Жастар жарыс жолына шықты

Жуырда Аса ауылдық округі мен аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» бірлесе ұйымдастыруымен жастар арасында воркаут пен гриплингтен жарыс өтті.

Жуырда Аса ауылдық округі мен аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» бірлесе ұйымдастыруымен жастар арасында воркаут пен гриплингтен жарыс өтті. Жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен бәсеке тартысқа толы болды. Жарыс нәтижесі бойынша, воркауттың кермеге, қоссырыққа тартылу түрі бойынша Ардагер Жобаев I орын иеленсе,  Ильяс Қожанов  II орынға тұрақтады. Бейбіт Нұралы III орынды қанағат тұтты. Воркауттың халықтық жим түрі бойынша Еламан Тұрғынбек I жүлдені қанжығасына байласа, Асхат Абдухаликов II,  Ильяс Қожанов III орынды иемденді. Ал греплинг спорты бойынша Нұрбол Мырзағараев бас жүлдені иеленсе, Саят Жеңіс II  орынға қол жеткізді. Нұралы Бейбіт тұғыр биігінің III сатысынан көрінді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары