Ұлы даланың дарынды да, талантты жастары

Құрманғазы атындағы  мәдениет үйінде Назарбаев Зияткерлік мектебі  оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұлы дала мұрагерлері»  атты дарынды жастардың ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбиедегі жетістіктеріне арналған шығармашылық кеш өткізілді. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп белгіледі. Осыған орай, аймақтағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Ұлы дала мұрагерлері» атты шығармашылық кешін өткізді.

Бағдарламаға сәйкес шығармашылық есеп екі кезеңде өтті. Алдымен, қонақтарға Құрманғазы мәдениет сарайының алдында жаратылыстану және математика бағытындағы ғылымдарды игерген балалардың инновациялық жобалары ұсынылды. «Клиностат арқылы өсімдіктерді жасанды жолмен өсіру» жобаның авторы Әлжақсын Әмір 9 сынып оқушысы, Биыл Қызылорда қаласында «Наурыз кездесулері» ғылыми жобаларының байқауында қатысып, 1-ші орын алды.  «Пластиктерден кірпіш шығару» авторы Сағынғали Дәулет 11-ші сынып оқушысы , «Ақылды тор» авторы Қоспан Қамажай 9 сынып оқушысы, «Банан қабықтары арқылы суды тазалау» авторы Димаш Итемгенов 8 сынып оқушы,2018 жылы «Зерде» Республикалық ғылыми зерттеу байқауына қатысып лауреат атанды, «Суда ауыр металдарды анықтаудың жолдары» авторы Бекзат Тлегенов 8 сынып оқушысы және «Генераторға арналған батареяны қуаттаудың тәсілі» авторы Мадина Мулюкова 12 сынып оқушысы, жуырда ғылыми жұмысын ресми  түрде мемлекеттік куәлік алды. Оқушылардың осындай  ғылыми еңбектердің таныстырылымы көрермендерді тәнті қылды. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жәрмеңкесінде химия, физика пәндерінен түрлі лабораториялық сынақтар ұйымдастырылды. Ал сазбалшық үйірмесінің оқушылары жәрмеңкеде қыш құмыра, кәде-сыйлықтар жасаудың үлгілерінен шеберлік сынып өткізді. Сондай-ақ, көрмеде тоқыма, бейнелеу, ағаш, темір және пластикпен жұмыс жасаудың тәсілін меңгерген балалар өз білімдерін ортаға салды. Графити, бейнелеу сынды үйірмелерде балалар қосымша қабілеттерін шыңдайтыны көпті қуантты.

Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының «Ұлы дала мұрагерерлері» шығармашылық есебі Құрманғазы мәдениет үйінің сахнасында гала-концертке ұласты. Дарынды балалардың орындауында қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдеріндегі бірегей туындылар шырқалды. Зияткерлік мектептегі «100 ән», «100 күй» және «100 кітап» жобасының орындалуы және аталған жобалардың жалпы мазмұны әдемі қойылымдар арқылы көрерменге жетті. Ал мектептің көлеңке театрының «Менің Қазақстаным!» тақырыбындағы туындысы концерттің шырайын келтіре түсті.

2016  жылдан  бастап Арман Майманқұлұлы Нығмановтың  жетекшілігімен мектептің  драма және көлеңкелі театр жұмыс жасап келеді. Бұл жетекшінің зор еңбегі деп білемін.

 «Ұлы дала мұрагерлері» кешінде әскери-патриоттық, спорттық секциялар мен арнаулы клубтардың жұмысы да шет қалған жоқ.

«Осымен екінші рет өткізіліп отырған ауқымды шараға алғаш рет облыстағы пилоттық мектептердің оқушылары да қатысып отыр. Мұндағы мақсат жалпы өскелең ұрпақтың, ұлт тарихындағы жастар мен қазіргі жастардың арасындағы сабақтастықты байланыстыру. Бүгінгі шығармашылық кешке қатысушы білімді де, дарынды оқушылар  мен осы балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен ұстаздар бақытты елде өмір сүріп отырған, бақытты жандар», - деп Назарбаев Зияткерлік мектебінің  директоры  Айдарбек Төлепұлы Айтпукешев «Ұлы дала мұрагерлері» атты шығармашылық кешті жапты.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары