Көмек қолын созды

Солтүстікқазақстандық полицейлер «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Операция облыс орталығында ғана емес, үш күн бойы облыстың барлық 13 ауданында жүргізілді.

 «Жасөспірім» операциясы аясында Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Бескөл ауылындағы көпбалалы отбасылардың біріне қайырымдылық көмек көрсетті. Ақсариндер отбасында төрт ұл өсіп келеді. Үлкені 13-те болса, көпейлері 3 жаста. Оларды аналары тәрбиелеуде. Оқуларын жақсы оқып, ұмтылыстарын арттыру үшін тәртіп сақшылары оларға азық-түлік, кеңсе тауарларын, киімдер, футбол добы мен самокат әкеліп берді.

-«Жасөспірім» іс-шарасын өткізіп жатырмыз. Оның мақсаты – кәмелетке толмағандармен ғана емес, оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау. Алайда операцияның мақсаты жауапқа тартып қана қоймай, жағдайлары қиындау отбасыларға көмек қолын созу. Сондықтан біз  Сізге көмек көрсетеміз деген шешімге келдік,- деді Ақсариндер отбасына кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлармен бірге келген Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Айдар Оспанов. Күтпеген сыйлыққа риза болған балалардың қуанышында шек болмады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары