үшін фейк ақпараттармен күресіп, кез келген ақпаратқа қатысты фактчекинг жасап отыру маңызды болмақ.

Әдетте, жалған ақпараттар көбіне интернет арқылы тарайды. Соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы фейк ақпараттар көп тарауда. Әсіресе,WhatsApp желісі арқылы өсек-аяғ қауесеттер жиі таратылады. Әлеуметтік желілердің ішінде YouTubе-ке салынған күмәнді бейнебаяндар да мол. Ал көп жағдайда траффик жинау үшін бірқатар сайттар осы фейк ақпараттарды басып, жұртшылыққа таратады. Соның салдарынан масс-медиа ненің ақиқат, ненің жалған екенін анықтай алмай қалатын тұстары бар. Көп жағдайда фейк ақпараттар фото және видео болып келеді, олардан мәтін де қалыспайды. Мәселен, атақты ғалым Жак Ив Кустоның мүсылман болғандығы жөніндегі мәтіндер 2000 жылдардың басында өте кең тарады. Көп зияны жоқ дүние сияқты болып көрінгенімен бұл ақпарат фейк болатын. Әдетте жалған ақпараттарды өсек-аяң, ойдан шығарылған немесе мистика, әдейі насихат үшін жасалған ақпараттар болуы мүмкін. Бірқатар жағдайларда әлеуметтік желілер арқылы таратылған фейк ақпараттар әдейі таратылмауы мүмкін. Мәселен, жеке адамдардың өміріне қатысты деректер, қазақтың әйгілі мысылында айтылатын «Самауырын суалыпты» деген әңгімеге ұқсайды. Танымал адамдардың өміріне қатысты өсек-аяң тарату да әдетте фейк болып келеді. Ал ойдан шығарылған ақпараттар қазақстандық қоғамда көбіне мистикаға ұқсас келеді. Одан бөлек насихат үшін таратылатын ақпараттар бар. Кейде қандай да бір ақпарат шындық болғанымен, оны безендіретін суреттер мен видеолар фейк болуы мүмкін. Соның салдарынан оқырманды жаңылдыратын ақпарат тарайды. Мысалы, Мьянмадағы рохинджа мұсылмандары жөнінде тараған ақпараттарға оған мүлде қатысы жоқ фотолар ілесіп жүрді. Жалпы, фейк ақпараттар ресми масс-медиа өкілдеріне сенімсіздік туындатып, кейде әлеуметтік шиеленістерге апарып соғуы мүмкін. Мәселен, өткен қыркүйекте Астанадағы «Абу Даби плаза» тұрғын үй кешенінде болған оқиға кезінде азаматтардың алаңға жиналуына әлеуметтік желілер арқылы тараған жалған ақпарат себеп болды. Рас, жұмысшылар арасында ерегіс болғаны расталды. Бірақ, азаматтарды адам өлімі болғаны жөніндегі жалған ақпарат дүрліктірген. Яғни, жалған ақпарат әлеуметтік толқу твуғыза жаздады. Демек, фактчекинг жасау өте өзекті болып тұр.

Жалпы, фейк ақпараттар көп жағдайда шындықты айтып, фейктің өтірігін әшекерелейтін ақпараттарға қарағанда көбірек тарайды. Оны фейк ақпараттардың қыр-сырын жақсы білетін, зерттеулерін де осы бағытта жүргізетін Крейг Сильверман дәлелдеген. Сонымен қатар фейк ақпараттар көбіне эмоцияға әсер етуге бағытталады. Адамның көңілін босатып, жанашырлығын оятады, ашуландыруы да мүмкін. MediaNet халықаралық журналистика орталығы ЕҚЫҰ мен Конрад Аденауэр қорымен бірге әзірлеген «Қазақстандағы практикалық журналистика 3.0» атты оқу құралында фейк ақпараттар таратудың бірқатар тәсілдері айтылған. Оқу құралында фейк ақпараттарды таратушылар ең алдымен эмоциға әсер еретіні айтылған. «Мысалы, «украин радикалдары Харьковта орысша сөйлегені үшін балаларды сабап кеткен», «Клинтон ісін тергеген ФТБ агентінің өлі денесі табылды» және т.б. Бұл тәсіл жалған ақпаратты әлеуметтік желілер платформасында тарату үшін қолданылады, өйткені мұндай тақырыптар адамның эмоциясына әсер етіп, ақпараттың қайдан шыққанын тексеру қажеттігін тұншықтырады»-делінген. Одан бөлек оқу құралын құрастырушылар негтив нарратив тәсілін қолдану жөнінде де айтады. «Эмоцияны пайдаланатын тағы бір тәсіл негатив нарратив деп аталады. Оған идеологиялар (фашизм, расизм), радикал діндерді (секталар, діни фанатизм, радикал ислам), ұлттық немесе тілдік сипатына қарай геноцид, әскери қылмыстар (терроризм, қинау, бейбіт тұрғындарға зорлық көрсету) аталатын фейктер жатады. Мысалы, «Бірінші арнаның» «Славянскіде ашаға керілген бала» туралы атақты фейк жаңалығы әлі күнге дейін насихатта негатив нарративті пайдаланудың ең жарқын көрінісі болып келеді. Фейк жасауда эмоциялық акценттен бөлек тағы екі тәсіл қолданылады: уақыт пен кеңістікті жылжытып жіберу (мысалы, Югославиядағы соғыс кезінде түсірілген фотосуреттер Донецкідегі оқиға туралы ақпарат ретінде берілуі) және материалды ұсынуда баланс болмауы (оның ішінде дәйексөздердің іріктеліп берілуі). Бұл жағдайда мәтіннің не сөйлемнің бір бөлігі жұлып алынып, белгілі бір тезистің дәлелі ретінде ұсынылады. Көріп отырғандарыңыздай, фейк жасаудың аса қиындығы жоқ, өйткені, шындықтың интерпретациясы, оның үстіне, ол эмоциямен күшейтілген болса, қай кезде де шындықтың өзінен күштірек болады. Әйтсе де, бұл, қанша қиын болғанына қарамастан, фейкті жоққа шығаруға болмайды деген сөз емес»-дейді.

Әдетте ақпараттың шынайлығын тексеру үшін түрлі тәсілдер қолданылады. Көп жағдайда әу баста ақпарат қайдан шықты, соны табуға ұмытлған дұрыс. Одан соң оны тексеру қажет. Кім жариялады, қашан жариялады, авторы кім еді, хронологиясы және басқа деректер де зерделенгені дұрыс. Әдетте ақпараттардың шынайлығын тексеру жұмысын верификация деп атайды. Бірақ, бұл тұтас ұжымның, команданың жұмысы. Өйткені, фейктерді анықтауда бір адамның күші жете бермеуі мүмкін. Сонымен қатар, фейк ақпараттарды анықтауға жәрдемі тиетін бірқатар құралдар бар. Мәселен Google қызметтері фактчекинг жасауда таптырмайтын көмекші. Оның карталары, іздеу жүйелері, фотоның шынайлығын анықтау жүйелері фейктермен күрестер сенімді көмекші бола алады. Мәселен, қанадй да бір өлке жайлы айтылған ақпараттың шынайлығын тексеру қажет болса Google Maps пен Яндекс-картаны қолданған дұрыс. Google Images cуреттерді анықтауға жәрдемдеседі. Archive.org/web сайты интернеттегі ең үлкен мұарғат. Демек, одан да дееректер табуға болады. Жалпы, түрлі әлеуметтік желілер арқылы да ақпараттың шынайлығын тексеру мүмкіндігі бар. Дегенмен, ең бастысы фейк ақпараттарды таратпауға тырысу. Аймақтық масс-медианың артықшылығы көбіне жарататын жақпараттары жергілікті деңгейде болатындықтан, фактчекинг жасау мүмкіндігі мол. Алайда, бүгінгі журналистиканың ең басты бәсекелесі әлеуметтік желілер екенін ескерсек, фейк ақпараттармен күресу өте қиын болып отыр. Сөз басныда айтқанымыздай фейк ақпараттарды жоққа шығаратын деректер алғашқы ақпараттың ықпалын жоя алмайды. Кей жағдайда «мына ақпарат жалған, дұрысы мінекейә деп бөліскеннің өзінде сілтеме арқылы немесе фотолар арқылы фейк ақпараттарды байқамай таратып жататын тұстарымыз кездеседі. Мәселен, жақында ғана WhatsApp желісі арқылы Ахмет Байтұрсынұлының өзі айтқан ән деген аудиожазба тарады. Әлгі аудиожазбаның тым тез тараған сонша, өзге әлеуметтік желілерде де кеңінен бөлісілді. Шығарма авторының А.Байтұрсынұлы емес екендігін, орындаушы мен шығарма авторының аты-жөні көрсете отырып, ақпаратты жоққа шығарушылар болса да, бұқараның сенгісі келмегені байқалды. Бұл фактчекинг мәселесінде халықытң сауаты мен мінезі де маңызды рөл атқаратынын көрсетіп тұр. Бұқара өзінің көңілене жағатын ақпаратқа сеніп алуға құмар. Сондықтан, фейк ақпараттармен күрестің ең тиімді тәсілдерінің бірі оны таратпауға барып тіреледі. Егер редакция қызметкерлері қандай да бір ақпараттың фейк екенін анықатған жағдайда оның жалған екенін дәлелдейтін ақпарат таратуда абай болуы керек. Бірден жоққа шығару нәтиже бермеуі де мүмкін. Сондықтан, аймақтық басылымдар мен масс-медиа верификация жасаудың баршаға ортақ тәсілдерімен қатар, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып фейктерді жоққа шығару жолдарын меңгерулері қажет. Қажет болған жағдайда фактчекингтің қарапайым тәсілдерін бұқараға қолжетімді тәсілдермен үйрете жүргеннің де артықтығы жоқ. Бұл оқырманның сапасын көтеретін қадам болар еді. Оқырман сапалы болса фейктерді өздері-ақ анықтап алатын болады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары