Оқу-табысқа апарар жол

Өткен аптада Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектепішілік «Ең үздік кітап оқитын сынып» байқауы өткізілді.  Мектепішілік іс – шараға 9-10 сынып оқушылары қатысты. 

Байқауда «Бір кітап-бір сынып» номинациясында байқауға қатысушылар өздерін таныстырса, оқуға арналған «100 кітап»  номинациясында оқыған кітаптарын таныстыру, жарнамалау және «Отбасылық кітап оқу»  номинациясында отбасы мүшесімен оқыған сүйікті кітаптары  бойынша ақын, жазушылардың  шығармаларын насихаттау. Сондай-ақ, «Оқырман ұлт–елдің болашағы» бөлімінде ұнаған шығарманың үзіндісін сахналау. Ал, «Ізден, талаптан, оқырман!» номинациясында кітаппен байланысты ойын дайындады.Байқау барысында мектептің 3 «Ә» сынып оқушылары кітапқа жарнама жасады. Сынып жетекшісі Гауһар Мұқылбекованың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Мектепішілік байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені 10 «Ә» сынып оқушылары жеңіп алса, 1-орынды 10 «А» сынып, 2-орынды 9 «Б» сынып және 3-орынды 9 «Ә» сынып оқушылары иеленді. «100 кітап» номинациясы бойынша, өздерінің сөйлеу  шеберлігін көрсете білген 9 «Ә», 10 «Ә» сынып оқушылары жеңіп алса, «Отбасылық кітап оқу» бөлімінде  ақын, жазушылардың  шығармаларын насихаттап, өлеңдерін жатқа айта  білген 10 «Ә» сынып  оқушысы  Тулеби Нұргүл мен анасы Батырбекова Раушан  Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», 10 «А» сынып оқушысы   Төленов  Қазбек пен анасы  Қуатова Балкүміс Бердібек Соқпақбаевтың   «Балалық шаққа саяхат» шығармасы,  9 «В»  Абдиғаппар Аружан  мен анасы  Құлжанова Қосалқа Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» шығармаларын жатқа айтып, көрермен көзайымына айналды. «Оқырман ұлт –елдің болашағы» номинациясы бойынша, ең үздік сахналық көрініс көрсете   білген 9 «А» және 9 «В», 10 «А» сынып оқушылары жазушылардың шығармаларынан сахналық көрініс көрсетіп, үздік деп танылса, «Ізден, талаптан, оқырман!» номинациясында 10 «А»   сынып  оқушылары  өздерінің алғырлықтарын танытты.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары