Медиафутурология

Соңғы жылдары жаһанда футурологтардың болжамдарына деген сұраныстар артып барады. Өйткені, алдағы 5-10 жылдарда, тіпті бір ғасырда адамзат өмірінде қандай-да өзгерістер болуы мүмкін екендігін осы мамандар болжап отырадындығы белгілі. Алайда, футуролог деген бақсы немесе сәуегей емес, ол-қоғамдағы құбылыстарды жан-жақты сараптап, экономикадағы, технология мен ғылымдағы, мәдениет пен әлеуметтік жағдайлардағы тенденцияларды, құбылыстарды, бұған дейін қол жеткен нәтижелерді сараптай келе жатып, ғылыми болжам жасайтын маман. Демек, футурологтардың болжамдарына тек қана сәуегейлік деп қарауға болмайтындығы белгілі. Оның үстіне масс-медиа мен журналистика саласының болашағына қатысты болжам жасайтын футурологтар пайда болды. Әдетте оларды медиафутурологтар деп атап кеткен.

Жалпы, адамзат өркениетін күтіп тұрған өзгерістер жайлы гугл компаниясының техникалық директоры, белгілі бір технологиялық футуролог Рэймонд Курцвейл жариялаған. Жасанды интеллект саласындағы негізгі зерттеушілердің бірі болжамды тоқсаныншы жылдардан бері жасап келеді. Оның бұл жолы берілген мәлімдемесі 25-45 пайыз аралығында шындыққа жақын деп айтуға болады, ал қалғаны ақиқаттан алыстау сияқты болып келеді. Жаңа технологиялардың ағыны қатты дамып келе жатқандықтан, тіпті алдағы он жылда біздің өмір салтымызға: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі салалрына әсерін тигізіп, өзгеруі ықтимал. Бірақ, алдағы жылдары энергияның жеткілікті болатынына күмәніміз жоқ деп есептейміз. Тек ол кезге қарай біздің инфроқұрылымдар мен логистика осынша энергияны жұмсауға, оны энергия қажет ететін нүктелерге жекізіп бере алатындығына сенім бар.

Басқа да Стюард Брэнд, Томас Фрей тәрізді көптеген футурологтар болжам жасап келе жатыр. Олардың айтқандарының көбісі расқа айнала бастағанын да байқап көруімізге болады. Роботтар, жасанды зейін, кибернетиканың дамуы тәрізді болжамдар шындыққа айналып жатыр, әрі дамыған елдерде футурологтар айтқан болжамдардың жүзеге асуы да жиілеп кетті. Сонымен қатар, ғылым мен технологияның қарқынды дамуы тұтас қоғамның ғана емес, түрлі салалардың да өзгеріске ұшырауына алып келе жатқанын байқап отырмыз. Бұл үрдістен медиа саласы да тыс қала алмай бермейді. Содан да болса керек, медиа саласы мен ақпарат нарығында болуы мүмкін өзгерістерді болжайтын медиафутурологтар пайда болды, әрі олардың болжамдарымен санасуға мәжбүрміз.

         Осыдан біраз жыл бұрын медиа өнеркәсіпте қолданылған технологиялар мен саладағы бірқатар мамандар қазір жоқ екендігін байқалады. Технологиялардың дамуына байланысты редакциялардағы машинисткалар, типографиядағы терімшілер жеке мамандық иесі болудан қалғаны көзге көрініп жатыр. Қазір оларға деген қажеттілік те жоқ, мұндай мамандықтар да жойылған. Сол сияқты фото және кинопленкалар да жойыл келе жатыр. Тіпті, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында телеиндустрияда қолданылған форматтар да жоғалуда. VHS кассетталар, дискеттер, зип-дискілер көзден бұлбұл ұшқан жайы бар. Қазіргі таңда да, күннен күнге CD және DVD форматтағы дисктерге де сұраныс азайып бара жатқанын байқап отырмыз. Соңғы кездері диск салатын арнайы құрылғысы жоқ процессорлар нарыққа ене бастады. Моноблогтар да көбейіп барады. Телеарналардың дәстүрлі сигналдары да өзгеруде, қазір жер серіктері арқылы цифрлы телеарналар енгізіліп жатыр. Радиолардағы толқын диапозондары да ауысқан. Кабель арқылы әр үйге таратылатын радиохабарлар да жоқ. Он жыл бұрын әуеден видео түсірілім жасау үшін тікұшақ қолданылатындығын біз білеміз. Алайда, қазір квадрокоптерлер мен дрондар кең тарап жатыр. Қысқасы, медиа саласына қатысты өзгерістер технологияның дамуымен қатар келе жатқандығы туралы айтуға болады. Сонымен бірге, ғылым мен технологияның алға басуы, жаһандану процестерлері медиа саласына ең үлкен өзгерістерді техникалық тұрғыларда емес, аудиторияға қатысты әкелді. Бұрын аудиторияны масс-медиа еркін билеп-төстеп, түрлі ақпараттар мен бағдарламалар арқылы аудиторияға монополия жасап келіп жатқан еді. Интернет пен мобильді құрылғылардың дамуы дәстүрлі масс-медиадан аудиторияны тартып алуға шақ қалды, әрі аудиторияға таңдау мүмкіндігін  туғызып жатты. Қазір аудитория өзіне қажет ақпараттарды өзі қалаған кез келген ресурстан алуға мүмкіндік туғызғанына көзіміз жетіп тұр. Бұрыңғыдай саны шектеулі медиа ресурстарға телміруден құтылды. Цифрлық девайстар аудиторияны медиахолдингтердің диктатурасынан құтқарды. Яғни масс-медиа саласында күрделі һәм жедел өзгерістер жүріп жатқандығы туралы дәл айтуға болатындығы белгілі. Сондықтан, жақын болашақта болуы мүмкін құбылыстар мен өзгерістерді болжап, оған лайықты даярлық жасау үшін медиафутурологтар қызметіне өзжеттілік туындап отыр. Өйткені, футурологиялық зерттеулерсіз стратегиялық жоспар құру мүмкін емес екендігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, әр сала мен кәсіптің өзіндік ерекшеліктері болатындықтан, салалық футурологтарға сұраныс болашақта арта беретіндігіне күмәнбіз.

Бүгінгі күндері массмедиа тек қана саяси, экономикалық, әлеуметтік процестерге қатысып қана қоймай, адам тұрмысының құрамдас бөлшегіне айналып кеттуге дайын. Теледидарсыз, интернетсіз, мобильді  ұрылғыларсыз отбасын немесе адамды елестету қиындап бара жатыр. Әрі технологиялардың дамуының әсерінен медиа саласы дағдарысқа ұшырау қаупін бастан кешіруде. Сондықтан, медиафутурология жеке ғылымға айналатын түрі бар екендігі болжайға болады. Өйткені, медиафутурологтардың зерттеулерінің нәтижесінде ғана медиа саласындағы өзгерістерге даярлықты қазірден бастап жасай беруге болады. Алайда, әзірге медиа саласының болашағына қатысты болжамда тым қарабайыр, жұтаң болуда. Сондықтан, айтылатын уәж футурологтардың ортақ тұжырымдамаларының контекстінен алынып, тым қарабайыр үлгіде жасалған болжам тәрізді қалып қойып жатыр. «Корректорлар мен аудармашылар, операторлар, тіпті журналистердің де өзі қажет болмай қалатын болып жатыр», осыған байланысты болжам айту ғылыми негізі нашар, трендтер мен тенденциялардың бағытына назар аудармастан, адам болмысы мен ұстанымындағы ерекшеліктері ескерілместен жасала салған қарабайыр ұстаным ғана. Қазіргі медиафутурологтар алдағы он он бес жылда масс медиа саласына қандай өзгерістер енеді, журналистика қалай құбылады, адамды робот толық алмастыра ала ма, жанрларға өзгерістер қалай енуі мүмкін, аудиторияның сұраныстарында қандай құбылыстар кездеседі дегендей бірқатар өзекті мәселелерді назарда ұстаулары керек. Қарапайым ғана болжам жасайтын болсақ, алдағы он он бес жылда шынында да журналистика мамандығының сипаты өзгеруі мүмкін. Масс-медиа нарықтарының кейбір мамандықтары жойылуы ғажап емес екендігі белгілі. Алайда, қазіргі күндері роботтар мен  жасанды зейіндер адамды толық алмастыра қояды деуге сену қиын. Демек, ақпараттар мен жаңалықтар мәселелерінде жасанды зейіндер, роботтар адамдарды толық алмастырғанымен, очерк, эссе, сұхбат тәрізді жанрлар жаңаша сипатта жандануы ықтимал. Қарқынды дамыған технологиялар адамдар қарым-қатынастарындағы жылылықты алмастыра алмайтынын қоғам түсінетін болады. Демек, болашақтың журналистикасы қазіргідей ақпарат тарату міндетін тастап, адами қатынастарды тереңдетуге бағытталған контент әзірлеуге қарай көбірек ойысуы ғажап емес сияқты. Алайда, жалпыға ортақ трендтердің әр халықтардың менталитеті мен салт-санасына байланысты өзгеруі мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Қазақ қоғамдарының өзіндік ерекшеліктері медиа өнімге деген сұраныстардың да өзіндік формасы мен мазмұндарын қалыптастыратын болып жатыр. Бірақ, басқаша атп өтсек, бұдан былай контент дефициті ешқашан болматыны турал айтуға болады. Гаджеттердің өмірге көптеп енуі, цифрландыру процестерінің қоғамның барлық салаларын қамтуы жаңалықтар қызметін түбегейлі ысырып тастауы мүмкін. Сонымен қатар, контенттің молдылығы, тым көп ақпарат ағыны түрлі әлеуметтік топтардың медиа өнімдерді тұтыну ерекшеліктеріне әсер етеді. Қазірдің өзінде түрлі «ақпараттық әлемге» бөлініп алған қоғам қайтадан медиа өнімдерді тұтыну мәселелерінде біріге қоюы екіталай. Қазақстан жағдайында аудиторияның тілдік тұрғыда екіге жарылу мәселесі жойылуы мүмкін, бірақ ақпараттық тұрғыда түрлі топтарға бөлінуі жойылмақ емес. Сонымен бірге, контентті қоғам мүшелерінің жасы мен жынысына, ұстанымдарына ыңғайластырып ұсыну тереңдейтіп түсетін болады. Бірақ, оның өзі ақпараттық жанрда болмайды. Алайда, Қазақстанда медиафутурологтар атымен жоқ екендігін ескерсек, әзірге отандық медиа нарықтарда қалыптастырылған трендтер мен тенденциялар жайлы әзірге болжам жасау қиын екендігін хабарлаймыз. Қазіргі таңда отандық аудитория әлеуметтанулық тұрғыда толық зерттелмегенін ескерсек, медиафутурология жайлы сөз қозғаудың өзі қиын. Тіпті, дамыған елдердің өзінде медиафутурологиялық зерттеулер әлі тереңдей қойған жоқ. Медиаиндустрияларды іштей зерттейтін форсайт-зерттеулердің болмауы футурологиялық болжам жасау деңгейлерін де біз сөз басында айтқанымыздай қарабайыр күйде қалдырып отырылып жатыр. Сонымен қатар, одан бөлек футурологияны түсінетін мамандар даярлау мәселесі тағы бар.

         Медиафутуролог Роберт Терчек кезінде медиа салаларындағы өзгерістердің өте қарқынды жүріп жатқандығын ескеріп отырған. Ол ірі медиахолдингтерге «жасару» жөнінде кеңес беріп жатқан. Аудиторияның жас ерекшеліктерін ескеріп, жастарға қарай көбірек көңіл аудару қажет екендігін алға тартады. Себебі, бүгінгі технократ жас буын өзіне қажетті ақпараттарды қайдан алуды жақсы меңгерді. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары