Гуглдің журналистерге қажет 5 функциясы

Ақпараттық технологиялар дамыған сайын кез келген кәсіп иесіне артылар жауапкершілік пен олардың білуі тиіс дүниелерінің қатары да өсіп келе жатыр. Гаджеттер заманында пленкалы фотоаппаратпен жүру, компьютерлер бар кезде жазу машинкасымен жұмыс істеу ақылға қонымсыз екені анық. Демек, интернет пен түрлі гаджеттердің пайдалы тұстарын меңгеру журналистер үшін өте өзекті болып отыр. Замануи технологияның адам еңбегін жеңілдететін функцияларын меңгеру кез келген журналист үшін қажет.

Әдетте журналистер үшін интернет ең сенімді серікке айналғанын бір ауыздан мойындаймыз. Интернет арқыры ақпарат алуға, ақпарат жіберу,е ақпараттық себеп қалыптастыруға, деректерді тексеруге, тіпті фейк жаңалықтар таратуға да болады. Журналист үшін инеттеррің берері тым көп. Онда түрлі қызметтер, арнайы сайттар толып тұр. Дегенмен, ең алдымен көпшілікке танымал іздеу жүйелерінің артықшылықтары мен қосымша функцияларын меңгеріп алған жөн. Мәселен, баршаға танымал Google компаниясы бізге тек іздеу жүйесін ғана ұсынбайды. Атышулы YouTube осы комнапияның өнімі. Google translate пен Gmail поштасы да Google-ге тиеселі. Одан бөлек команияның жарнамаға қатысты қосымшалары, блоггерлікті дамытуға бағытталған тетіктері, фактчекинге қажетті функциялары және өзге де толып жатқан дүниелері бар. Бұл компанияның журналистерге қажет өнімдері ондап саналады. Әдетте журналистердің білімн жетілдіруді көздейтін қоғамдық ұйымдар мен түрлі қорлар Googlе-дің журналистерге көмегі тиетін инструменттерінің санын жиі көрсетеді. Мәселен, журналистік зертету жасайтын масс-медиа қызметкеріне қажет 10 сервис немесе Google-дің журналистерге пайдалы 5 қызметі дегендей көптеген жаңалықтар ұсынады. Біз жаһандағы №1 іздеу жүйесі арқылы танылған компанияның журналистерге қолғабыс жасайтын 5 қызметін сипаттап көрмекпіз.

Негізі Google компаниясы журналистиканың дамуына айырықша үлес қосып келе жатыр. Мәселен, Google News Lab деп аталатын құралдар журналистер үшін таптырмас құралдарға айналған. Google News Lab құралдары жыл сайын жаңғырып отырады. Дегенмен, біз ең басты 5 құралды санап шығуға бекіндік. Өйткені, оларыдң журналистер үшін пайдасы ұшан-теңіз.

Google News Lab әдетте журналистер үшін бірқатар жеңілдіктер ұсынған. Тек оларды білу керек. Ақпаратпен жұмыс істеу, деректерін базасын табу, оларды визуалдандыру, мәтін мен сөздерді синхронды аудару, қажетті тақырыптарды бақылап отыр, сандық жүйеге көшірілген басылымдардың 1970 жылдан 1995 жылға дейінгі архивін ақтару мүмкнідігін береді. Яғни, біз тек іздеу жүйес іретінде ғана қабылдап жүрген Google біз күткеннен әлдеқайда кең ауқымда қызмет ететін болса керек. Енді ең қажетті деген 5 қызметке тоқталайық.

Google компаниясы деректерді іздеу мен визуализация үшін Google Public Data Explorer қызметін ұсынады. Әрине, бұл қызметтің ауқымы тым кең емес. Дегенмен, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуростат агенттігінің деректерін визуализациялауға жарап тұр. Сонымен қатар Ресей статистика агенттігінің деректерін де осы қызмет арқылы атуып, визуализациялауға болады. Бұл қызмет интернет сайттары үшін өте тиімді. Әрі қаржы-экономика, әлеуметтік даму саласын жазуға маманданған журналистер үшін де таптырмайды. Визуализация барысында статситканың ұзын-сонар кестесі ыңғайлы етіліп жасалады да, түрлі салыстырулар жасауға мүмкіндік туады. Яғни, статистикалық деректерді оқуға қолайлы жағдай туғызады.

Тағы бір пайдалы қызмет әдеттегі аударма жүйесі. Соңғы кездері тұтынушылар Google Translate жүйесін қолдана бастағаны жасырын емес. Бұл өз кезегінде өзге тілдегі түрлі ақпараттарды ішінара болса да түсінуге мүмкіндік береді. Google Translate-те қазақ тілі де бар. Бірақ, журналистер үшін жеке компьютердегі браузердегі аудару жүйесі емес Google Translate app қосымшасы пайдалы. Android және IOS жүйелері үшін жасалған аранйы қосымшалар кәдімгі аудармашының қызметін атқарады. Бұл қосмыша 30 дан астам тілде айтылған сөздерд мен сөйлемдерді тани алады. Яғни, журналист шетелдік эксперттермен, мамандармен осы аударма жүйесі арқылы бірден тілдесіп, сөйлесе алады. Сонымен қатар, бұл қосымша жүйесіндегі тілдер арқылы жазбаша мәтіндерді немесе түрлі нысандардағы атауларды оқып, аудара алады. Қосымшада сканер жасау функциясы бар. Сол арқылы түрлі мәтіндерді аударуға мүмкіндік бар. Ең қызығы шетелдерге жолыңыз түссе бұл қосымша нақты уақыт жағдайында өзге тілде жазылған жол белгілерін оқу арқылы сізідң адасып қалмауыңызды қамтамасыз етеді. (танстыратын ивдео мына сілтемеде https://www.youtube.com/watch?v=K5nFWAgSlWI) Сонымен қатар бұл қосымша оффлайн режимде де жұмыс істейді. Бұл журналситер үшін тәуір көмекші болары сөзсіз.

Келесі қосымша фактчекинг үшін таптырмас көмекші. Әсіресе, фотолардың авторы мен жарияланған мерізімін анықтауда көп көмегі тиеді. Браузерден Google іздеу жүйесін ашқан кезде оң жақ бұрышта, жоғарыда «Кескін» деген жазу тұрады. Іздеу жүйесінің тілі ағылшын болса онда images деп тұрады. Соны басу арқылы Google-дің фотоларды іздеу жүйесіне өтуге болады. Сөйтіп, қандай да бірс уретті ең алғашқы болып кім жариялады, кім, қай жерде оны көшіріп басты, оған ұқсас өзге қандай фотолар бар, соның бәрін анқтауға болады. Тіпті, компьютердегі суреттерді де жүктеп, авторын анықтау мүмкіндігі бар. Бұл өз кезегінде фейк ақпараттармен күресуге мол мүмкнідік береді. Сонымен қатар, аторлық құқықтың бұзылмауы мәселесінде де септігін тигізеді.

Google компаниясының журналистерге ұсынған төртінші қызметі жаңалықтар архивіне байланысты. Google News қызметі арқылы 2003 жылдан бергі жаңалықтардың архивін көруге болады. Ол үшін іздеп отырған дүниеніңізге қажетті уақыт диапозонын көрсетсеіңіз жетіп жатыр. Одан бөлек 1970-1995 жылдар аралығындағы газеттердің скан жасалған нсұқалары да бар. https://news.google.com/newspapers сілтемесі арқылы олардытабуға болады. Алайда, ондағы архивте қазақ тіліндегі немесе орыс тіліндегі басылымдардың көшірмелері жоқ. Демек, отандық журналистер сапалы болып, жаңа технологиялардың қыр-сырын меңгерер болса, бұл олқылықты да түзетер. Дегенмен, қазіргі архивтердің өзі журналистер үшін көптеген ақпараттарға жол ашып отыр.

Бесінші сервис Google Alerts деп аталады. Бұл қызмет түрі сізге қызықты тақырыптарға қатысты ақпараттарды жіберіп, ескерту жасап тұрады. Ол үшін кілт сөздер жазып, іздеу параметрлері мен ескерту жиілігін реттейсіз. Сізге қажет сайттар тізімін өзіңіз жасауға да, Google-дің өзіне қалдыруға да болады. Қысқасы, қалай жасасаңыз да Google сізге қызықты деректерді ұсынып отырады. Осылайша журналистердің жұмысын жеңілдетіп жатқан жайы бар.

Әрине, Google-де бұлардан басқа да сансз қызмет түрлері бар. Баршасы журналистерге өз пайдасын тигізіп жатыр. Мәселен, Google Trends интернеттегі іздеу жйүелерінде қалыптаса бастаған тенденцияларды көсретеді. Ол белгілі бір уақыт пен мекнеге қатысты болуы мүмкін. Демек, қандайда бір ақпараттық ағынға қосылуға, ақпараттық трендтерден қалмауға мүкмінідк береді. Ал Google Correlate интернеттегі трендтер мен гнақты өмірдің байланысын көсретуге тырысады. Google Fusion Tables болса карта, диаграмма мен графикалар жасауға мүмкіндік береді. Google Cache сайттың немесе қанадй да бір беттің бұрыңғы нұсқасын табуға мүмкіндік береді.Бірақ, соңғы кездері бұл қызмет жұмыс істемей тұр. Сондықтан, сайтытң ескі нұсқаларын Wayback Machine арқылы іздеуге болады. Онда 430 млрд-тан астам бетсақталып тұрған көрінеді.

Біздің бұл атйқандарымыздан бөлек, масс-медианың сайтын интернет желісінде танымал қылу үшін де Google арнайы қызмет ұсынады. Әрине, ол ақылы. Дегенмен Google-дің Adword қызметі таргетинг жасауға, seo оптимизация жасауға таптырмас құрал. Одан бөлек Yandex direct еген де жүйе бар. Екеуі ұқсас. Ақысы төленсе бұл жүйелер іздеу жүйесіне сіздің сайттарыңыздағы материалдарыдң көптеп ілігуіне септігін тигізеді. Ал Google analytic қызметі сайтқа қатысты дүрлі деректердің барлығын ұсынады. Сатйыңызды кім оқыды, қайдан оқыды, қанша адам оқыды, қанда йқұрылғыдан оқыды, қай елден кірді дегендей сансыз сұрақтарға осы жүйе жауап береді. Демек, қазақстандық журналистер бір ғана Google –дің осындай түрлі артықшылықтары мен мүмкіндіктерін мейілінше меңгерген абзал. Сонда ғана журналистер бәсекеге қабілетті болмақ. Әсіресе, мұнда йқұралдарды пайдалануды аймақтық масс-медиа қызметкерлері жетік меңгергені абзал. Өйткені, аймақтық басылымдар жеогілікті ақпараттарыдң ақйнар көзі. Ол ақпараттар мен жаңалықтар елге жетуі керек. Заманауи тәсілдермен жазылған, өңделген, безендірілген ақпараттар болса тұтынушы да мол болары даусыз. Сондықтан, Google ұсынатын барлық мүмкіндіктерді мейілінше кеңінен пайдаланбақ керек.

Әрине, Google-ден бөлек те сансыз қызметтер бар. Сурет өңдеу, мақала жазудың жаңа үлгілері, подкаст жасаудың тәсілдері, интернетте мақала жазудың ерекшеліктері тәрізді көптеген жаңалық пайда болды. Журналистика жанрлары да өзгеріп келеді. Бұл өзгерістердің барлығына бейім болмайынша отандық журналистиканың дамуы кенже қала бермек. Сондықтан, масс-медиа саласындағы кез келген жаңалықты дер кезінде қабылдау, оларды қолданып отыру өмір талабы болып тұр. Ал біз сөз еткен Google қызметтері бұл бағытта үлкен қолғабыс жасайды. Дегенмен, Google қызметтерінің басым бөлігі интернеттегі масс-медиаға қолайлы екендігін ескеру керек. Басылымдарды дамытуға бұдан бөлек те тәсілдер қолдануға болады. Әсіресе, оқырманның сапалы, сараптамалық мақалалараға қызы,ушылығын арттыру өзекті.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары