Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді

Жуырда «Тараз-Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республи­касының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін VI Халық спорт ойындарының облыс­тық кезеңі өтті. Тараз қаласы мен аудандардан келген құрама командалар спорттың 12 түрінен сынға түскен жарыста аудан намысын қорғаған команда мүшелері жетістікке қол жеткізді.

Атап айтсақ, ерлер ара­­сында асық атудан Еркебұлан Әбдіров, Дәулет Елеусінов, Тоқтар Қыдырбаев бірінші орын­ды жеңіп алса, әйелдер арасында шекемтастан Дана Галиакпарова, Айнұр Самиғуллаева, Гүлнар Дүйсебаева қарсыластарының барлығын қапы қалдырып, тұғырдың бірінші сатысынан көрінді. Ал, қазақ күресінен Алмаз Қойшыманов бірінші орынға, Омар Керімов, Нұрхан Валиев, Қайсар Әбілда, Жасұлан Умерқұл екінші орынға, Азат Жаманқұлов, Рауан Баеш, Таңнұр Оңғар үшінші орынға ие болды. Жазғы Президенттік көпсайыс жарысында 24-29 жас аралығында Айбар Қилыбаев үшінші орынды, 30-39 жас аралығында Нұржан Қазбеков бірінші орынды, 60 жастан асқандар арасында Шәмшібек Имашев үшінші орынды жеңіп алды. Қол күресінен 100 келіде сынға түскен Жанғали Сазанбеков күміс жүлдеге қол жеткізді. Воркаут жарысында Дарын Қалабаев пен Нұрбол Мырзағараев (суретте сол жақта) алтыннан алқа тақса, Абзал Әбілдашев қола жүлдені қанағат тұтты. Стритбол жарысында құрама команда сапында өнер көрсеткен Ратмир Юнусов, Ахридин Хаимов, Асет Сабыров, Данияр Құрбанов, Диляра Бакытгерей, Жанел Мұсылманқұл, Дарина Кұрбанова мен Дарина Каримова қола жүлдегерлер атанды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары