Ақ Жайықты жайлаған жұрттың табысы мол

Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылы да аяқталып келеді, Әдетте, жыл соңына қарай есеп-қисап жасалып, жеткен жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерге бір шолу жасайтын әдетіміз бар. Әрине, тұтас республика бойынша табыстарымыз аз емес. Бірақ, сол жетістіктердің барлығы өңірлерде жасалып жатқан қажыры еңбек пен жүйелі жұмыстың нәтижесі екендігіне ешкімнің дауы болмаса керек. Демек, аймақтардағы табыстарға да көз жүгірткеннің айыбы жоқ деген сөз. Осы ұстанымға сүйенідк те біз бүгін Батыс Қазақстан облысында атқарылған жұмыстар жайлы сөз етуге бел будық.

Біраз уақыт бұрын Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметіне Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов келген-ді. Брифингте облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде сөз етіп, аймақта мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы айтып берген. Әрі 2017 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысын да шығарған еді. Облыс әкімінің сөзіне қарағанда Батыс Қазақстан облысы экономикасында дамудың оң динамикасы қалыптасқан көрінеді. Облыста жалпы аймақтың өнім жарты жылда 11 пайызға өсіп, жалпы сомаы 900 млрд теңгеге жетіпті. Сонымен қатар, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі де өскен. Сөйтіп, 1,4 триллион теңге болыпты. Осынау мол табыстың ішінде тау-кен өнеркәсібінің үлесі 10 пайызға өсіп, 1,2 трлн теңге болыпты. Ал өңдеу өнеркәсібінің табысы 3 пайызға артқан. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 114 млрд теңгеге жетіпті.

Өңірдегі табысты салалардың бірі ретінде құрылыс саласын атауға болады. Батыс Қазақстан облысында құрылыс саласының көлемін ақшаға шаққанда 76 млрд теңге болған. Дегенмен, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі сәл азайыпты. Сонда да оның көлемі 245 млрд теңгеге жетіп отыр. Қалай айтсақ та, табыс жаман емес. Әрине, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің сәл төмендеуін бірнеше фактор арқылы түіндіруге болады. Бірінші кезекте, аймақтағы ең үлкен өнеркәсіп орталық болыпс аналатын Қарашығанақта профилактикалық жөндеу жұмыстары басталған. Үш жылда бір рет өткізілетін жөндеу жұмыстары биылға сәйкес келгендіктен негізгі капиталған салынатын инвестиция көлеміне әсер етсе керек. Бірақ, шикізаттық емес секторға құйылған инвестиция 28 пайызға өсіп, 58 миллиард теңге болыпты. Одан бөлек ауыл шаруашылығына, азық-түлік пен сусын өндірісіне салынған инвестиция көлемі өсіпті. Өңірге инвестиция тартуға Астана қаласында өткен EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ықпалы зор болса керек. Оған нақты мысал да баршылық. Мәселен, облыста финляндиялық әріптестермен біріккен үш нысанды іске қосу жоспарланған. Нақтырақ айтқанда фин кәсіпкерлерімен бірлесіп облыста энерготиімді терезелер мен есіктер өндіру, Орал қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін полгонды сенімді басқаруға беру, құрылыс саласында 3D –жобалау қызметін енгізу көзделген. Яғни, Батыс Қазақстан облысы заманауи технологиялар көшінен қалмақ емес.

Айтпақшы, соңғы екі жылда Батыс Қазақстан облысында астық мол шығып жүр. Мал басы да өскен. Нақты деректерді айтсақ төрт түлік саны 10 пайызға артыпты. Демек, өңірде қазақ дастарханының сәні боғлан ас атасы- нан мен ет молынан өндіріліп жатыр деген сөз. Тіпті, экспортқа ет шығарып отырған кәсіпорындар да бар. Шамасы, өткен жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың облысқа жұмыс сапарымен баруы өңір кәсіпкерлерінің белсенділігін арттырғанға ұқсайды. Мәселен, «Батыс Марка Ламб» ЖШС экспортқа ет шығарып отыр. Олар жыл соңына дейін экспортқа 1500 тонна ет шығармақшы екен. Одан бөлек «Кублей» кәсіпорыны жыл аяқталғанға дейін Иран еліне 200 тонна салқындатылған қозы етін сатуға келісіпті. Облыс басшыларының Қытай елімен жасаған келісімдерінің нәтижесінде 30 мың бас мал бордақылайтын кешендер ашуға қол жеткізіліпті. Бұл салада жалпы 8,5 миллиард теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалардың ішінде «Жайық Ет» кәсіпорыны да бар. Бұл кәсіпорын жылына 7 мың тонна ет өндіреді. Дегенмен, бұл кәсіпорынның шынайы қуаты 120 мың тонна ет өндіруге жететін көрінеді. Ондай деңгецге жету де алыс емес сияқты көрінді бізге. Макарон фабрикасы, тері өңдейтін «ПОШ Руно» кәсіпорыны, мал өнімдерін кәдеге жарататын «Кублей»ЖШС тәрізді кәсіпорындар өңір экономикасын алға сүйреп келе жатыр.

Елбасының егістерді суару жүйелерін қайта қалпына келтіруге байланысты тапсырған тапсырмасы да орындалыпты. Нәтижесінде алты кешен іске қосылған. Олар Киров-Шыжын каналы, Әбділман және Серкөл, Деркүл, Ақжайық, Шолақаңқаты және Қалдығайты жүйелері екен. Бұл жүйелердің пайда елге тигелі тұр. Мәселен, бір ғана Киров-Шыжын каланының қайта жаңғыртылуы нәтижесінде келер жылдан бастап Ресейден келетін суға тәуелділік жойылмақ. Әрі 130 мың гектар жайлымды суғаруға мүмкнідік туады. Бұл дегеніңіз жыл сайын 500 миллион теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Тағы бір жаңалық Елбасының «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларына қатысты болып тұр. Елді ұшпаққа ышғаруға бағытталған бағдарламалар өңір экономикасына серпін беруде. Үкіметтің қолдауының нәтижесінде бағдарламаны жүзеге асыру үшін биыл 30 миллиард теңге қарастырылып, 1700 жаңа жұмыс орыны ашылған. Облыстағы елдімекендердің арасын жалғайтын жалпы ұзындығы 500 шақырымды құрайтын автожолдардың құрылысы жүріп жатыр. Жолдар елдімекендер мен қалаларды жалғап қана қоймай, ауыл іштерінде де салынуда. Бірер жылда өңірдегі ауылдарыдң жолдары тақтайдай болып, тұрғындардың жол азабын тартуы азаймақ.

Сонымен қатар, Орал қаласындағы апатты және үш ауысыдағы мектептер мәселесі де шешіліп жатыр. Бұл мақсатта 2400 орындық төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, түрлі қаржы көздері арқылы 24 білім беру нысаны салынуда. Олардың қатарына кіретін 10 балабақша жеке инвестиция тарту арқылы салынып жатыр. Яғни, өңір кәсіпкерлері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де жақсы сезініп отыр деген сөз.

Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыстан 10 көп қабатты, 183 бір қабатты тұрғын үйдің құырылысы жүріп жатыр. Одан бөлек облыс орталығынан 500 шақырым алыста орналасқан аудандарда 250 үй салынуда. Биыл шамамен 300 мың шаршы метр жаңа баспана пайдалануға беріліпті. Бұл дегеніңіз өткен жылғы көрсеткіштен 80 пайызға артық. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция да өсіп, биыл 29,1 миллиард теңгені құрады. Сонымен қатар, облыстағы елдімекендерді табиғи газбен және ауыз сумен қамтамасыз ету жалғасып жатыр. Билы табиғи газға бес аудандағы 35 ауыл қол жеткізеді. Аталған елдімекендерге газбен қамтамасыз етілетін 106 әлеуметтік нысан бар екендігін ескерсек, облыстың 2017 жылғы табысы орасан зор деген сөз. Газдан бөлек, облыстағы 55 елдімекенге орталықтандырылған су жүйесін жеткізу жұмыстары қарынды жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде таза ауыз сумен 186 елдімекен қамтылатын болады. Қысқасы, Батыс Қазақстан облысында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бұқараның көңілінен шығатын деңгейге жетіп отыр. Мұның бәрін облыс әкімі Алтай Көлгінов Астанадағы брифингте айтып берді.

Әдетте, кез келген елдің, өңірдің тұрақты дамуы үшін шағын және орта кәсіпкерлік жақсы жұмыс істеуі тіис. Батыс Қазақстан облысында да шағын және орта кәсіпкерлік тәуір дамып келеді. Қазір өңірдің ішкі аймақтық өнімінің 40 пайызын шағын және орта кәсіпкерлік нысандары беріп отыр. Бұл сектор қазіргі атңда 38 мың субьектінден құралып, ұзын саны 114 мың адамды жұмыспен қамтуда. Тек 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында осы сектор өндірген өнім көлемі 656 миллиард теңгені құраған. Сәйкесінше, шағын кәсіпорындаға салынған инвестиция көлемі 80 пайызға артқан. Ал орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына құйылған инвестиция 30 пайызға өсіпті.

Енді өңір халқының денсаулық сақтау, байланыс пен білім беру мәселесіне қатысты қол жеткізген игіліктеріне тоқталсақ. Облыс әкімінң айтуынша 2017 жылы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып 745 бірлік заманауи медициналық қондырғы сатып алыныпты. Биыл қалалық жедел жәрдем қызметі техникамен толық қамтамасыз етіліп, оларға 86 жедел жәрдем және реанимобиль көлігі берілген екен. Жыл аяғына дейін денсаулық сақтау саласындағы 19 нысынға жасалып жатқан жөндеу жұмыстары аяқталмақ. Ал байланыс саласына келсек, облыста кең жолақты интернетті алыс еауылдарға жеткізу табысты жүзеге асып жатыр. Жоғары жылдамдықтағы байланыс шалғай ауылдардағы әлеуметтік нысандардың жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу мен сапалы контентке қол жеткізуіне мүмкіндік туғызады. Өйткені, Орал қаласындағы емханалар мен ауруханаларда электронды түрде кезекке тұру, пациенттің электронды картасы тәрізді ақпараттық технология саласы арқылы жеткен жаңалықтар енгізілген. Жоғары жылдамдықтағы интерне шалғай ауылдарға жетсек, ол жақтағы тұрғындар да осындай игіліктерді қолдана алатын болады. Кеңжолақты интернеттің артықшылығы да осында.

Интернет демекші, Орал қаласындағы оқушылар Bilim Land онлайн-ресурстар кешенін қолдана бастаған. Жаңа технологияның осынау игілігін облыстағы барлық ауылдардағы оқушылар да пайдалануы тиіс. Сондықтан, интернетті ауылдарға жеткізу өзекті болып тұр. Одан бөлек облыстағы 250 мектепте робототехника кабинеттері жасақталыпты. Бұл өз кезегінде жеткіншектердің заманауи технологияға қызығушылығын артырып, ел дамуына серпін берер мамандардың өсіп шығуына ықпал етері анық. Қысқасы, Батыс Қазақстан облысында ауыз толтырып айтар жетістіктер аз емес. Ал әр өңірдегі игі істер тұтас мемлекеттің табысы саналары да белгілі жайт. Өйткені, мемлекет түрлі аймақтардан, халық отбасылардан құралады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары