Сырдың сол жағалауы...

Қазақ елінің елордасы Астананың өзіндік сыр-сипаты бар. Күллі қазақстандықтар қаланы екіге бөліп қарастырады. Бірі - Есілдің оң жағалау, екіншісі – сол жағалау. Елорданың жарқырап, гүлденуінде осы «сол жағалаудың» рөлі зор. «Сол жағалау» дегеніңіз жаңғыру, жаңару тәрізді мағынаға ие бола бастаған тәрізді. Әрі күллі елге осы идеяны таратып жатқандай көрінеді. Оған Қызылорда облысныда жасалып жатқан жұмыстар куә.

Ақ маржан күріштің отансы саналатын Қызылорда өңірі соңғы жылдары қардынды дамып келеді. Өңірде Арал теңзінің тартылуына, Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты экологиялық мәселелер бар болғанымен, халықтың еңбекқорлығы, алға ұмтылуы ерекше. Оның үстіне облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың іскерлігі тағы бар. Біздің «сол жағалау» ұғымы өзге өңірлерге тарай бастағанын алға тартуымыздың себебі осы облыстағы жаңалықтарға қатысты болып тұр. Өйткені, биыл Қызылорда қаласының Сырдарияның сол жағалауындағы ауданын дамыту ісі басталып кетті.

Әңгіме облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың: «Кез келген мемлекеттің өзен бойына орналасқан қалалары өзіндік кескін-келбетімен, көзтартар сәулеттілігімен ерекшеленеді. Екі жүз жылдық тарихы бар Қызылорда қаласы әу бастан дарияның оң жағалауын бойлай салынған. Сол себепті Сырдария секілді ірі су артериясының микроклиматын, яки, ұлы өзеннің табиғи әсемдігі мен тартымдылығын облыс орталығының сәулеттік келбетін қалыптастыруға пайдалана алмадық. Енді бұл олқылықтың орнын Қызылорда қаласының бас жоспары толтырмақ. «Біз Астананың үлгісі бойынша өзеннің сол жақ жағалауын игеру арқылы жаңа қала саламыз»,-деген сөзінен басталған. Яғни, облыс әкімі Сырдарияның игілігін қала халқының көруі керек екендігін алға тартқаны бар. Әрі бұл трғыдан үлгі аралр шаһар Астана екендігін де атап өткен-ді. Сөйтіп, Қызылорда қаласын преспективалық дамыту бағытындағы жұмыстар басталып кеткен.

Негізі өзен бойныда орналасқан қалалардың сол су көздерін экономикалық, мәдени-рухани тұрғыда пайдаланған кездері аз болмаған тарихта. Сырдың бойныдағы ежелгі қалалардың тарихы соның айғағы. Ал Қызылорда қаласын дамыту жоспарына сәйкес қолға алынған істер өзенді өзгеше пайдаланудың үлгісі болып отыр. Яғни, болашақта Сырды ңбойны жайлаған ел де Қызылорда қаласын оң жағалау және сол жағалау деп бөлетін болады. Сөйтіп, Сырдарияның табиғи тартымдылығы қалаға жаңа инвестиция, жаңа идея, жаңа жұмыс күшін тартып жатқан жайы бар. Ал келесі жылдан бастап облыс орталығының перспективалық дамуы Сырдың сол жағалауында іске асырылатын болады.

Қазірдің өзінде Қызылорданың дарияның екі жағалауындағы бөліктерін қосатын көпірлердің құрылысы қызу жүріп жатыр. Оған Ғ.Мұратбаев көшесі басынан өзеннің үстінде салынып жатқан жаңа көпір мен айналма жолдың құрылысы. Сырдарияның жағалауында салынған айналма жол да, оң жағалауды сол жағадағы жаң ақаламен байланыстыратын көпір де пайдалануға берілді. Соңғысының құрылысы қарашада ғана аяқталды.

құрылысын «Мостоотряд-25» компаниясы жүргізді. Көпірдің ұзындығы 387 метр болса, ені 22 метрден асады. Кәдімгідей ірі көпір бұл. Оның үстіне осы көпір құрылысының аяқталуы «сол жағалауды» дамытудың бастамасы болып есептеледі. Өйткені, дарияның сол жағалауында жаңа әкімшілік орталығын қалыптастыру үшін өзеннен өту керек. Жұмысшылар да, құрылыс техникасы да жаңа құрылыс алаңдарына тез арада жетуі қажет. Біз сөз басныда көпірдің стратегиялық маңызы бар деуімізідң сыры осында. Ал, нақты «сол жағалауға» келсек, оның аумағы 1532 гектар болмақ екен. Бұл аумақта жалпы көлемі 3 млн шаршы метр болатын тұрғын үй кешені бой көтермекші. Демек, 2025 жылға қарай тек осы «сол жағалауда» 50 мыңға жуық отбасы баспаналы болмақшы. Ал осыншама тұрғын үшін әрине білім беру және денсаулық сақтау мекемелері тәрізді әлеуметтік нысандар қажет болады. Сол үшін «сол жағалауда» 16 мектеп, 12 балабақша және 4 денсаулық сақтау нысаны салынатын болыпты. Одан бөлек 15 мың жанкүйер сиятын жаңа стадион да осында орналасатын болады. Айта берсек, «сол жағалауда» одан бөлек те нысандар санылатын болады. Ал құрылыстар 5,9 және 12 қабаттан тұратын көрінеді. Қызылорданың сол жағалауы шығыстың стилін қамтыған, сөйте тұра замануи үлгідегі аудан болмақшы. Онда әдемі бульварлар, субұрқақтар тізбегін, көгалды аймақтар, мейрамханалар желісін салу көзделіпті. Яғни, «сол жағалаудағы» аудан заманауи һәм өзіндік келбеті бар, жайлы мекен болмақшы. Ал мұндай жобаларға қаржы құюды көздейтін құрылымдар оңай табылады. Біз сөз етіп отырған ауданды дамытуға қажет болатын инфрақұрылымды, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салу жобаларына Азия даму банкі қаржы аударуды көздеп отыр. Бұл қаржы институты «сол жағалауда» заманауи технологиялармен жабдықталған, қазіргінің тілімен айтқанда «ақылды қала» үлгісін қалыптастыру һәм дамыту жағына көп көңіл бөлмекші екен. Демек, Сырдың сол жағалауында бой көтеруге тиіс жаңа аудандар Қызылорда облысының ғана емес, тұтас елдің көзайымына айналуы бек мүмкін. Заман талабына сай келген, технологиялардың соңғы үлгілерін қолданатын, экологиялық тұрғыда таза аймақ сөз жоқ ел мақтанышына айналары анық. Оның үстіне Азия даму банкінің жоспарына қарасақ, «сол жағалау» «жасыл технологияларға» ден қойған өңір болғалы тұрған сияқты. Бұл дегеніңіз, Елбасы идеяларының жүзеге асып жатқандығының көрінісі болмақ.

Айтпақшы, біз сөз басында 50 мыңға жуық отбасы баспаналыболатынын айтқанбыз. Аудан толық игерілгенде қол жеткізілетін көрсеткіш бұл. Ал сол елу мың отбасының әрқайсысында үш адам бар деп есептесек, «сол жағалауда» 150 мың адам қоныс теппекші. Ортаңқол бір қаланың тұрғындары. «Қоныстанбақщы» деп сырттай тон пішіп отырған жоқпыз, оны Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтқан. Оның сөзіне қарағанда «Жаңа қала» аталған жобаға сәйкес «сол жағалауда» салынатын сауда және кеңсе ғимараттары ауданының өзі 190 мың шаршы метр болады екен. Одан бөлек, біз сөз басында айтқан мектептер, балабақшалар, емханалар мен ауруханалар және басқа да нысандар толып жатыр. Одан бөлек кәсіпкерлікке арналған нысандар да мол болмақшы. Яғни, Сыр бойындағы қала Астанадан үлгі алып жатқан жайы бар. Енді «сол жағалауды» игеру кезеңдеріне тоқталайық.

Облыс басшылығының есеп-қисабына қарағанда Қызылорда қаласының дарияның сол жағасындағы жаңа ауданын кешенді игерудің бірінші кезеңі 2017-2024 жылдарға жоспарланған көрінеді. Сол жоспарға сәйкес былтыр біз айтқан көпір салынған. Биыл 5 қабатты 18 тұрғын үйдің іргетасы қаланыпты. Одан бөлек 320 орындық балабақшаның да құрылысы басталған. Есеп пен мерізімінен жаңылмаса құрылысшылар бұл нысандарды 2018 жылдың жазына қарай пайдалануға бермекші. Сонымен қатар, қазір «Қазақ Орталық Атқару Комитеті» мұражайы, «Жастарға қызмет көрсету» орталығы, «Болашақ» университетінің студенттер қалашығының ғимараттары салынып жатыр. Құрылс нысандарының біразы кәсіпкерлерідң өз қаржысына салынса, біразына мемлекет қазынасынан қаржы бөлінген екен.

Негізі «сол жағалау» тәрізді кешенеді һәм ірі жобаларды жүзеге асыруға үлкен тәуекел керек. Одан кейін өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті де маңызды. Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанар Берденованың сөзіне қарағанда облыс ірі жобаларды жүзеге асыруда мол табыстарға қол жеткізген екен. Мәселен, индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығында облыста құны 610,1 млрд теңге болатын 25 жобаны іске асыру жоспарланған көрінеді. Сәйкесінше, 6,3 мың жұмыс орны құрылады екен. Осы 25 жобаның ішінде 2015-2016 жылдары 3 инвестициялық жобасы іске қосылып, 328 жұмыс орны ашылыпты. Ірі инвестициялық жобалар бойынша 10 млрд теңге инвестиция игерілген болса, жыл аяғына дейін қосымша 25-30 млрд теңге игеру жоспарланыпты. Ал жүзеге асқан жобалардың қалай жұмыс істеп тұрғанына келсек, бірінші бесжылдық аясында іске қосылған 17 жоба мен екінші бесжылдықта 3 жоба, барлығы 20 жобаның 16 жобасы өнім өндіріп жатқан көрінеді. Сөйтіп, іске қосылған индустриялық жобалар арқылы биыл 15,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп үлгеріпті. Жыл соңына дейін бұл көсреткіш тағы да өзгеретііні сөзсіз. Индустриялық жобалар арқылы құрылған кәсіпорындар бұрын өнімдерін 8 елге экспортқа шығарса, биылдан бастап біздің Қызылорда кәсіпорындарының қнімлерін тұтынатын мемлекеттер саны 11 ге жеткен. Ал, өңірге инвестиция тарту бағытында жүргізілген саясаттың нәтижесінде 2017 жылдың өзінде Қызылордаға 11 мемлекеттен делегация келіп, арнайы меморандум жасасыпты. Міне, осныдай еңбектің нәтижесінде сырттан келген инвестицияның көлемі 20,4 млрд теңгеге жетіпті. Бұл дегеніңіз былтырғы мөлшерден 1 млрд теңгег артық деген сөз. Одан бөлек, аймақта өңдеу өнеркәсібі саласында 78,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нәтиже былтырғымен салыстырғанда 6,2 пайызға артқан. Жалпы, ивестиция көлемі 8 пайызға өскен. Демек, осындай қуатты әлеуеті бар облыстың Сыр бойында жаңа қала салуға қауқарының жетпеуі мүмкін емес. Оның үстіне Сырдың сол жағалауында бой көтеретін жаңа ауданның құырылс жұмыстарына да инвесторлар тартылып жатыр. Болашақта сол аумақтан кәсіп ашуды көздеп, қазірден қарекет ете бастаған азаматтар да көп. Олар да өзінде инвестиция салады. Демек, Сырдарияның жағалауынан бой көтеретін жаңа аудан қызылордалықтардың мақтанышы және олардың ерен еңбектерінің жемісі болып, жұртышықты қуантатын күндер де алыс емес деген сөз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары