Аймақтық журналистиканы дамыту- маңызды бағыт

Журналистика дегеніңіз сыр-сипаты бөлек кәсіп. Әдетте, «төртінші билік», халық пен биліктің арасныдағы көпір ретінде абғаланғанымен, ХХІ ғасырдың талаптарында журналистика ең алдымен ақпарат таратушы сала. «Ақпаратқа кім ие болса, сол әлемді билейді» деп Н.Ротшильд айтқандай ақпараттың маңызы бүгінде ерекше болып тұр. Дегенмен, жаһандық журналистиканың дамуында әр өңірдің өзінідк келбеті, сипаты да кездесіп жатады. Одан Қазақстан да қалыс қалмақ емес.

Еліміздегі көптеген басылымдар мен медиа ресурстардың мемлекетке тиеселі немесе мемелкетке қатысы бар құрылымдардың меншігінде екнедігін анық. Әсіресе, аудандық, облстық басылымдар мемлекеттен қаржыландырылады. Демек, құрылтайшысы да мемлекет деген сөз. Бұл жағдай бір жағынна отандық журналистиканы ңдамуына кері әсер етуі мүмкін. Бірақ, кейде ұлан-ғайыр өлкенің түпкір-түпкіріннен ақпарат алуға, мемлекеттің ақпараттық, идеологиялық саясатын жүйелі жүргізуге септігін тигізеді. Тек сонда да журналист мамандардың кәсіби шебер болғаны маңызды. Ол енді басқа тақырып.

Жалпы, Қазақстанда 2016 жылғы дерек бойныша 2973 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліпті. Олардың 84 пайызы газеттер мен журналдар болса, 8 пайыздан астамы электронды масс-медиа, 7 пайызы ақпараттық агенттіктер екен. Яғни, Қазақстан қоғамы үшін басылымдарыдң рөлі әлі зор деген сөз. Дегенмен, барлық ақпарат құралының 84 пайызын құрап отырған газеттер мен журналдардың басым бөлігі жергілікті басылымдар. Аудандық, облыстық газеттер. Елімізде шамамен барлық ауданда газет бар. Облыстарыдң барлығында да жеке газет ышғады, қалалық басылымдарда аз емес. Яғни, Қазақстанынң ақпараттық кеңістігін қалыптастыруда аймақтық масс-медианың үлесі зор. Демек, аймақтық масс-медиа контентінің сапасын жақсарту, оларды бәсекеге қабіелтті қылу, журналистерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын түзеу маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Рас, аудандық, қалалық, облыстық басылымдарды орталық газеттерге бағындыру немесе жекешелендіру туралы ұсыныстар болған. Бірақ, бұл ұсыныстар жан-жақты зерделенбей, бірден реформаны бастап кету сәтті қажам болмайды. Өйткені, аймақтың басылымдардың өзіндік функциялары бар.

Әлемде puzzle деп аталатын ойн кең тараған. Әдетте, балалар ойнайтын, зияткерлік қабілет пен қырағылық қасиетті дамытатын бұл ойынның шарты бойныша түрлі бөлшектерді жинақтап, картинаны құрастыру. Үлкен картинаның ұсақ бөлшектерге бөлінген қиындыларын дұрыс жинап шығатын ойын бұл. Мұны бұқараның бәрі біледі. Енді осы ойынды аймақтық және республикалық басылымдармен салыстырып көрейік. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде 9 орын алатын алып мемлекет. Бірақ, халқымыздың саны аз. 2 млн 700 мың шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатқан еліміз үшін 18 млн тұрғын мақтанарлық көрсеткіш емес. Сөйте тұра, әр аймақта түрлі оқиғалар болып, жаңалықтар тіркеліп жатады. Кемшіліктер де кездеседі. Міне, елдің түпкір-түпкіріндегі түрлі ақпаратты баршаға ең алдымен жеткізетін аймақтық басылымдар. Аймақтарда атқарылып жатқан әр істің мемлекеттік саясаттың жергілікті жерлерде жүзеге асуының көрінісі екендігін ескерсек, аймақты басылымдар орталықтағы масс-медиа үшін puzzle-дің әрбір бөлшегі рөлін атқарып отыр. Нәтижесінде қандай да бір бастаманың немес ереформаның орталықта қалай басталып, аймақтарда қалай жүзеге асырылып жатқанын көру мүмкнідігі туады. Екіншіден, аймақтық басылымдар жергілікті мәселелерді көтеру арқылы мемлекеттік алыс аумақтарға назар аударуына да ықпал ете алатын функцияға ие. Тек аймақтық масс-медиа бұл бағыттағы қызметін пәрменді ету үшін интернетті кеңінен пайдаланғаны абзал. Осылайша әр өңірдің жетістіктері мен кем-кетігі орталыққа дер кезінде жетіп отырады. Ал газа үлгісінде шығатын басылымдар жергілікті халыққа тарайтыны сөзсіз. Әрине, аймақтық басылымдарды ұстап тұру үшін мемлекеттен қыруар қаржы бөлініп жатқаны жасырын емес. Алайда, бұл қаржы тікелей ақша күйінде қайтпағанымен, қоғмадағы тұрақтылықты сақтауға, мемлекеттік ақпараттық һәм идеологиялық саясатты жүргізуге бағытталғандықтан өзін-өзі ақтады деуге болатын дүние. Орталықта әзірленген түрлі реформалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру барысныда жергілікті жерлердің ерекшеліктері әрқашан ескерілетіні анық. Аймақтық басылымдар осы ерекшеліктерді өз оқырмандарына жеткізу, түсіндіру арқылы қоғамдағы әлеуметтік наразылықтың алдын алуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан, аймақтық басылымдардың рөлін ешқашан төмен санамау қажет. Керісінше оларды дамыта түсу маңызды болып тұр.

Әдетте азаматтық қоғам институттарын, яғни үкіметтік емес ұймыдарды, қоғамдық бірлестіктерді мемлекетке жәрдем жасайтын құрылымдар ретінде бағалайды. Өйткені, үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің нақты тапсырмасы негізінде бірқатар функцияларды орындауы мүмкін. Ол функцияларды орындау үшін мемлекеттің жеке құрылым жасақтап, арнайы мекеме құруы қаржылық тұрғыда өзін-өзі ақтамайды. Кейде қандай да бір мәселенің моралдық астары да болады. Демек, үкіметтік емес ұйымдарға мемлекет осы тұрғыдан сүйеніп отыр. Сол сияқты мемлекет республикалық және аймақтық масс-медианы қаржыландыру арқылы да үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне жүгінгендей жағдайда отыр. Тек мемлекеттің бұл бағыттағы талабын масс-медиа өкілдері дұрыс түсінебй қалатын кездері де болады. Аймақтық басылымдардың маңызының арта түсуі де олардың үкіметтік емес ұйымдар қызметіне ұқсас функцияны жүзеге асыруында болып отыр. Үкіметтік емес ұймыдар нақты істермен, қайырымдылық жасау, қарттарға қамқор болу, азаматтарды бейімдеу, оқыту және тағы да басқа қызметтер атқарса, аймақтық басылымдар мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерлерде орындалу барысын, алыс ауылдар мен елдімекендердің даму деңгейін, бұқараның әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын көрсету арқылы тиісті шаралардың қабылдануына септігін тигізе алады. Егер аймақтық масс-медиа интернет кеңістігінде неғұрлым көп тараса, олардың ықпалы да арта түседі. Мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға, мемлектеті кқызметтегі адам факторын азайтуға өзіндік септігін тигізбек. Әрине, сөз бостандығы, масс-медианың экономикалық тұрғыда өзін-өзі ақтауы тәрізді талаптар тұрғысынан келгенде облыс, қала және аудан әкімдеріне бағынышты күй кешіп жатқан жергілікті басылымдардың бүгінгі жағдайын құптауға болмайды. Бірақ, мемлекеттік идеология тұрғысынан қарастырар болсақ, аймақтық басылымдарыдң жекеменшікке өтуі немесе орталықтан басқарылуы тиімді бола қоймайды. Әсіресе, аудан, қала және облыстық басылымдар жекеменшікке өтуі үшін ақпарат нарығы толық қалыптасуы қажет. Оқырман мен көрермен мәдениеті де ауадай қажет. Өйткені, бірқатар басылымдарға жазылуға мәжбүрлеу тәсілі газет-журнал оқырмандарының оларға қызығушылығын кемітіп жіберді. Демек, оқырман өзі қызығатын деңгейде басылым жасау аймақтық масс-медиа жетекшілері мен журналистерінің өздеріне байланысты болмақ. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысы елімізде жергілікті және жекеменшік басылымдар ең көп ышғатын облыс. ОҚО да бюджеттен қаржыландырылатын облыстық үш газет, қалалық бірнеше газет бар. Оңтсүтік Қазақстан облыстық газеті, Шымкент қаласының «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттері мен аудандарыдң, өзге қалалардың басылымдары бар. Сөйте тұра, облыста «Оңтүстік Рабат», «Рабат» тәрізді жекеменшік басылымдар да бар. Мұндай газет-журнал аймақта көптеп саналады. Көбі табысты жұмыс істеуде. Әсіресе, «Оңтүстік Рабат», «Рабат» тәрізді басылымдардың бұқараның арасныдағы беделі жоғары. Себебі, өңірде газет-журнал шығаратын азаматтар бұқараның көңіл-күйі мен мінезін дөп басып, тани білген. Демек, өзге өңірлерде де жергілікті масс-медианы дамытуда Оңтсүтік Қазақстан облысындағы тәжірибеге үңілгеннің артықтығы болмаса керек. Яғни, басылым шығатын өңір халқының танымын, құндылықтары, мінезін ескере білмек керек. Аймақатғы тарихи, рухани маңызды орындар, танымал тұлғалар, елеулі оқиғалар, жергілікті жердегі әрбір жетістік пен кемшілікті көсрету білу басылымның дамуына өзіндік ықпал етерін анық. Сонда ғана аймықтық басылымдар бәсекеге қабілетті бола алады. Бәлкім, содан кейін ғана жекеменшікке өткізу мәселесін қарастырған жөн. Басылымдар дамымай тұрып, оларды жекеменшікке өткізу дұрыс бола қоймайды. Ондай жағдайда мемлекеттік идеологияның аймақтардағы ең қуатты насихатшыларынан айрылып қалу қаупіміз бар. Ал аймақтақы масс-медианы орталықтан басқарудың тиімсіз тұсы өңірдің ерекшеліктері назардан тыс қала беретін болады. Өңірдегі қызметкерлер масс-медианы дамыту, басылымынң таралымын арттыру мәселесінде белсенді қызмет жасамайды. Өйткені, бәрібір орталықтан бұйрық немесе тапсырма күту, бастамаларды орталықтағыбасшылардың қолдап-қолдамауынан сескену дағдысы пайда болады. Бұл өз кезегінде аймақтық басылымдарыдң дамуына кедергі келтіреді. Әрі оларды басқаруғ алған орталық масс-медиа менеджментінің де жұмысын күрделендіре түспек. Демек, алдағы 15-20 жылда аймақтық басылымдарды мемлекеттік қолдауына сүйене отырып дамытып, кейін инвесторлардың қолына беруге болады. Әзірге ондайбастамаларды жүзеге асыру ертерек болмақ. Ал аймақтық масс-медианы дамытуға көңіл бөлу жалғаса бермегі қажет. Аудандық, қалалық газет-журнал тілшілерін, редакторларын түрлі тренингтер мен семинарларғашақырып, біліктіліктерін арттыруға жәрдемдесу, олар әзірлеген өнімдерді интернет желісі арқылы насихаттау, өщге өңірлердегі әріптестерімен байланыс орнатуларына мүмкіндік беру маңызды қадамдарыдң қатарында болып отыр. Сондықтан, отандық журналистиканың дамуында аймақтық масс-медианы ешқашан естен шығармаған абзал.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары