Балық аулаушылар есіне

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы міндетін атқарушысының 2015  жылғы 24 шілдедегі «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» №190 бұйрығының 2- қосымшасы, 9- бабының ,28- тармағына сәйкес, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде балық аулауға тыйым салынады:

1. Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында 2019 жылдың 1 наурыздан 1 шілдені қоса алғандағы аралықта.

2. Шу- Талас бассейнінің басқа су айдындарында 2019 жылдың 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салынады.

Бұйрықтың 29-тармағына сәйкес, тыныштық аймағын құру мақсатында Тасөткел су қоймасынан жоғары орналасқан Шу өзенінде, оның құймаларында және Талас өзенінде жыл бойы балық аулауға тыйым салынады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары