Қылмыстың алдын алайық

Ауданымыздағы қылмыстық ахуалдың күрт өсуі өзекті мәселе болып отыр. Өйткені,  2019 жылдың 1-тоқсанында аудандағы тіркелген қылмыстар 80%-ға (50-ден 90-ға) өсіп отыр, оның ішінде,  аса ауыр санаттағы қылмыстар 100 пайызға (0-ден 2-ге),  ауыр қылмыстар 25% пайызға (8-ден 10-ға), орташа ауыр санаттағы қылмыстар 42,4 пайызға (33-тен 47-ге), онша ауыр емес қылмыстар 400-пайызға (4-тен 20-ға), қылмыстық теріс қылықтар 120 пайызға (5-тен 11-ге) өскен.

Оның ішінде ұрлық 29%-ға (31-ден 40-қа), алаяқтық 1000%-ға (0-ден 10-ға), бұзақылық  33%-ға (3-тен 4-ке), есірткіге қарсы қылмыстар 33%-ға (3-тен 4-ке), зорлау 100%-ға (1-ден 2-ге),  қылмыстардың мас адамдармен жасалуы 116,7%-ға (12-ден 26-ға), қоғамдық орындардағы жасалған қылмыстар 13,3%-ға (15-тен 17-ге) өскен.

Аудан ерекшелігіне қарай көп орын алатын қылмыстардың бірі ауырлығы орташа санаттағы қылмыстар, оның ішінде бөтеннің мүлкін жымқыру қылмысы.

Айта кететін мәселе, ағымдағы жылдың 3-айында тіркелген 90-қылмыстың, 40-ұрлық, яғни 45 пайызын құрап отыр және аудан көлемінде тіркелген қылмыстардың 80 пайызға жуығы аудан орталығы Жаңатас қаласында орын алуда.

Жамбыл облыстық прокуратурасымен және аудандық прокуратурамен жалпы құқықбұзушылыққа қатысты және  осы ұрлық қылмыстарының өсуіне жол бермеуге оны төмендетуге бағытталған «Қылмыс пен құқықбұзушылықтың төмендеуі - қауіпсіз қоғамның кепілі», «Қауіпсіз Жаңатас» атты жобалар және ІІМ-нің ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тиісті атқару және өкілетті органдарымен бірге жұмыстар атқарылуда.

Алайда, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде азаматтардың қатысуы туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде ұрлықпен байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге, ашуға, өкілетті органдарға көмектесу мақсатында және  бәрімізге ортақ мәселені шешу мақсатында Сіздерді мына төмендегі мәселелерге көңіл бөлулеріңізді сұраймын.

Мысалы, Жаңатас қаласындағы кәсіпкерлер өз дүкендерін, ал көпқабатты үйлердің тұрғындары үйлердің подъездерге темір есіктер, электронды кодты құлыптармен, домофондармен және бейнебақылау орнату мәселесіне, ал төменгі кабаттардағы пәтер иелері терезелеріне темір торлар орнатуды, немесе үйлер мен пәтерлерді күзетке тапсыруды қолға алып, өз мүліктерін қорғауға шара көрсе.

Ауыл аймақтардағы малдарды ұрылардан сақтау үшін, малдарды қараусыз қалдырмауға, оларды қарайтын малшылар жалдауға және ірі қара мен жылқыларға арнайы  GPS  трекерлер мен чиптер салу мәселесін қолға алса, оң нәтиже берер еді. Сондықтан,  өз мал-мүліктеріңізге сақ болуға шакырамын.

Ал, қоғамды қауіпсіздендіру әрқайсымыздың қолымызда. Ұрылар алыстан келмейді, менің ойымша қала, ауыл тұрғындарына олардың кім екендері белгілі.  Меніңше, қоғамның ықпалымен олардың басқа қылмыстар жасамауына және ауданымыздағы қылмыстық ахуалды жақсартуға қол жеткіземіз деп ойлаймын.

Қазақта әдемі сөз бар «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» демекші барлығымыз бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істесек, шешілмейтін түйін болмайды деп ойлаймын.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасында тәулік бойы 6-15-03 сенім телефоны жұмыс жасайды, кез-келген тұлға өзіне тиісті сұрақтарымен жүгінуге және жұмыс күндері аудан прокурорының қабалдауына келулеріңізге болады.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары