Мақалалар

Аймақтық басылым тиражы қайтсе көбеймек?

Интернет пен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы газет-журналдардың таралымына тікелей әскер етіпжатқаны жасырын емес. Қазақстан қоғамында тіпті «газеттерді ұстап тұрудың қажеті бар ма?» деген пікірталастардың да шеті қылтия бастаған. Сонымен қатар, басылымдардың интернеттің қысымына төтеп бере алмайтыны да айтылып жүр. Дегенмен, жаһандық трендтерге назар аударар бослақ газет-журналдардың әлі де біраз жыл қызмет жасауы мүмкін екендігін аңғаруға болады. Тек Қазақстан жағдайында бұл мәселеге кешенді түрде қарау керек.

21 мая 2018, 15:22
Журналист және смартфон

Бүгінгі журналистика түбегейлі өзгеріп келеді. Саланың даму тарихында айырықша орын алған жанрлар да, құралдар да азайған. Ақпараттық технологиялардың жаңа буыны журналистердің де жаңа құралдарға тез бейімделіп, өз қызметінде оларды пайдалануын талап ете бастаған жайы бар. Сондықтан, кез келген құрылғыны қызметте қолдана білмек керек.

21 мая 2018, 15:16
Журналистика және қоғамдық ғылымдар

Отандық журналистиканың дамуы қазіргі таңда жанрларға немесе технологияларға ғана қатысты болып тұрған жоқ. Қазақстандық журналистиканың жаңа белестерге көтерілуінде масс-медиа мен ғылымның, соның ішінде қоғамдық ғылымдардың байланысы өзекті болып қала бермек. Ғылымсыз отандық масс-медиаға жаңа серпін беру, оқырман сапасын көтеру мүмкін емес.

21 мая 2018, 15:14
Гуглдің журналистерге қажет 5 функциясы

Ақпараттық технологиялар дамыған сайын кез келген кәсіп иесіне артылар жауапкершілік пен олардың білуі тиіс дүниелерінің қатары да өсіп келе жатыр. Гаджеттер заманында пленкалы фотоаппаратпен жүру, компьютерлер бар кезде жазу машинкасымен жұмыс істеу ақылға қонымсыз екені анық. Демек, интернет пен түрлі гаджеттердің пайдалы тұстарын меңгеру журналистер үшін өте өзекті болып отыр. Замануи технологияның адам еңбегін жеңілдететін функцияларын меңгеру кез келген журналист үшін қажет.

21 мая 2018, 15:13
Жалған ақпарат журналистиканың беделін түсіреді

Қазіргі таңда отандық журналистиканың бетіне салық болып тұрған ең өзекті мәселелердің бірі ақпараттардың түпнұсқалылығына үңілмеуде жатыр. Қазақстан қоғамында тарап жатқан ақпараттарыдң ішінде жалған ақпараттар мен деректердің үлесі азаймауда. Журналистердің фактчекинг, яғни деректерді тексеруі мәселесінде кемшіліктер кездеседі. Сондықтан, бұл бағытта жұмыс қарқынды жүруі қажет.

21 мая 2018, 15:12
Аймақтық журналистиканы дамыту- маңызды бағыт

Журналистика дегеніңіз сыр-сипаты бөлек кәсіп. Әдетте, «төртінші билік», халық пен биліктің арасныдағы көпір ретінде абғаланғанымен, ХХІ ғасырдың талаптарында журналистика ең алдымен ақпарат таратушы сала. «Ақпаратқа кім ие болса, сол әлемді билейді» деп Н.Ротшильд айтқандай ақпараттың маңызы бүгінде ерекше болып тұр. Дегенмен, жаһандық журналистиканың дамуында әр өңірдің өзінідк келбеті, сипаты да кездесіп жатады. Одан Қазақстан да қалыс қалмақ емес.

21 мая 2018, 15:11
Сырдың сол жағалауы...

Қазақ елінің елордасы Астананың өзіндік сыр-сипаты бар. Күллі қазақстандықтар қаланы екіге бөліп қарастырады. Бірі - Есілдің оң жағалау, екіншісі – сол жағалау. Елорданың жарқырап, гүлденуінде осы «сол жағалаудың» рөлі зор. «Сол жағалау» дегеніңіз жаңғыру, жаңару тәрізді мағынаға ие бола бастаған тәрізді. Әрі күллі елге осы идеяны таратып жатқандай көрінеді. Оған Қызылорда облысныда жасалып жатқан жұмыстар куә.

21 мая 2018, 15:09
Жамбылдықтардың жақсы жаңалықтары көп

Еліміздің дамуы мен бәсекелестік қабілетінің артуына аймақтардың қосар үлесі орасан. Өйткені, ұланғайыр қазақ даласының әр аймағы өзіндік келбетімен, даму жолымен, тұрғындардың қажырлы еңбегімен мемлекетімізді дамыта түсуде. Әдетте, жыл аяқталар тұста атқарылған істерге шолу жасап, есеп беретін дағды қалыптасқан. Сол сүрлеу арқылы Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталмаққа бекіндік.

21 мая 2018, 15:08
Ақ Жайықты жайлаған жұрттың табысы мол

Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылы да аяқталып келеді, Әдетте, жыл соңына қарай есеп-қисап жасалып, жеткен жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерге бір шолу жасайтын әдетіміз бар. Әрине, тұтас республика бойынша табыстарымыз аз емес. Бірақ, сол жетістіктердің барлығы өңірлерде жасалып жатқан қажыры еңбек пен жүйелі жұмыстың нәтижесі екендігіне ешкімнің дауы болмаса керек. Демек, аймақтардағы табыстарға да көз жүгірткеннің айыбы жоқ деген сөз. Осы ұстанымға сүйенідк те біз бүгін Батыс Қазақстан облысында атқарылған жұмыстар жайлы сөз етуге бел будық.

21 мая 2018, 15:06
«Жасыл экономика» Елбасының жаңа бастамасы

Өткен жазда жаһан назары Қазақ еліне ауғаны белгілі. Өйткені, елордамыз Астанада үш ай бойы «Экспо-2017» халықаралық көрмесі өткен болатын. Рас, Қазақстанның мәртебесін арттырған көрменің бергені мол болды. Болашақ үшін берері де аз емес. Бірақ, ең бастысы көрменің саяси-экономикалық һәм идеологиялық салмағы бөлек болды. Дегенмен, халықаралық көрменің маңызды тұстарын тағы да еске түсірген артық емес. Себебі, бұл көрмені өткізу туралы бастаманы көтерген де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еді.

21 мая 2018, 15:04