Мақалалар

Медиафутурология

Соңғы жылдары жаһанда футурологтардың болжамдарына деген сұраныстар артып барады. Өйткені, алдағы 5-10 жылдарда, тіпті бір ғасырда адамзат өмірінде қандай-да өзгерістер болуы мүмкін екендігін осы мамандар болжап отырадындығы белгілі. Алайда, футуролог деген бақсы немесе сәуегей емес, ол-қоғамдағы құбылыстарды жан-жақты сараптап, экономикадағы, технология мен ғылымдағы, мәдениет пен әлеуметтік жағдайлардағы тенденцияларды, құбылыстарды, бұған дейін қол жеткен нәтижелерді сараптай келе жатып, ғылыми болжам жасайтын маман. Демек, футурологтардың болжамдарына тек қана сәуегейлік деп қарауға болмайтындығы белгілі. Оның үстіне масс-медиа мен журналистика саласының болашағына қатысты болжам жасайтын футурологтар пайда болды. Әдетте оларды медиафутурологтар деп атап кеткен.

31 октября 2018, 18:05
Танымдық контент не үшін қажет?

Жақында  Астанда қазақ блогерлері мен журналистері  бас қосып, танымдық және салалық контент  мәселесін  талқылаған болатын. Аталған тақырып мемлекеттік тілде ақпарат тарататын масс-медиа мен  интернет  ресурстардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру,  оқырмандардың талғамын көтеру мақсатын  көздейді.

30 октября 2018, 15:19
Сайт статистикасы: нені көргіңіз келеді?

Бүгінде кез келген  БАҚ-тың  жеке сайты бар десек қателеспейміз. Әрине,  Қазақстанның  алыс аудандарындағы жергілікті басылымдарда мұндай мүмкіндік  болмауы ықтимал. Десек те,  сайты  жоқ бұқаралық ақпарат құралы сирек кездеседі. Ақпараттардың   оқырманға жетуі,  сайттың рейтингі мен статистикасы - сайт редакциясының жұмысының бірден-бір көрсеткіші.

30 октября 2018, 12:17
Фрилансер-журналист болудың ерекшеліктері

Соңғы жылдары Қазақстанда фрилансер болып еңбек ететін, табыс табатын азаматтар саны көбейіп келе жатыр. Ресми түрде олардың көбіне «өзін өзі жұмыспен қамтығандар» ретінде бағалағанымен, фрилансерлер еңбек нарығындағы қарапайым көтерме жұмысшылардан бөлек,өзгеше тәсілмен жұмыс істейтін азаматтар. Бір жағынан фрилансерлікті қосымша табыс ретінде бағаласақ та, олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Қысқаша оларды «еркін қызметкерлер» деуге де болады. Медиа саласында да фрилансерлік соңғы кездері кең тарап келеді.

29 октября 2018, 14:46
Қашықтан сұхбат алуға арналған қосымша құралдар

         Журналистер  үшін   интервью алу мәселесі әрқашан өзекті.  Өйткені,  сапалы да қызықты контентті қалыптастыруда  өзіндік ой-пікірі бар спикерлердің орны бөлек. Дегенмен,  бүгінгідей   оқиғалар тым жылдам өрбитін, ақпарат тасқыны толассыз  заманда   сарапшылар мен  оқырманды қызықтыратын тұлғалардан  сұхбат алу  оңай емес. 

29 октября 2018, 13:13
Ақпарат таратудағы геймификация

Әдетте түрлі жобаларды жүзеге асырғанда сан қилы ойындар ұйымдастырып, ұжымды немесе жобаға қатысушыларды көңілді ұстауға тырысатын тәсіл соңғы жылдары кең тарай бастаған. Семинарлар мен  тренингтерде мұндай тәсіл жиі кездеседі.

26 октября 2018, 16:05
Мультимедиа, кроссмедиа және трансмедиа

Ғылым мен технологияның дамуы бүгінгі масс-медиа саласына да  түбегейлі өзгерістер әкеліп отыр.

24 октября 2018, 11:25
Масс-медиадағы карьера: қандай тәсіл дұрыс?

Әдетте  кез келген саланың маманы өз мансабының өсіп, қызметтік лауазымының  жоғарылауын қалайды.  Масс-медиа қызметкерлері  бұл  қағиданы аттап өте алмақ емес. Себебі,  кәсіби білікті болу, карьераның өсуі әлеуметтік жағдайдың  жақсаруының  кепілі. Демек,  журналистік карьера қай кезде де өзекті болып қала бермек. Олай болса,  масс-медиадағы  карьераның өсуі үшін не істеу керек? Мамандар  қандай пікір білдіреді, соған тоқталайық.

28 сентября 2018, 17:36
Технологиялық платформалар дәстүрлі медианы ығыстыра алмайды

Бертінгі уақытқа дейін  технологиялық платформалар  журналистикаға қатер  төндіруі мүмкін деген  пікір қалыптасқан болатын.  Өйткені,  әлеуметтік желілер  азаматтық қоғамның белсенділігін арттырып,    азаматтардың   ақпарат тарату ісіне қатысуына қолайлы  жағдай туғызған еді.

28 сентября 2018, 14:40
БАҚ рейтингі нақты жағдайды қаншалықты сипаттайды?

Жақында ғана  аяқталған Astana Media Week апталығында  отандық  масс-медианың  рейтингі мәселесі де сөз болған.  Қазақстанда масс-медиа рейтингін анықтайтын бірден-бір мекеме  TNS Central Asia  компаниясының басшысы Татьяна Старцева  біздің елде  баспасөз оқитындар саны 5,  теледидар көретіндер саны 5 пайызға қысқарғанын, интернетке кіретінде саны 14 пайызға артқанын айтты. Бірақ,  бұл масс-меиа рейтингінің көрсеткіші емес. Нарықтағы жалпы жағдай. Ал, рейтинг ше?

28 сентября 2018, 10:56