Мақалалар

ПРОВЕСТИ НА УРОВНЕ

На этой неделе в районном акимате под председательством заместителя акима района О.Кокей, прошло заседание  штаба по учебной подготовке. Которыеначнутся 25 апреля . В восемь утра прозвучит оповестительный сигнал тревоги, начало тренировочных учений.

24 апреля, 10:16
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ШАПАҒАТЫ МОЛ

Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмдерін бекіту туралы облыс әкімінің өкіміне сәйкес аудан әкімі Қанатбек Мәдібек осы аптаның дүйсенбісі күні Игілік ауылдық округі ауылдық клуб үйінде ауыл шаруашылығы саласының мәселелері бойынша шаруа қожалық басшыларымен және жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Жиынға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл тұрғындары және шаруа қожалық төрағалары қатысты. Басқосуды аудан әкімі ашып, жүргізіп отырды.

24 апреля, 09:57
Жақсылыққа-жақсылық, Жамандыққа-жақсылық

Жас өскелең ұрпақтың рухани дамуын жетілдіріп, оларды ізгілікке жетелеуде «Өзін-өзі тану» пәні маңызды рөл атқарады. «Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты- рухани адамгершілік құндылықтарды негізге алатын, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді адамды тәрбиелеу.

20 апреля, 10:14
Túsindirý jumystaryn júrgizdi

Qazaqstan Respýblıkasy Premer-Mınıstriniń №27 ókimimen Qazaq tili álipbıin latyn grafıkasyna 2025 jylǵa deıin kezeń-kezeńimen kóshirý jónindegi is-sharalar jospary jáne 2018 jyly №160 ókimimen «Rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasyn iske asyrý jóninde 2019 jylǵa arnalǵan is-sharalar jospary bekitilgen. Osy josparda «azamattardyń qazaq tilin latyn grafıkasyna kóshirýdiń negizgi aspektileri týraly habardar bolý deńgeıin bıylǵy jyly 60%-ǵa jetkizý» mejesi belgilendi.

20 апреля, 10:09
Қайырымдылық жасау - ізетті іс

Қай қоғамда болсын мәні де, өзектілігі де жойылып кетпейтін бір құндылық бар екені рас. Ол - қайырымдылық. Адамдардың бір-біріне деген ізгі ниеті, жағдайы бар жандардың өзге мұқтаж жандарға қол ұшын созып жасайтын жақсылығы, тіпті оған қатысы жоқ адамның да көңіліне жылу сыйлайды. Неге десеңіз, ондай жағымды жаңалықтың, игі істің шарапаты болады. "Қуанышты бөліссең көбейеді" дегендей, мұндай әрекет адамдарды қашанда қайырымдылық жасауға итермелеп тұрады. Осындай шарапаты мол істің бірі жуырда қаламызға белгілі кәсіпкер, қалалық мәслихаттың депутаты, "Балқаш Жібек жолы" құрылыс компаниясының басшысы Серік Қасымбековтың тарапынан көрсетілді. 

19 апреля, 10:23
Көрікті түн

Наурызды тойлайтын барлық Шығыс халықтары, оның ішінде қазақ халқы үшін Ұлыстың Ұлы күні өзінше ерекше. Барша жұрт асыға күткен осынау мереке туар күн, яғни наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні күн мен түннің теңелетін сәт деп қабылданып, бұл кезең ерте замандардан ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың теңесуімен астастырылып қабылданған.

18 апреля, 17:52
Қолдау . Сенім. Мүмкіндік.

Еліміздегі барша жастар, өскелең ұрпақ үшін аса маңызды болып табылатын үстіміздегі жылы  жастар саясатын жүзеге асыруда не істеліп жатыр, "Жастар жылы" қандай  міндеттер жүктейді, жүзеге асырылуы тиіс қандай жоспар, атқарылатын іс-шаралар бар? Жалпы, бүгінгі қоғамның белсенді бір мүшесі болып табылатын жас жігіттер мен қыздарды қандай мәселелер толғандырып жүр, олар қандай бір тың шешім қабылдауға дайын?

18 апреля, 17:28
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

(Жаңатас қаласы, 3- шағынаудан, аудандық мәдениет үйі,

 тел: 6-20-25)

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалуына байланысты, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 13 – бабы, 4 - тармағы негізінде Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі құрамы жөнінде хабарлайды:

17 апреля, 12:00
Жастарға сенім артқан Елбасы!

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге  бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ  ұрпақ  үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі болашағы жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер.Сіздер жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды. Елбасының Қазақстан жастарына деген сенімі жоғары екендігін, бүгінгі қыз-жігіттеріміздің интеллектуалдық белсенділігін жоғары бағалайтындығын білеміз.

17 апреля, 11:29
Орындалған арман

12 сәуір - Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні. Тарих қойнауында қалған, осыдан 58 жыл бұрынғы көктемнің керемет күнінде, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырған-ды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагаринның болғаны әрбір жанның жадына мықтап бекігені рас. Аңызға айналған сапары үшін ғарышкер Кеңес Одағы Батыры атағын алып, оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман-тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан кейін ғылыми-техникалық революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевизия, интернет, ауа-райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол ашылған болатын.

17 апреля, 11:21