Жақсылыққа-жақсылық, Жамандыққа-жақсылық

Жас өскелең ұрпақтың рухани дамуын жетілдіріп, оларды ізгілікке жетелеуде «Өзін-өзі тану» пәні маңызды рөл атқарады. «Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты- рухани адамгершілік құндылықтарды негізге алатын, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді адамды тәрбиелеу.

Осы орайда, Арыстанды орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Түзелбаева Мөлдір 6-сынып оқушыларымен «Жақсылық» ұғымын ақиқат құндылығы ретінде  мәнін ашу, түсіндіру, жақсылық жасауға  дағдыландыру, адалдыққа, қайырымдылыққа, жақсылық жас-ай білуге тәрбиелеу мақсатында «Жақсылық жаса» тақырыбында сыныптан тыс сағатын өткізді.

Сабақ барысында мұғалім оқушыларды  түстер бойынша екі топқа бөлді. Қызыл түс-мейірімділік тобы, сары түс қамқорлық тобы болды. Оқушылар өздері таңдаған  түстер бойынша топқа бөлініп отырды. Оқушылар «Жақсылығың өзіңе» тақырыбында бейнеролик көріп, өз ойларын қосты. Сонымен қатар, екі топпен «Кім көп сөз табады?» тақырыбында ойын ойнатылды. Екі топ та ойынға белсенді қатысып, буынға бөлінген  сөздерді тауып оқыды. Оқушылар «Жақсылыққа-жақсылық, жамандыққа-жақсылық» атты тақырыпта бейнеролик тамашалады. Мұғалімнің бейнероликтен қандай ой түйдіңдер деген сұрағына оқушылар «Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі»  атты мақалды  жадымызда ұстауымыз қажет деп, жауап берді. Сондай-ақ, мейірімділік  тобы «жақсылық тамшысын», қамқорлық тобы «жақсылық үйін» құрады. Сабақ соңында оқушылармен  «Жүрек»  тренинг-ойыны ойнатылып, пән мұғалімі «Жақсылық жасаған бақыт» - деп, айналаңа жақсы істер жасап, қуантсаң, көңілің әрдайым қуанышқа толып, бақытты боласың деген тамаша сөздермен  сыныптан тыс сағатын аяқтады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары