Жетістіктер көңіл қуантты

Жуырда дзюдодан 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Бөлтірік ауылының Құрметті азаматы, тыл ардагері Әкіман Малдыбаевты еске алуға арналған Талас аудандық ашық турнирі өтті.

Жуырда дзюдодан 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Бөлтірік ауылының Құрметті азаматы, тыл ардагері Әкіман Малдыбаевты еске алуға арналған Талас аудандық ашық турнирі өтті. Дүбірлі додада Аса жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің өрендері жарқын жетістікке қол жеткізіп, үздік нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, 35 келі салмақ дәрежесінде Нұржас Бейсен (жаттықтырушысы Ермахан Қапалбаев) тұғыр биігінің II сатысынан көрінсе, 38 келідегі Дархан Рахматулла (жаттықтырушысы Абзал Әбілдашов) I орынға ие болды. Сонымен қатар 42 келі салмақ дәрежесінде Жасұлан Бибазаров жаттықтыратын Бақдәулет Сейітқадыр қарсылас шақ келтірмей I орынды қанжығасына байласа, осы салмақтағы Ерасыл Мұрат II орынды місе тұтты.
Аса балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері Марат Исақов: «Жас балуандарымыз аға жаттықтырушы Жасұлан Бибазаровпен бірге жуырда өтетін дзюдодан облыстық чемпионатқа дайындалуда. Ұландарымызға бұдан да зор жеңістер тілейміз», – деді өз сөзінде.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары