Балуандар белдесті

Жайылма ауылындағы Б.Тоғызақбаев атындағы спорт мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» облыстық турниріне  Сарысу ауданының іріктеу турнирі өтті.

Жарыста Жайылма ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ш.Бейсенбайұлы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Жакенов құттықтау сөз сөйлеп, Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары мен бағдарламалық мақалаларына тоқталып, спортшыларға  сәттілік тіледі. Жарысқа Жаңатас қаласы, Түркістан, Саудакент, Жайылма  ауылдарынан 10 түйе балуан спортшыларымыз бақтарын сынады.

Нәтижесінде Саудакент ауылынан Ертуған Төренов І- орынды қанжығасына байлап, «Сарысу барысы» атанды. Жайылма ауылынан Асылхан Оспанов ІІ -орынды иеленді. Ал,  Саудакент ауылынан Әбдіғали Төлеутай  ІІІ–орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар  «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының және аудан әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің  дип-лом, медальдарымен марапатталды.  І-ІІ- орын алған балуандар Тараз қаласында өтетін «Қазақстан барысы» облыстық турниріне жолдама алды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары