Аймақтық басылым тиражы қайтсе көбеймек?

Интернет пен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы газет-журналдардың таралымына тікелей әскер етіпжатқаны жасырын емес. Қазақстан қоғамында тіпті «газеттерді ұстап тұрудың қажеті бар ма?» деген пікірталастардың да шеті қылтия бастаған. Сонымен қатар, басылымдардың интернеттің қысымына төтеп бере алмайтыны да айтылып жүр. Дегенмен, жаһандық трендтерге назар аударар бослақ газет-журналдардың әлі де біраз жыл қызмет жасауы мүмкін екендігін аңғаруға болады. Тек Қазақстан жағдайында бұл мәселеге кешенді түрде қарау керек.

Отандық басылымдарыдң ішінде мемлекет қаржысына шығып жатқан, аудандық басылымдар бар. Әдетте, аймақтық басылымдарға азаматтардың әкімдердің, шенеуніктердің бұйырығымен жазғызатыны туралы пікір қалыптасқан. Сөйте тұра аудандық басылымдарға мұқтаждық тағы бар. Өйткені, олар да мемлекеттің ақпараттық саясатын жүргізіп отыр. Тек жергілікті басылымдар аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, тұрғындарға қажетті ақпараттар таратуы керек. Сонымен қатар сапасының жақсы болмағы да өзекті. Сонда ғана аудандық, облыстық басылымдардың тиражын өсіруге алғашқы қадам жасалған болып саналады.

Негізі жергілікті басылымдардың тиражы мәселесі посткеңестік елдердің барлығында дерлік бар. Әсіресе, ол Рсейде жиі байқалды. Дегенмен, ондағы жағдай өзгере бастаған. Жергілікті басылымдарды дамытуға қатысты түрлі тәсілдер қолданыла бастады. Ең алдымен басылымдар оқырманға қызықты контент ұсына білді және бірқарат шығындарын азайтты. Журналистерінің басым бөлігі бет қаттауды үйренді. Бұрыңғыдай терімші ретінде жеке маман ұстаған жоқ. Баспаханалармен де тиімді келісімшарттар жасалды. Мейілінше арзан бағаға басылымдарды абсып шығару жағы қарастырылды. Нәтижесінде басылымдарыдң таралымын көбейтуге бағытталған белгілі бір тәсілдер пайда болды.

Бірінші кезекте басылым таралымын көбейту үшін оқырманның қызығушылыған қарай бет бұрған абзал. Баршаға ұнайтын газет шығару мүмкін емес және барлық тақырыпты қамтитын жағдайда ұтыласыз. Мақсатты аудиторияны анықтап, оларға не керек екенін белгілеу қажет. Оқырмандарыңызды қандай тақырып қызықтыратынын анықтау үшін сауалнама жүргізуге болады. Сауалнаманы ауылдарда, қалаларда, газет сататын дүңгіршектер төңірегінде ұймыдастырған дұрыс. Оқырманға қанадй айдарлар ұнайтынын, олардың нені жақтырмайтынын анқытап алған дұрыс. Осы зерттеу нәтижесінде басылым саясатына бақылау жасайтын құрылтайшыларға ұсыныс айтып, тұрақты авторларды тартуға болады.

Екіншіден, қажет болса басылым дизайнына згеріс жасаңыз. Ірі суреттер, мақалалар арасныда мол кеңістік қалдыру, материал көлемін қысқарту бүгінгі басылымдардың тренді әрі 25 жастан асқан аудиторияға тартымды болады. Дегенмен, қажет кезінде бұрынан келе жатқан тұрақты оқырмандарды ұстап тұру үшін олардың ностальгиясын тудыратын бет қаттау стилдерін де ара-тұра пайдалануға болады. Газеттің бірінші бетінің макетіне ерекше көңіл бөлген дұрыс. Өйткені, басылымның бейнесі бірінші беттен қалыптасады. Бірінші бетке қызықты материалдарыдң анонстарын беріп отыру да тиімді тәсіл.Бірақ, анонс тым көп болмағаны дұрыс.

Үшіншіден, түрлі акциялар арқылы жазылушыларды қызықтыру керек. Мәселен, «үш жүзінші немесе мыңыншы жазылушыға сыйлық бар» дегендей қызықтыру тәсілдерін ұйымдастыруға болады.Сондай-ақ, газетті сатылымға шығаруға ұмтылған дұрыс. Әрі газет сатылатын дүкендердің төңірегіне постерлер іліп қоюға болады.

Төртінші оқырманды басылымынң келесі санын күтуге мәжбүрлеңіз. Жақсы зертету мақалаларын, қызықты тақырыптарды бірнеше нөмірге бөліп басуға болады. Сондай-ақ, оқырмандар арасында түрлі конкурстар ұйымдастырып, басылымға қызығушылықтарын арттыруға болады.

Бесінші басылымды мүмкіндігіне қарай өзге масс-медиада насихаттап отыру керек. Бұл жерде жарнама телеарналар мен радиоларда жасалса құба құп. Тек Қазақстанның көптеген аудандарында аудандық телеарна мен радио жоқ екенін ескерсек, мұндай тәсіл Оңтүстік Қазақстан облысында тиімді болуы мүмкін. Өйткені онда жергілікті телеарналар аз емес. Өзге өңірлерде жарнаманы облыстық басылымдарға беруге болады.

Алтыншы, ара-тұра басылымынң арнайы нөмірін ышғаруға болады. Әрі мұндай сандарды тегін тарату қажет. Басылымның ашылған күніне немесе жазылу науқаны басталған кезде мұнда йшаралар ұйымдастырылса, тиімділігі артады.

Жетінші, типографиялық шығындарды азайтуға ұмтылу қажет. Ол үшін түрлі-түсті беттерді сирек басу керек.Басылымынң форматын өзгертіп, А2 болса, А3 ке көшіруге болады. Таблоидқа көшу де тиімді, бірақ оның шығындары нақты есептелгені дұрыс.

Сегізінші, газетке жазылуды жеңілдете білу қажет. Тек пошта бөлімшелері арқылы емес, интернет арқылы да жазылу мүмкіндігін қарастырған дұрыс.

Тоғызыншы, жергілікті басылымдар тұрғындар үшін маңызды тақырыптарды жиі көтеруі қажет. Аудандық басылым босла аудандағы жаңалықтар, қай көше жөнделеді, қай ауылға су тартылады, кәсіп ашуға қанадй құрылым несие береді, қандай емханаға тіркелуге болады дегендей сансыз тақырыптар бар. Қазақстанда жасалып жатқан реформалардың тиімділігін де айтып отыру керек. Мәселен, Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің қызметі, соның ішінде ондағы үй салуға немесе жөндеуге арналған депозиттері туралы жазылар босла тұрғындарға қызықты болады. Ауданның немесе қаланың ерекшеліктеріне байланысты кәсіп бастау мәселесін де көтеріп отыруға болады. Кәдімгідей жолын түсіндіріп беру қажет. Демек, түрлі құрылымдарды ңбаспасөз қызметтерімен тығыз байланыс орнатқан абзал. Қазақстанда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы тәрізді бірқатар құрылымдар өз қызметтерінің ауылды жерлерге дейін жеткеніне мүдделі. Сондықтан, мұндай мүмкінідктерді қалт жібермеу қажет. Тағы бір мысал айтар болсақ, азаматтарды құжаттандыру мәселесін алуға болады. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы электронды түрде түрлі құжат береді. Егер басылым электронды цирфлы қолданбасы бар адамдарға редакцияда қызмет көрсете алса, оқырманды қызықтыра түседі. Ол үшін редакцияға кардридері бар бір компьютер қою керек. Келген адамдар сол жерден құжаттарын реттеп алатын болса құба-құп. Қажет болса бір-екі қызметкерге азаматтарға көмектесіп отыруд тапсыруға болалы. Нәтижесінде тұрғындар редакцияға жақын болады, ерікті түрде жазылады, басылымды өздерінің мінбері ретінде қабылдайды. Бұл таралымның өсуіне, тіпті жарнама тартуға да ықпал ететін тәсіл.

Жалпы, алғанда жергілікті басылымдарың таралымын көбейтіп, бәсекеге қабілеттілігін арттыру оңай шаруа емес. Аймақтық басылымдарға бөлінетін қаржы көлемі де белгілі. Дегенмен, редакция құрылтайшыға басылымды дамытуға мүдделі екендігін жиі аңғартып отыруы қажет. Жаңа трендермен құрылтайшыны таныстырып, жетістіктерді көсретіп отырған дұрыс. Сонымен бірге құрылтайшыны басылымның бағытын еркін ұстауға көндірген дұрыс. Соның нәтижесінде түрлі реформалар жасауға болады.Бірақ, ең бастысы мақсат қоя білген жөн. Мақсат болғанда да ұзақ мерізімді миссия қою керек. Егер бір жылда басылым таралымын екі есе көтеріміз деген мақсат қойылатын босла, оны қалай орындау керектігін жан-жақты зерделеген дұрыс. Утопиялық мақсаттар нәтиже бермейді. Сондықтан, ең алдымен басылымға бизнес ретінде қараған абзал. Демек, аймақтық басылымдардың таралымын көбейту үшін бизнес жоспар жасалмағы керек. Одан соң сапалы журналистер тарту немесе қызмет жасап жүрген журналистерідң біліктілігін көтеруге ұмтылған дұрыс. Журналистер фото-видео түсіріп, қажет кезінде бет қаттай білетін болғаны, интернетке қатысты түрлі тәсілдерді меңгергені қажет. Сөйтіп, басылымның сайтын ашуға қол жеткізу керек. Сайт арқылы белсенді авторларды да ынталандырып отыруға болады. Газет бетіне шықпай қалған авторлық мақалаларды сайтқа орналастырып, авторды қызықтыра түсу қажет. Атаулы күндер, маңызды оқиғалар кезінде жарияланатын мақалаларды өңірдің ерекшеліктеріне беймідеуге тырысқан дұрыс. Мысалы, Президент жолдауы бола қалған жағдайда оны қолдауға арналған мақалаларды өңірмен, сол ауданмен байланыстыра білген дұрыс. Сонда ғана мемлекеттің жасап жатқан шараларының жергілікті жерлерде де маңызды екендігін оқырман түсінетін болады. Кез келген бастаманың тұрғындарға тікелей байланысты болатынын сезінеді. Газетке де қызыға қарайтын болады.

Тағы бір мәселе жергілікті басылымдардың мазмұнына да ерекше көңіл бөлген дұрыс. Аудиторияның сұранысын ескере отырып, құрылтайшының да талабын орындай білу маңызды. Мәселен, аудан әкімдігінде өткен бір жиын болса, сондағы бір детальдан үлкен мақала шығаруға болады. Егер әкім ауданда 100 жұмыс орны ашылады деген болса, жұмыспен қамту бөлімдері арқылы әлгі 100 жұмыс орнының нақты қай ауылдарда ашыуы мүмкні екендігін егжей-тегжейлі ашып жазған дұрыс. Шағын журналистік зерттеу. Нәтижесінде ауыл тұрғындары өздеріне қатысты жаңалықты көреді де, басылымға қызығады.

Әрине, одан кейін жарнама тартуға ұмытлған дұрыс. Жергілікті кәсіпкерлерді, өндіріс ошақтарын жарнама беруге көндіре білген дұрыс. Ол үшін мықты менеджер-маркетолог ұстаған абзал. Әрине, ауданда, ауылда ондай мамандар тапшы болады. Бірақ, редакция қызметкерінің бірін сондай кәсіпке баулуға болады. YouTube сайтында, интернетте түрлі дәрістер бар, солардан үлгі алғанның артықтығы жоқ. Нәтижесінде жергілікті деңгейдегі менеджер пайда болады. Сөз жоқ, халықтың арасында кең тараған тәсілді де қолдануға болады. Яғни, ақсақалдарды басылымның таралымын арттыру үшін насихат айтуға көндіру мәселесі. Бірақ, ол тым қарабайыр тәсіл.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары