Жерлестер жеңісі

Қордай ауданында өткен бокстан КСРО спорт шебері Серік Қонақбаевтың жүлдесіне арналған ХІІ халықаралық турнирде Түрксіб спорт мектебінің шәкірттері жасындай жарқырады.

Қордай ауданында өткен бокстан КСРО спорт шебері Серік Қонақбаевтың жүлдесіне арналған ХІІ халықаралық турнирде Түрксіб спорт мектебінің шәкірттері жасындай жарқырады.

Атап айтсақ, 48 салмақ дәрежесінде сынға түскен Дияр Сенбек (жаттықтырушысы Айдос Қалаубек) қарсылас біткенді қапы қалдырып, алтыннан алқа тағынды. Ал, 50 келіде жұдырық түйістірген Нұрмерей Сейітбек (жаттықтырушысы Бақытжан Рахымбеков) қола медальді қоржынға салды.
Күні кеше халықаралық турнирден жүлделі оралған оғландарымызды спорт мектебінің директоры Абдрахман Қыдыралиев қабылдап, жеңісімен құттықтады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары