Мақалалар

О ТОНКОСТЯХ ОБМЕНА И ВОЗВРАТА ТОВАРА

Как показывает практика, в сфере торговли наиболее актуальными остаются проблемы, связанные с обменом и возвратом некачественного товара. Несмотря на то, что действующий Закон РК «О защите прав потребителей» четко оговаривает права потребителей в различных ситуациях, многие продавцы не спешат обменивать проданный товар или возвращать за него деньги. Сегодня вся информация о правильном обмене товара.

13 апреля, 11:52
Қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!

СӨЗ БАСЫ. Әрбір адам – мейлі ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын, өзінің асқан  сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Мен жазушы да, ақын да, әнші де емеспін. Бірақ, бүгінгі жазылғалы отырған дүние маған үлкен жауапкершілік артады. Мұны мен кітаптан да, ғаламтордан да көшірмедім. Теңіздің жағаға жылы соққан толқынындай жүректен, көңілден шыққан ойлар...

12 апреля, 15:27
Бейбіт күннің батыры

2019 жылғы наурыз айының 21-і күні Атырау облыстық полиция департаменті жол-патрульдік полиция батальонының сержанты Ақымғалиев Шалхар қызмет бабында адам өмірін құтқару барысында қаза болды. Ішкі істер органдары және қалың қазақ жұрты ержүрек, батыр ұлынан қапияда айырылып қалды. Бұл орны толмас қайғы еді.

12 апреля, 15:18
Әже – ұлттың ұйытқысы

Отбасы тәрбиесіндегі әдеп-ғұрып пен салт-дәстүр ата дәстүр түрінде атадан балаға, әкеден немереге беріліп, бүгінгі күнге де жетті. Адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы, сыйластық, жарастық ортасы да отбасы.Қазақ халқы, мейлі ол қыз бала, мейлі ұл бала болсын, олардың бойына 12-13 жастан бастап отбасы тәрбиесін сіңіре бастайды. Мұнда отбасының адам баласы үшін өсіп-өркендейтін алтын ұясы, қуаныш ошағы екендігі қарапайым тілмен әдіптеле түсіндіріледі.Отбасы тәрбиесіндегі әдеп-ғұрып пен салт-дәстүр ата дәстүр түрінде атадан балаға, әкеден немереге беріліп, бүгінгі күнге де жетті. Адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы, сыйластық, жарастық ортасы да отбасы.Қазақ халқы, мейлі ол қыз бала, мейлі ұл бала болсын, олардың бойына 12-13 жастан бастап отбасы тәрбиесін сіңіре бастайды. Мұнда отбасының адам баласы үшін өсіп-өркендейтін алтын ұясы, қуаныш ошағы екендігі қарапайым тілмен әдіптеле түсіндіріледі.Сондай-ақ, отбасын сүю, отбасын қадірлеу, отбасына адал болу сияқты тәрбиелерді бере отырып, баланың ата-анасы алдында бас тартуға болмайтын адамдық және азаматтық міндеттерді ерекше ескертеді.

12 апреля, 15:04
ТІЛ-МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

Біз Қазақстанда тұратын барша өзге ұлт өкілдерінің тіліне, салт-дәстүріне құрметпен қараймыз, солай бола тұра, мемлекеттік тіл – қазақ тілін барша қазақстандықтардың білуі, бұл тілде қарым – қатынас жасауы қажет деп санаймыз.

Жалпы тіл туралы, оны дұрыс қолданбау туралы заңдық тұрғыдан жауапкершілік көзделген.

10 апреля, 10:21
С полной ответственностью

Девятого апреля президент РК  Касым –Жомарт Токаев, в своем обращении к народу назвал дату предстоящих выборов. Дав гарантии, что они пройдут открыто и справедливо. В соответствии с Конституцией страны, он принял решение о проведении внеочередных выборов Президента Республики Казахстан 9 июля 2019 года.

Благодаря Елбасы мы построили успешное, авторитетное  в мире государство. Казахстан занял достойное место в международном сообществе. С нашей страной считаются во всем мире.

10 апреля, 10:13
ҚАРҒЫС АТҚАН ШАҢЫРАҚ (әңгіме)

Әлімнің бұл ауылға әкім болып сайланғанына үш-ақ күн. Сайлауға түсерінде ауыл жағдайын зерттеп-зерделегенмен, халықпен кездесіп, емен-жарқын сөйлесу үшін ауылдың жай-жағдайымен  танысып алғанды жөн көріп хатшысына құжаттарды алдырып қарай бастағаны сол еді жанындағы ақ телефон безілдеп қоя берді.

8 апреля, 12:16
ҰЛАҒАТТЫҢ ҰШАРЫНДАҒЫ ҰСТАЗДАР

Адам Ата мен Хауа Анадан беріректе адамзатты  ойландырып, толғандырып келе жатқан үлкен мәселе – жас ұрпақты білім нәрімен сусындату. Бұл – қиынның қиыны. Себебі, әрбір шәкірт өзінше қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – бөлек бір әлем. Міне, сол әлемді шартарапқа жетелеп, бала болмысын білім сәулесімен нұрландырып,   тәрбиелеудегі ата-ананың сенім артатын адамы - Ұстаз. Содан да, мұғалім мамандығы жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет етеді. Өйткені, мұғалім  біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерін басшылыққа алып білім берсе, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қоян-қолтық қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына жетекшілік етуді міндетіне алған мамандық иесі. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға ғана қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель» десе, Абылайхан атамыз Төле биді, Шәкәрім ақын  ұлы Абайды ұстазым,- деп шексіз құрметтеген. Қызылорда облысы, Арал ауданы, №20-шы Бөген орта мектебі түлектері химия пәнінен дәріс беріп, шәкірттеріне жетік меңгерткен Қапи Сәңкібайұлы мен бастауыш сынып мұғалімі Дариха Үмбетқызын - біздің ұлағатты ұстаздарымыз, - деп  құрмет тұтады.

8 апреля, 12:05
ОЗАТ ТӘЖІРИБЕСІ ОДАҚҚА ТАРАҒАН

Алтын ұя мектебіме – 100 жыл!

 

Соғыс басталған жылы олар «Қызылқайыр» ауылында тұрды. Бұл жер атауы жергілікті кәсіпке байланысты. (Әдетте балық аулауға қолайлы орынды осылай атайды.) Теңіз жағалауында ұзын және қысқа қайыр атанған жерлер осыдан шыққан.

Қызылқайыр кейін атағы шығып, миллионер болған Қарашалаң колхозының балық қабылдау пункттерінің бірі. Мұнда қоныс ауып келген қалмақ, кәріс, орыс ағайындар да көп болды. Бала кезде оларды Шәкең балық аулауға көмектесуге жіберген ғой деп ойлайтын. Тарихи шындықты кейін білді. Әкесі Нөкеш пен анасы Тасбике осы колхозға мүше болып, жұмыс істеді.

Жас та болса әкесінің атқұмарлығы, бұны атқа шабуға үйреткен кездері есінде қалыпты. 1943 жылы жазда Нөкеш пен інісі Нұрадинді майданға алып кетті. Анасы үйелмелі-сүйелмелі төрт баламен қалып еді. Сол жылы күзде қызыләскер Н.Сейсекешовтің ауыр шайқаста қаза тапқаны жөнінде қаралы қағаз келді. Шәкең кейін оны іздестіріп, әкесінің Днепропетровск облысы, Криничанск ауданы, Зоря селосында №35 бауыр­ластар зиратында жерленгені жөнінде хабар алды. 1978 жылы әке зиратына барып, зиярат етіп, туған жерден топырақ апарып салды. Жауынгердің ұлын ондағылар құрметпен күтіп алып шығарып салды. Сол жылы інісі Нұрадин де майданда қаза тауыпты.

Сөйтіп, бар ауыртпалық анасының иығына түсті. Балық қабылдау пунктінің меңгерушісі, нағашысы Сүйеубай бұларға соғыста қаза тапқан жауынгердің отбасы деген құжат дайындап берді. Онжылдықты жаңа бітірген Ақық апасын Бөгендегі сауда мекемесіне дүкенші етіп орналастырды. Кейін Ақық апамыз облысқа белгілі, атақты сауда қызметкері болып, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған еді.

8 апреля, 11:56
Құқық бұзушылықтың алдын алу баршаға ортақ

№5 Жаңатас колледжінде студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру «Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету» мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, орынбасарлары, ата-аналар және студенттер қатысты.

8 апреля, 10:04