Жүлдегерлер қатарынан көрінді

Көкшетау  қаласының  «Қайрат»  спорттық  залында  қазақ  күресінен  жастар арасында   облыстық   іріктеу   чемпионаты  өтті. Ұлдар,  қыздар  арасында   өткен   белдесулерге     Аршалы,  Бұланды, Бурабай, Зеренді, Сандықтау  аудандарының   және  Көкшетау   қаласының  командалары   қатысты.  Өңіріміздің  намысын  кезекті  рет  Бірлестік  ауылының  балуандары   қорғап,  бірнешеуі    жүлдегерлер  қатарынан   көрінді.

Күрес  алаңына  48 килограмға  дейінгі  салмақ  дәрежесінде  (кг.д.с.д.) шыққан  Мұғжан  Аружан   екінші  орын- ға  ие  болса, 63 кг.д.с.д. сынға  түскен  Темірке  Сания   дәл  осындай   нәтиже  көрсетті.   Мұғжан Аяжан   (63 кг.д.с.д.)  мен   Жібек  Мақатова  (70  кг.д.с.д.)  жеңіс  тұғырының   үшінші  сатысына  көтерілсе,  Жадыра  Мақатова  (78  кг.д.с.д.)  чемпион  атанды. 

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары