Мақалалар

БАҚ-тың қоғамдық санаға ықпал ету тәсілдері

Негізі масс-медиа қоғамдық санаға айырықша ықпал ететін құрал екендігі анық. Оның ықпалын ХХ ғасырдағы түрлі саяси жүйелер мейілінше жоғары деңгейде пайдаланып бақты. КСРО да бұл үрдістен тыс қалған жоқ. Тіпті, либералды-демократиялық елдерде да БАҚ қоғамдық санаға әсер етіп отырған.

24 мая 2018, 16:45
Масс-медиа және дүниетаным

Масс-медианың жаһандық даму үрдістері Қазақстанды да тыс қалдырмай отырғаны баршаға аян. Бұл үрдістен тыс қалуға болмайтыны да белгілі. Бірақ, желілік журналистика мен жаңа медианың дамуы біздің елде көңілден шығатындай деңгейде емес. Оның үстіне аудиторияның даярлығы, ұлттың танымы деген мәселелер тағы бар.

24 мая 2018, 16:44
Жаңа медия аудиториясын зерттеу

Бүгінде жаңа медиа қаншалықты қарқынды дамып жатқанымен, олардың аудиториясы өздігінен, стихиялы түрде өсіп жатпағанын ескеру керек. Жаһанда жаңа медиа да өз аудиториясын тұрақты ұстап тұру үшін түрлі тәсілдерге барады. Ол үшін алдымен аудиторияны зерттеу керек. Зерттеу нәтижесіне сәйкес әрекет жасалады. Әрине зерттеудің сандық және сапалық әдістері болатыны айдан анық.

24 мая 2018, 16:43
Жаңа медиа журналисінің дағдылары мен инструментарийі

Желілік медианың қарқынды дамуы жаңа медиа журналистеріне қойылатын талаптарды да күшейте түсті. Демек, жаңа медиа журналисті заманауи трендтерді білумен қатар, ақпарат жинаудың қарапайым тәсілдерін де меңгеруі керек. Біз осы тақырыпты кеңінен талдап крмекпін.

24 мая 2018, 16:41
Дәстүрлі және желілік медиа жанрлары

Әлеуметтік желілер мен жаңа медианың дамуы дәстүрлі журналистика жанрларын жоятыны туралы түрлі пікір айтыла бастағалы біраз болды. Көптеген журналистер калссикалық үлгідегі жанрларда да сақтай бермейтіні бар. Коммуникация құралдары мен ақпарат таратудың жаңа тәсілдері пайда болған заманда жанр сақтау пайдасыз деп бағалайтындар бар. Бірақ, дәстүрлі журналистикадағы жанрлар жаңа медиада да бар екенін, алайда атауы ғана өзгергенін ешкім аңғара бермейді.

24 мая 2018, 16:40
Краудсорсинг және тұтынушы контенті

Бүгінгі журналистиканың дамуында түрлі жаңа ұғымдар пайда болды. Бұл ұғымдар тек журналистикаға ғана емес, тұтас қоғамға қатысты болып келеді. Мәселен, краудсорсинг мәселесі. Осыдан оншақты жыл бұрын, 2006 жылы жазушы Джефф Хау мен Wired журналының редакторы Марк Робинсон енгізген бұл термин қазір кең қолданылатын болған. Эрик фон Хиппель бұл ұғымды «тұтынушының есебіне құрылған инновация» деп бағалаған. Сол краудсорсинг журналистка саласына да жетіп отыр

24 мая 2018, 16:37
«Желілік журналистиканың» болашағы

Әдетте масс-медианың келешегіне қатысты сөз қозғалғанда қандай да бір БАҚ түрінің келесісін жоятыны жиі айтылатын. Кезінде теледидар радионы, интернет газеттерді, мобильді құрылғылар компьютерді қатардан шығаратыны туралы айтылған. Шамасы бұл міндетті түрде жеңімпаз бен жеңілген тарап болатын спорттан, спорт журналистикасынан келген түсінік болса керек. Бірақ ақпараттық мамандықтардың, біз «журналистика» деп атайтын кәсіптің болашағы нақты цифларға, матчтағы есептерге байланысты емес.

24 мая 2018, 16:36
Журналистиканың болашағы

Алғаш жеке мамандық ретінде Еуропа мен АҚШ-та мойындала бастаған ХІХ ғасырдың ортасынан бері журналистика көп жағдайда өзін шынайы сипатынан әлдеқайда мәртебелі, әлдеқайда бөлек, жоғары деңгейдегі құбылыс немесе кәсіп ретінде мойындатуға тырысты. Шамасы, бұл қоғамның ақпаратқа деген әлеуметтік сұранысының нәтижесінде қалыптасқан жағдай болса керек. Қазақстанда да журналистика кәсібі әлі күнге беделді, айырықша миссиясы бар мамандық сияқты қабылданып келе жатыр. Бұлай болуының себебі нақтылана қойған жоқ. Бәлкім, би-шешенге құрмет, сөз қадірін бағалау тәрізді қасиеттердің, сонымен қатар халықтың мүддесін журналистика арқылы қорғауға қатысты қалыптасқан стереотиптер бұл кәсіптің беделін өсірген болса керек.

24 мая 2018, 16:34
Интервью түрлері

ХХ ғасырда журналистикадағы түрлі жанрлар өздерінің бастапқы келбеттерін жоғалтып жатыр. Бірақ, сонда да жанрларды сақтау, кей жанжралда оқырман мен тыңдармаған өнім ұсыну өзектілігін толық жойған жоқ. Бәлкім, бірқатар жанрлар синтезделіп, форматын өзгертуі мүмкін. Дегенмен, қалыптасқан жанрлардың кейбіреуіне әлі сұраныс бар, демек, олардың ерекшеліктерін білмек керек. Біз сөз етіп отырған сұхбат, яғни интервью жанры сырт көз үшін қарапайым ғана сұраө-жауаптан тұратын жанр болып көрінуі мүмкін.

24 мая 2018, 16:33
Сараптама жасауға қажет дерек көздері

Қазіргі журналистика үшін ақпарат алу, түрлі дерек көздерін табу қиын шаруа емес. Ашық ақпарат көздері қоғамның қалтарыс-бұлтарыстарында жиі кездеседі. Ресми органдар тарататын деректер де аз емес. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер де ақпарат алатын қайнар көзге айналған. Бірақ, соңғысында фейк ақпараттар көптеп кездесіп жатады. Демек, заманауи журналистер үшін сенімді дерек көздерін табу маңызды болып отыр.

24 мая 2018, 16:30