Жүлдемен оралды

Жуырда Ақтөбе  қаласында грек-рим күресінен  1999-2001 жылы туылған жастар арасында УСРО спорт шебері Есенгелді Батыргаринді еске алуға арналған  ашық  республикалық турнир  өтті.

Осы жарысқа Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 300-ден астам спортшылар қатысып, күш сынасты. Осы жарысқа Жаңатас қаласы спорт мектебінің жаттықты-рушысы Р.Ахметовтың шәкірті Нұрбол Әшім қатысып, 2- орынға ие болып, осы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Осы турнирдің күміс жүлдегері Нұрбол Әшім өз алғысын былай жеткізді.

-  Мен жеңісімді 1 желтоқсан- президент күніне арнаймын. Осы жарысқа қолдау көрсеткен аудан әкімдігіне, аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне, жаттықтырушыма өз алғысымды білдіремін,-деді.

Иә, спортшы балуанымызға ауданның абыройын асқақтатып, мемлекетіміздің намысын қорғап, әнұранымызды шырқатып, көк байрағымызды әлем ареналарында желбірете берсін дейміз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары