Жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

Апта аяғында жастар арасында өткен аудан әкімінің кіші футбол лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Конституциясына 23 жыл толуына орай ұйымдастырылған доп додасына ауданға қарасты ауылдық округтерден 14 құрама қатысып, айналмалы жүйеде бақ сынасты.

Бір айға созылған айтулы жарыста ең көп ұпай жинаған Ащыбұлақ ауылының жастар командасы (жетекшісі Мұхит Әшімалиев) топ жарса, «Аса жастары» (жетекшісі Талғат Саурықов) мен Шайдана құрамасы (жетекшісі Азамат Құрбанов) сәйкесінше II және III орындарды иеленді.
Сонымен қатар Қайрат Амиров «Үздік төреші», Болат Сегізбаев «Үздік қақпашы», Қанат Қайырғали «Үздік қорғаушы», Нүркен Абдрахымбай «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша, белсенді жас Қуаныш Есбуллаев кіші футбол лигасын ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін аудан әкімінің дипломымен марапатталды.
Жарыстың жабылу салтанатында аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рахымжанов, оның орынбасары Жандар Тоқсаба жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және аталмыш номинацияларды иеленгендерді тиесілі дипломдармен, бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары